«Жамбыл Жабаев»

Шарипова Жанар Серқазықызы

Қостанай ауданы әкімнің білім  бөлімінің «№2 Затобол орта  мектебі» ММ қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Жалпы мақсаты;   Жамбыл  өмірі мен шығармашылығы  жөнінде білімдерін тереңдету,өлеңдерінің тақырыбын, идеясын меңгерту., шығармашылықпен жұмыс  жасай білуге үйрету

Оқыту нәтижелері;            Жамбыл  өмірі мен шығармашылығы  жөнінде білімдерін тереңдетеді,өлеңдерінің тақырыбын, идеясын меңгереді, шығармашылықпен жұмыс  жасай біледі

Кіріктірілген модульдер   «АКТ»,СТО»,Білім берудегі жаңа тәсілдер»,Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»

Әдіс-тәсілдер;,рольдік ойын,топтық жұмыс,сұрақ-жауап, Диалогтық оқыту

Көрнекіліктер,  қажетті ресурстар           Кеспе қағаздар,флипчарт, маркер,мәтіндер,суреттер,слайдтар

I .Сабақтың барысы

Сәлемдесу;

Тілдерін дамыту;

II. Психологиялық дайындық;Оқушылар ортаға шеңбер жасайды.Бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушылар шеңберге тұрып,бір-біріне жақсы тілектер айтады. «Мен кіммін….» тұжырымдамасы бойынша тренингін өткізу.

1 .Мен – тұлғамын

2. Мен баламын

3. Мен – оқушымын

4. Мен – батырмын

5 . Мен- тапқырмын

6. Мен – ата-анамның сүйікті қызымын

7. Мен – ел қорғаушысымын

8.Мен – іздемпазбын

9. Мен -доспын

10.Мен –  Қазақстан азаматымын

III.Мұғалім; Иә балалар сендер Қазақстан елінің азаматтарысындар

Балалар отырмас бұрын Мына буынға болінген әріптерден сөз құраймыз.

1.А-дам-гер-ші-лік

2.Ме-йі-рім-ді-лік

Балалар сөз құрап болған соң оқытамын ал , енді балалар сендер топқа болінесіңдер

I – топ адамгершілік                                    I I- топ мейірімділік

1 слайд

IV. Ой шақыру  Презентацияда «Таразының» суреті көрсетіледі.

– Бұл не? Ол туралы сөз, сөз тіркесі, сөйлем айтыңыздаршы?

Оқушылардың жауаптары:- Бұл – таразының суреті.

1 – топ  Таразы, таразыла,                                       2-топ ой таразысы, ақыл таразысы.

Ал ендеше бүгінгі сабағымызды таразылап отырамыз соган байланысты топтардан

V.Топ басқарушыларды сайлап аламыз .Топ жетекшілеріне бағалау картасын береміз.

I – топ басқарушысы Елизавета                         I I- топ басқарушы Мадина

VI .Үй жұмысын сұрап-бағалау: Үйге қосымша  Жамбыл Жабаев туралы мәлімет әкелу керек еді сондықтан сұрақ- жауап алдарыңдағы «Сыр сандықтан» сұрақтарды алып жауап берулерің керек.  «Сыр сандық» әдісі бойынша түрлі-түсті қағаздарда сұрақтар беріледі. Оқушылар «Сыр сандық» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

1 топ

1.Жамбыл Жабаев кім?

2.Жамбыл кімнен бата алды?

3.Жамбыл Жабаев Кай ғасырдың акыны?

2- топ  1.Жамбылдың өлеңдерін атаңыз .

2.Жамбыл Жабаев Қай жерде дүниеге келген?

3.Жамбыл жабаев неше жасында ақын болуға бел байлады?

-Балалар мен кім туралы оқыдым? Жамбыл Жабаев туралы

2- слайд Жамбыл Жабаевтың суретін корсетіп оқушыларды сөйлету.

Ал енді балалар дәптерлерімді ашып бүгінгі күннің тақырыбын жазамыз.

VIІ. Жаңа сабақ  1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру

Жабаев Жамбыл (1846 – 1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.

Жамбыл – әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Болашақ ақын 1846 жылы ақпан айында қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл ауданының бөктерінде дүниеге келген. Әкесі мықты жауынгер адам болса, анасы Ұлдан мінезі байсалды , ауылға сыйлы, өлең шығара білетін , әдемі дауысты әнші екен.Жамбыл кішкентай кезінен өте алғыр бала болып өседі.Жамбыл 13 жасынан өлеңдер жаза бастайды. Сүйінбаймен кездесуі Жамбылдың ақындық бағын ашады.Жамбыл ақындық айтысқа 17-18 жасында араласып, «Көрұғылы», «Өтеген» сияқты дастандарын шығара бастайды.

Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді.

Жамбылдың алғашқы өлеңдері «Шағым», «Әкеме».

2 .Кітаппен жұмыс. Оқушыларға оқытып отырып талдау мазмұнын айту

VIІІ. Операциялық орындаушылық кезең  Постер- Жоба

1.Жамбыл  әлеміне саяхат  Жамбыл туралы туралы видео  тыңдату.  Екі топқа тапсырма берілді

7 минут

1 топ

Жамбыл Жабаевтың өмір баянын
2- топ

Жамбыл Жабаевтың өлеңдері
1.      Кластер (қорғау)   5 ұпай

2.      1 оқушы Жамбыл атамыздың туған жері жайлы айту 5 ұпай

3.      Жамбыл неше жасында ақын дық жолға түсті. 5 ұпай

4.      Жамбылдың ұстазы кім? 5 ұпай

Топ басқарушылары оқушыларды бағалап отырады.
1.      Кластер (қорғау)    5 ұпай

2.      Жамбыл атамыздың алғашқы өлеңдері туралы айтып беру. 5 ұпай

3.      Оның жырлаған тақырыбы не? 5 ұпай

4.      Жамбыл Жабаев Ұлы Отан соғысына арналған қандай өлең аудармасы радио арқылы салдаттарға  естіртілді. 5 ұпай

Топ басқарушылары оқушыларды бағалап отырады.

IX.  Ал енді балалар Жобаларынды қорғадыңдар , енді екі топ бір-біріне сұрақтар қояды. Жамбыл Жабаевтың өмірі туралы шолу жасап өттік енді балалар әр топ бір – біріне сұрақтар кояды.

1-      топ
2-      топ
1.Жамбыл қай ғасырдың акыны?

2.Жамбылдың ақындық жолына қандай ақынның көмегі болды?

3.Жамбыл кім?
1.Ақын өз өлеңдерінде нені жырлаған?

2.Жамбыл Жабаев 35 жасында қандай айтыскенр акынмен айтысады?

3.Жамбыл жабаевтың кесенесі қай жерде орналасқан?

Мұғалім; Сонымен балалар Жамбыл атамыз  19 ғасырдың әйгілі ақын жырауларының бірі ,жыршылық өнердің де асқан шебері .

10.Ал балалар дәптерлеріңмен  жеке жұмыс жасаймыз. Жамбыл Жабаевтың өмір жолы,шығармашылығы туралы хронологиялық кесте толтырамыз.


Жылдар,сандар
Оқиғалар
Шығармалар
1
13-14 жасында
Ақындық жолға түседі

2
1846 жылы
Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының бөктерінде

3
17-18 жасында

«Көруғылы», «Өтеген»
4
1945 жылы
Ұлы жыршы ақын дүниеден өтті.

5
XIX ғасыр
Ұлы ақыны
1.Жамбыл Жабаев оқи отыра бүгінгі сабақта қандай тәлім – тәрбие алдындар? Кластерді толтыру
Адамгершілікке       шыдамдылыққа

зеректілікке                                                       төзімділікке

Тәлім – тәрбие

Шындыққа             ақылдылыққа

Жинақтау: Оқушыла «Жыр алыбы -Жамбыл» тақырыбында бүгінгі сабақта алған білім туралы  өз ойларын түйіндеп, шағын эссе жазады.

Бағалау Мұғалім сабақ кезеңдері бойынша топ басшыларына  критериалды бағалауды ұсынады. Әр топтың ұпай санын санап, жеңіске жеткен топты анықтау.  Топ жетекшілері сайысқа қатысқан топ мүшелеріне тиісті бағаларын қояды

Рефлексия: Конвертке «Ой толғау» стратегиясы арқылы  оқушылар өз ойларын жазып салады.

         не ұққанын,

         өзіне ұнаған жерлерін,

         несімен ұнағанын,

         қандай қорытындыға келгенін,

         өз ойларын,

         нені әлі де білгісі келетінін жазады.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар !Үй жұмысын сұрап-бағалау:

Үй жұмысын сұрап-бағалау:

«Сыр сандық» әдісі бойынша түрлі-түсті қағаздарда сұрақтар беріледі

1.Жамбыл Жабаев қайда және қашан өмірге келді?

2.Жамбыл кімнен қашан бата алды? Үзінді айтып беріңіз.

3. Ақын, айтыс ақыны, жырау, жыршы дегенді қалай түсінесіздер?

Жамбыл осылардың қайсысына жатады?

4.Жамбылдың өлеңдерін атаңыз . Ақынның өлеңдері жас ұрпақты неге үндейді?

5. «Кәдірбайдың төбеті» өлеңіндегі байдың қылығын қалай түсінуге болады?

6.Жамбылға мемлекеттік сыйлық қай жылы берілді?

7.Жамбыл айтысқан ақындарын атаңыз?

8.Жамбылдың шоқтығы биік айтысы? Үзінді айтып кетсеңіз

9.М.Әуезов Жамбылды қалай суретте

Leave a Reply

Your email address will not be published.