ЭКСПО-2017


Оспанова Гулнар Турсынбаевна

Алматы сервистік қызмет көрсету колледжінің оқытушысы

Мақсаты: Оқушыларға ЭКСПО -2017  мақсаты мен еліміз үшін қандай маңызды екенін түсіндіре отырып, өз Отанынына деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін арттыру. ЭКСПО-ның тек инновациялық технология алаңы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мәдениеттер мен пікір сайыстың орны бола алатындығын түсіндіру.

/Алдын ала оқушыларға тапсырма беріледі/

ЭКСПО тарихына Слайд дайындау.

Жоспар:

  1. ЭКСПО тарихына тоқталу.
  2. Қазақстан бұл көрмеден не ұтады?
  3. Оқытушы: ЭКСПО дегеніміз не?

1-Оқушы: ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады.

 Оқытушы: Балалар сендер автокөлік, қойылтылған сүт, телефон, протездер, компьютерлер, IMAX және басқа көптеген тауарлардың алғашқы рет дәл сол ЭКСПО-да көрсетілгенін білесіңдер ме?

Оқушылар жауабы.

Оқытушы: Ал, балалар ЭКСПО ең алғаш қай елде өткенін білеміз бе?

2- Оқушы: ЭСКПО-ны II Елизаветаның бабасы ойлап тапқан. Алғашқы Бүкіләлемдік көрме 162 жыл бұрын Лондонда, 1851 жылдың 1 мамырында ашылған және Гайд-саябағында орналасқан. Аталмыш алғашқы көрмеде бу қозғалтқыштары, стерео-фотосуреттер, американдық Чарльз Гудиер ойлап тапқан ысытылған резеңке, қойылтылған сүт, консервіленген азық-түлік, мүгедектерге арналған протездер, шыны көздер, стоматологиялық креслолар, «веналық» деп аталатын орындықтар және басқа да заттар қойылған.

Наполеон да ЭКСПО-ны қалаған. Көрменің әлемді дүр сілкіндіргендігі соншалық, Францияныі императоры III Наполеон өз үйінде осыған ұқсас бірдеңе ұйымдастыруды ұйғарыпты. Ол өзінің шарасын былай атаған екен: Ауыл шаруашылық, өнеркәсіп және өнер көрмесі. Ол 1855 жылы Париж қаласында, 15 мамыр мен 15 қараша аралығында өтіп, оған 5 млн аса адам келген. Дәл сол Парижде адамдар алғаш рет көгалшапқыш, кір жуу машинасы, сөйлейтін қуыршақ, алты атқыш (револьвер) және мұнаймен қозғалатын алғашқы көлік құралдарының бірі – автокөлік сияқты «инновациялық» өнертабыстарды тамашалаған болатын.

1874 жылы ЭКСПО көрмелеріне ақыры Америка қосылды (Филадельфия қаласы). Алғашқы рет көрме бір ғимаратта емес, бірнеше павильондарда өтті.

Дәл сол Филадельфияда алғашқы рет Александр Грэм Беллдің телефоны, Томас Альва Эдисонның телеграфы, Ремингтонның жазу машинасы және «Хайнц» қызынақ кетчупы көрермендер назарына ұсынылды!

Келесі көрме американ жерінде – алғашқы адамның ғарышқа ұшқанына бір жыл болған шақта, 1962 жылы Сиэтл қаласында өтті. ЭКСПО-ның басты мақсаты – КСРО ғарыштық бағдарламасының жетістіктерінен есеңгіреуді төмендетуге көмектесу еді. Көрме Келушілерді үлкен қабырға теледидары, электрондық кітапхана, су элект бөгеті және қазір бізге үйреншікті болып қалған көптеген жетістіктер таң қалдырды.

ЭКСПО-67 Монреальда (Канадада) өтті. Сол көрмеде алғашқы рет адамның әлеуметтік жауапкершілігі мен экологиялық сана сұрақтары талқыланды. Дәл сол Монреальда алғашқы рет қазіргі кезде біздің кинотеатрларымызда кең таралған IMAX жүйесі көрсетілді. Монреальдағы көрме ең сәтті өткен көрмелердің бірі болып есептеледі.

Келесі ЭКСПО көрмесі Жапонияда, Осака қаласында өтті. Сол жерде ғалымдар 500 000 есе күшейтілетін электрондық микроскобын және 500 км/сағ. дейінгі жылдамдықпен жүре алатын электромагниттік таянышы бар пойыздардың үлгілерін, толық масштабы ядролық реакторлық макетін, АҚШ пен КСРО-ның сансыз ғарыш кемелері мен алып роботтардың макеттерін ұсынды. Дәл сол жерде электроникадағы Жапонияның инновациялық болашағы түсінікті болды.

2010 жылы Қытайда өткен ЭКСПО көрмесіне Қазақстан да қатысты.

ЭСКПО он жыл сайын өсіп отырды, қазір бұл XIX ғасырдың ортасында Альберт ханзада өткізген ғылыми жетістіктерінің көрмесінен әлдеқайда алыс. Егер 162 жыл бұрын адамдарды жаңа машиналар мен пойыздар қызықтырған болса, қазір енді жылытуына аз энергия шығыны кететін үй салу қызығырақ. Әлемнің барлық өнертапқыштары мен ғалымдары өздерінің «жасыл» технологиялардағы жетістіктерін көрсететін дәл осындай көрме биыл Қазақстанда өтіп жатыр. Оның тақырыбы – «Болашақ энергиясы».

/ЭКСПО – 2017 Ашылу салтанатынан видео ролик көрсету./

Оқытушы: ЭКСПО-ны көруге Астанаға барғандарың бар ма немесе ЭКСПО барысы жайлы қандай мәлімет білесіңдер?

Оқушылардың жауабы тыңдалады.

Оқытушы: Балалар, біздің ел ЭКСПО көрмесін өткізуде не ұтады?/ Балалардың жауаптары тыңдалады/.

Бұл көрменің бізге қандай әлеуметтік тұрғыда, экономикалық тұрғыдан пайдасы бар екен? Біртіндеп, жауабын қарастырайық.
3-Оқушы: Біріншіден, еліміздегі техника саласының дамуы. Қазақстанда балама энергия көздерін пайдаланатын аймақтар бар. Мысалы, Алматы қаласының маңында жер асты ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын алуға болады және Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер. Ендеше, болашақта энергиядан тапшылық көрмеу үшін «Болашақ энергиясы» атты көрменің бізге берері мол.

Екіншіден, бұл шараны өткізгенде бізге ақшалай көмек түседі. Оны қуаттау үшін, өзге елдердің көрмеден алған пайдасын санап көрелік. 2000 жылы Шанхайда өткен көрмеден түскен пайда 12 млрд $ болса, Ганноверде өткен көрменің пайдасы 350 млн еуроға жеткен. Біздің мемлекетке-де айтарлықтай пайданың болары айдан анық.

Үшіншіден, өзге елдермен достық қатынастарымыз нығаяды. Оның көрсеткіші ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Германия мемлекетімен көрмеге дайындықты бастады. Германия бізге құрылыс саласында тәжірибелерімен бөлісуде

Төртіншіден, көрме кезінде біздің студент аға-апаларымыздың көңілдері көтеріңкі болары анық. Неге десеңіз? ЭКСПО уақытында тегін тәжірибеден өтуге мүмкіндік туады.

Бесіншіден, ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етеді. Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде Қазақстанның жеңісі бізге деген қызығушылықтың барын көрсетеді. Бельгияға 44 дауыс, Қазақстанға 104 дауыстың берілгені халықаралық аренада үлкен қызығушылыққа ие екеніміз және өзіміздің мүмкіндіктерімізді көрсетудің алғашқы қадамы болды.

ІІІ. Қорытынды.

Оқытушы:   Алдымыздағы үш айға созылған көрмеге жер шараның түкпір-түкпірінен туристер ағылып, оның елімізге мол пайдасы тиері анық. Осындай тәуелсіз, бәсекеге қабілетті елдің ұрпақтары, біз  елімізбен мақтануға тиіспіз!

«Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап,»-  деп ақын атамыз жырлағандай біз осы елдің азаматы болғанымызға мақтан тұтып, болашаққа мол сеніммен қарауымыз керек және еліміздің көркейуіне ат салысыуға міндеттіміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *