Науная статья «Жазушы Ғабиден Мұстафиннің Қарағанды романында ұшырасатын кірме сөздер»


Костин Қуандық Хайдарұлы

учитель ГУ «Основная школа №11» при отделе образования Акмолинской области

       Кірме сөздерге басқа тілдерден әр түрлі себептермен, әр түрлі жолдармен  енген сөздер жатады. Қазақ тілінде монғол, араб,  және иран, орыс тілінен енген сөздердің саны мол. Орыс тілінен қазақ тіліне сөз енуі  XVIII  ғасырдан басталады. Орыс тілінен қазақ тіліне енген сөздерде Қазан төңкерісіне дейін енген сөздер, Қазан төңкерісінен кейін енген сөздер деп  екіге бөлуге  болады. Қазан төңкерісінен бұрын орыс лексикасынан ауысқан сөздер айтылуы мен жазылуы жағынан қазақ тілінің айтылу нормасына бағынып, орфографиялық және фонетикалық өзгеріске ұшыраған. Мысалы: болыс – волость, т.б. Ал, Қазан  төңкерісінен кейін енген сөздер мұндай өзгеріске ұшыраған жоқ. Мысалы: совхоз. Трактор,т.б.  [1,10 бет].  Орыс тілінен енген сөздердің осы екі түрі  Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романында анық көрсетілген.

Көркем шығармадағы  кірме сөздердің көрінісі

  1. Орыс тілінендеп енген сөздердің шығармадағы қолданысы
  2. « Қазақ көшіне ұқсамайды: атқа жеккен төрт-бес бричка, легчанка, төбелерін брезентпен жауып шатырлаған, іші  нде он бес-жиырма адам бар» (6,5 бет).

Бричка – көк арба, шанақты, төрт доңғалақты жүк арбасы [2,70 бет].

  1. « Содан бері орыс-ағылшын капиталистері қазақ жерінің байлығын, қазақ халқының арманын осы кілтпен  жауып ұстағандай болса, біз енді осы кілтпен  бәрін ашамыз» (6,6 бет).

Капиталист – капитал иесі, жалдамалы жұмысшыларды қанаушы [2,323 бет].

  1. « Танысып қой, Сергей Петрович Щербаков,- деп зор денелі, бурыл бас кісіге нұсқады, – өзіндей ескі  шахтер, болашақ трест бастығы…» (6,6 бет).

Шахтер  – шахташы, шахта жұмысшысы [3,908 бет].

  1. « Коммунист партиясы, совет үкіметі жіберді бізді» (6,6 бет).

Партия –  1) қандай да бір қоғамдық таптың мүддесін қорғап, күресін басқаратын, өкімет билігіне ұмтылатын саяси ұйым; 2) Іштей жікке, саяси екі  жаққа бөлінген топ, одақ, жік [3,669 бет].

  1. «Механик Козлов, слесарь Лапшин, мына кісі – инженер Орлов…»(6,6 бет).

Механик – механика маманы [2,412 бет].

  1. « Ермек қонақтарды бастап, бос барактардың біріне беттеді» (7 бет).

Барак – ағаштан, қамыстан жасалған уақытша  тұруға арналған үй [2,108 бет].

  1. « – Білем, содан кейін машинамен де шапқың келеді, – деп Сергей Петрович Әкімді арқаға бір қақты да, Сейтқалыға күңк етті:

    –  Ермекке қосып беріңіз. Үйретсін» (6,8 бет).

    Машина – іштен жанатын қозғалтқыш арқылы механикалық қозғалысқа түсетін көліктің  жалпы атауы [2,584 бет].

  1. « Ақбас инженер Орлов шахтадан шыққан соң, оқшауырақ қалған пенснесін сүртіп киіп, кейіндей келді бұлардың қасына» (6,8 бет).

Инженер – 1) техникалық жоғары білімі бар маман; 2) Өз ісінің шебері, жетік маманы [3,356 бет].

  1. «Көмірден май да шығады, темір тасын қорытатын коксі де шығады» (6,9 бет).

Кокс – таскөмірді, шымтезекті қыздыру арқылы алатын қатты отынның түрі [3,398 бет].

  1. « Жәшікті шегелеп болған соң Орлов оған көтертіп, трестке жөнелді» (6,9 бет).

Жәшік – түрлі зат салуға арналған  төрт бұрышты ағаш не картон қорап [3,286 бет].

  1. « Оған көп материал керек емес»6,(9 бет).

Материал – 1)  Құрылысқа қажетті керек-жарақ, зат, бұйымдар; 2)баспасөз бетінде жарияланған мақала, шағын көлемді шығарма; 3)белгілі бір адамға , іске қатысты жиналған факт; 4) мата[3,583 бет].

  1. «Сыртта қираған жыртық вагонетка, жіңішке рельстер көрінеді»(6,10 бет).

Вагонетка – жақын жерге жүк таситын, үсті ашық кішкене вагонарба [3,170 бет].

  1. «Қимылы тіпті ширақ, шаң басқан плащын шеше сала сілкіп жатыр» (6,10 бет).

Плащ –  су өткізбейтін  жеңіл сырт-киім [3,676 бет].

  1. 14. « Ағылшындар тұсында мыс қорытатын Спасск заводы Қарағандыдан 35 километр, Козлов соған барып қайтты» (6,10 бет).

     Завод(зауыт) – ірі, үлкен  өнеркәсіп орны [3,342 бет].

  1. « Біріне-бірі үйретіп, көмектесіп отырса ғана өндіріс кадрлары тез өседі»(6,11 бет).

 Кадр – Халық шаруашылығында  түрлі ұйымдар мен мекемелерде істеуге даярланған қызметкерлер  құрамы   [3,365 бет].

  1. « Қалтасынан блокнотын алып жаза бастады: Телеграмма…»(6,12 бет).

Блокнот – ықшамды, шағын қойын дәптер [3,132 бет] .

  1. « Телеграмманы жазып, треске келіп жөнелтті де, бөгелмей қайта шықты» (6,12 бет).

Телеграмма – телеграф не радио арқылы берілген жедел хабар, сондай-ақ; сол хабар жазылған бланк [3,796 бет].

  1. « Көзі алдымен «Қазақстан Өлкелік Партия Комитеті» деген ірі жазуға түскенде, осы бір жапырақ қағаз шын өмірге бастап бара жатқандай сезілді…»(6,12 бет).

Комитет – жеке бір жұмысты басқару үшін сайланған мемлекеттік немесе партиялық алқалы ұйым [3,399 бет].

  1. « Иесінің аласапыран революция күндерінде қайда кеткенін кім білсін, қазір қазыналық үй болса да қазына қолы тиген жоқ» (6,13 бет).

Революция – дәурені өткен қоғамдық және саяси құрылысты жоюға және жаңа прогрестік қоғам орнатуға әкеліп жеткізетін, қоғам өміріндегі  түбірлі өзгеріс; төңкеріс [3,688 бет].

  1. « Поезд зулай алға, жер зулап артқа барады» (6,13 бет).

Поезд( пойыз) –  бір немесе бірнеше локомотивке тіркелген ивагондар тізбегінен  тұратын теміржол құрамы [3,677 бет].

Және легчанка,трест,коммунист, совет, урядник, колхоз, десятник, пенсне,шахта,километр,рельс,винт,болт,локомобиль,кулак,движок,метр,забой,тачка,секретарь,республика,чемодан,извозчик,фаэтон,станция,пассажир,состав,гармонь,профессура,философия,техник,паровоз,вышка,кочегарка,институт,социализм,метал,миллиард,тонна,металлургия,химия,станок,антрацит,углерод,процент,марка,генератор,газ,президент,керосин,бензин,коммисар,полиция,т.б. 

Шығарманың басында халық арасында бұрыннан қалыптасқан, орыс тілінен енген сөздер пайдаланса, кейін өндіріс, шаруашылық тақырыбында қолданылатын термин сөздер көрініс табады. Бұл: қоғамдық-саяси терминдері,география, физика,химия ғылымдарының салаларында қолданылатын терминдер.

II Араб-парсы тілінен енген сөздердің шығарамадағы қолданысы:

  1. «- Онда кеще шәкірт болғанымыз ба?»(6,22 бет)

Шәкірт – Ұстаның,шебердің жәрдемшісі, оқушысы [5,262 бет].

  1. « Арбасынан түсе сала екеуі көтере алмаған ырдуанды жалғыз көтеріп, шандыған дөңгелекті белдікке қайта киізген соң жөнеле берді»(6,23 бет).

Арба – көлік жегіп, кісі отыратын, не жүк таситын қос немесе төрт доңғалақты құрал [4,27 бет]

  1. «Көмір,темір,алтын,жез,сирек металдар,нефть……не жоқ бұл жерде!»(6,20 бет).

Нефть (небит) – отынға жағатын жіне техника қажетіне пайдаланатын минералды сұйық жанар май,кең қара майы,мұнай [5,217 бет]

  1. « Аузында Алла, басында сәлде,тіпті жоғары қарамайды, көп сөйлеспейді,орта жаста,етженді адам екен»(6,36 бет).

Сәлде – Қожа-молдалардың басына орайтын шалмасы [4,155 бет].

  1. « – Қарындасым, мына кітапты сіз оқисыз ба?»(6,57 бет).

   Кітап(кетаб) – баспадан түптеліп шығарылған әр түрлі тақырыптағы  шығарма текстерінің жинағы  [5,93 бет]

  1. « Сымбатты көркі ғана емес, әрбір қимылы, мінезі де осы уыз қымыздай ләззат берді Мейрамға» (6,57 бет).

Ләззат – тәттілік, сүйкімділік, рахаттылық [4,108 бет]

  1. «Шіркің, кең дүние!» (6,73 бет).

    Дүние – 1) бүкіл әлем, бүкіл жер жүзі; 2)Өмір, тіршілік; 3)Мал, мүлік [4,65 бет].

Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» романы кеңес дәуірінде туып өркендеген Қарағанды көмір өндірісінің тарихын, онда еңбек еткен жаңа  жұмысшылар өмірін негізге алып жазылды. Сондықтан да бұл шығарма қазақ халқының араб, парсы, монғол тілдерінен енген сөздерден құралған лексиконына,орыс тілінен енген өндіріс,техника, ауылшаруашылық тақырыптарына байланысты терминдердің ену процесін анық көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *