Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту-білім сапасын арттырудың кепілі


Досанова Балжан Жумагуловна
учитель казахского языка школа-гимназия №3, г.Костанай

Оқушылардың функционалдық дағдылары мектеп қабырғасында қалыптасады, өйткені жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай мектепте жасалады.

Бүгінгі күнде жаңа ұрпақ өсіріп, дамытатын, жетілдіретін, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, өзінің пәнін жетік меңгерген, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек. Ал оқушы туралы айтсақ, соңғы уақытта ғылымның назарын аударған мәселелердің бірі – шығармашылық қабілетті, білімді, өзгермелі ортаға сай тез бейімделгіш, рухани бай, саналы, өз бетімен ойлай білуге талпынатын, өзінің көзқарасы, ой- тұжырымы бар жеке тұлға бейнесін қалыптастыру.

Жаңа педагогтардың алдында тұрған мақсат – баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, өзін-өзі тануына көмек көрсететін, оқушылардың мектепте алған білімдерін олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп, мамандық таңдауға, дүниеге тік қарай алатын, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, әлеуметтік өмірге бейімделген тұлға қалыптастыру.

Бұл мақсатқа жету жолында әр мұғалімнің жұмысының жүйесін түсініп, құру қажет. Нақты басшылыққа алынатын сапалар:

– логикалық ойлау;

– белсенділік;

– шығармашылық тұрғыда ойлау;

– шешім қабылдай алу;

– қорытынды жасай алу;

– өз кәсібін дұрыс таңдай алу.

Оқытудың белсенді формаларын, яғни оқушылардың  қазақ тілі  пәніне ынтасын арттырып, сабақты қызықты және мазмұнды өткізетіндей, ойлау қабілеттерін дамытатындай, оқушы ізденісіне жол ашатындай осындай әдіс- тәсілдерді қолдануға болады:

– оқу жұмысының топтық түрлері;

– дамытушы оқытуға арналған ойындар;

– оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолдану: пікірталас сабағы, ойын сабақтары, проблемалық сабақтар, викторина сабағы.

Ең бастапқы кезең мен соңғы нәтижеге дейін оқушылардың бойына қызығушылық пен ынтаны сақтап қалу қажет.

Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы және  алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, канспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Шығармашылыққа жақын  оқушылар сол дәптерге  әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.

Қазақ тілі пәнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін оқушыларды бірінші сабақтан бастап сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерту;  алған білімдерін өмірде, кез-келген жағдайда, әлеуметтік ортада қолдана алуға үйрету; қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихын түсіну және құрметтеге баулу; мемлекеттік тілде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау; әлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану және мәселелердің шешімін таба алуға үйрету.

Қорытындылай келе, функционалдық сауаттылық  оқушыларды  рухани байлыққа, кітап оқуға  баулиды, ұлттық құндылықты бағалай білуге дағдыландырып келешек өмірге дайындайды, өмірде табысты болады. Бәсекелестіктің  озық нышандарының  бірі  сауатты тұлға болып қалыптасады. Болашақ мамандығын  дұрыс  атқаруына да септігін тигізеді.

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде. Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұлт мүмкіндігі. Сондықтан да біздің балаларымыздың сапалы білім алуы  өте маңызды. Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық — әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі қажет. Мұндай жаңа міндеттерді мұғалімнің кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби құзіреттілігінің өсуінсіз ескі психологиямен, ескі әдістермен, ескі біліктілік арттыру жүйесімен шеше алмаймыз. Олай болса қоғам – жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздар қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1.                     ҚР 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. 2010ж.

2.                     Тұрғынбаева. Б. А .Ұстаздық шығармашылық. Алматы. 2007ж

3.                     Білім беру мекемесіндегі мұғалім қызметінің ұйымдастырылу бағыттары. (Әдістемелік нұсқау)  Валиева М.-Алматы: ОПҚБАЙ, 2012ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *