Мен таңдаған мамандық


Абайтова Динара  Сайляубаевна

Қостанай  облысы, Рудный қаласы әкімдігінің “№19  орта мектебі” КММ Толық күнді шағын орталық “Ботақан” тобының тәрбиешісі

Өмір деген қызық… Тәрбиеші  болу менің тағдырыма бұйырыпты.  Сонымен қатар  мен осы мамандығыммен бақытты екенмін.

Біреуді сүю, жақсы көру екінің бірінің қолынан келе бермейтіні хақ. Ол тек тәрбиешіге  тиесілі.   Қазіргі ата – аналар жұмысбасты, яғни,  баласын тәрбиелеу тікелей бізге жүктеліп отыр. Әсіресе, тренингте жылы сөздерімді аямаймын.

Ойпырмай! тренинг барысында өзімнің алдымда тұрған шәкірттерімнің  тәп – тәтті  қылықтарын айтсаңызшы! Сірә, өз басыңыздан өткізбесеңіз түсінбессіз де. Жанып тұрған көздер, сеніммен жәудіреген жанарлар, монтиған түрлерін көрсеңіз ғой. Олардың осындай түрлерін көргенде бар жан – тәніммен беріліп кеткенімді сезбей де қалатын сәттер көп – ақ. Оны айтуға тіл жетпес. Менің келбетім тұнып тұрған адалдық пен мейірімділікке толы. Бүлдіршіндер – менің өмірімнің мәні десем артық айтқаным емес. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» – деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады. Тәрбиеші  алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін көкейімде бірнеше  сұрақтар туындайды. Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады? Мектепке алғаш келген  бүлдіршін бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Бүгінгі бүлдіршін  ертеңгі болашақ оқушы  ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа  міндеттерді шешуге  белсенді болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету.

Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.

Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.     Ойын технологиялары. Мақсатты бағыттары: дидактикалық: өренің  кеңеюі, танымдық қызмет, практикалық қызметте қажетті керекті білім және дағдының қалыптасуы. Тәрбиелеушілік: өзбетінділікке, еркіндікке тәрбиелеу, ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа, коммуникативтілікке тәрбиелеу. Дамытушылық: көңіл бөлуді, есте сақтауды, сөз қорын, ойлауды, салыстыру дағдыларын, сәйкестендіруді, аналогияны таьуды, қиялды, шығармашылық зейіндерді, оқу қызметтің мотивациясын дамыту.

Иә, осындай инновациялық әдістерді әр сабағымда кеңінен пайдаланып жүрмін.  Бұл мамандығымды еш нәрсеге айырбастамаймын да. Өйткені мен бағбанмын,  олар менің  сүйкімді гүлдерім… Күтпесең гүл солады.  Ал, сол өмір гүлін қалай солдырамын?  Анасы баласының балалық шағын бірге өткерсе, мен  біреуді оқыту арқылы балалық шағыма қайта  оралып жүрмін. Маған Алланың нұры жауған.  Тәрбиешілік – тәңірдің сыйы, тек  соны шашып алмасам болғаны.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *