ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ


Тагаева Кулаш Ешниязовна

Қостанай облысы, Рудный қаласы әкімдігінің “№19 орта мектебі” КММ   бастауыш сынып мұғалімі

Қоғамның өркендеуіне  байланысты  мемлекетіміздегі білім саласының алдында дайындалып берген білімді, дағдыларды  қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын  жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл міндетті шешу жолында алдыңызда отырған оқушылардың барлығын бірдей деп есептегенмен шығармашылығы жоғары дамыған, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап іздейтін, өз құрдастарынан ерекшеленетін, даму деңгейі жоғары оқушылар кездеседі. Бұл оқушыларды «дарынды» оқушылар деп атап жүрміз.

Дәстүрлі оқытуда дарынды оқушылардың  оқушымен пәнді тереңдетіп оқытумен айналыстық.Тіпті,  дарынды оқушы туралы аз білгендіктен бір жылда екі сыныптың бағдарламасын оқытып, көшірген жағдайлар да кездескені рас. Дарынды оқушымен жұмыс жүргізуді неден бастау қажет? Осы тұрғыда мынадай ерекшеліктерін  саралауды назарда ұстанамын.

  1. Ойлау ерекшелігі:

– шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, тез ілгерілеуі;

– әдеттен тыс қызығушылық, сауалды көп қою, «Неге», «не үшін» деген сұрақтарды көп қойып, жауап іздеудегі үлкен талабы;

  1. Ішкі сезім ерекшелігі:

– интеллектуалдық дамуда ерекше бір ілгерілеу шапшаңдығы

– жан дүниесінің тереңдігі;

  1. Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:

– өз талап – тілектерін орындау, адамгершілік мәселесінде ерте даму;

– жоғары дәрежедегі әділдік сезімі.

  1. Академиялық тұрғыдағы дарындылық аясында :

– шығармашылық жұмыстарда мәселені өз бетімен шеше алады, көбінесе өзі тың нәрсе жасайды.

Түйіндей келе дарынды оқушыларға жағдай жасап – болашақ басшыларды  қалыптастыру үшін  біздің міндетіміз – қолымыздан келетін барлық мүмкіндіктер арқылы олардың   пайдалы ортадан табылуына көмектесу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *