«Мамандығымды мақтан етемін!»


Әлдебек Айзат Қайыркелдіқызы
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

«Ел  есінде  бір  жыл  қалғын  келсе- ас  бер,

он  жыл  қалғың  келсе-ағаш   отырғыз,

ал  мәңгі  қалғың  келсе бала  тәрбиеле»  дейді  халық   даналығы.

Мен  үшін  ең  қастерлі  де, қасиетті мамандық ол-ұстаздық.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз  айтқан

осынау   қастерлі   мамандықтың  иесі  атанғаныма  үш жыл болды.

Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым -үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және   әр тәрбиеленушінің бойынан жақсылық  тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Мен жас өспірімдерге арнаған осы уақыттарды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Алдымда отырған жас бүлдіршіндерімнің сүйкімді де, әдемі, байсалды да, ақылды жүздерін көрсем, әрбір үйдің ерке баласының жүздерінен не нәрсені де білуге құштар шабытты, сұраулы жанарларын байқаймын. Олардың менен күтетіндері өте көп…
Әр бір оқу іс-әрекетіме жауапкершілікпен қарап, дайындалуды еш жадымнан шығарған емеспін. Шынайы оқу іс-әрекеті – бұл бала мен тәрбиешінің арасындағы бірлескен ізденіс нәтижесі, тәрбиешінің шығармашылық жұмысының жемісі. Ізденіс жоқ жерде сылбырлық, енжарлық, бас көтеріп оқу іс-әрекеттерінің мәні кетеді. Әрбір оқу іс-әрекеттері жас бүлдіршіндер үшін өз құпиясын ашқан сыр сандықтай болса, тәрбиеші сол тылсымы мол жұмбақ әлемнің сиқыршысындай. Әр оқу іс-әрекетінің , ашық тәрбие сағаттарының, мерекелік ертеңгіліктерінің сәтті шығуы, әрине өзімізге байланысты. Жыл сайын балабақшадан мектепке шығарып салатын, бүлдіршіндерімізді қимастықпен шығарып салып отырамыз. Өз педагогикалық тәжірибемде, қандай білім беру саласында болмасын әр оқу іс-әрекетінің тартымды, сәтті шығуы тәрбиешінің бала назарын еріксіз оқу қызметіне аударту, баламен оқу қызметі үстіндегі әрбір қарым-қатынасты шебер ұйымдастыра білуіне байланысты екеніне көзім жетіп жүр. Көбінесе негізгі оқу қызметтердің арасындағы сергіту сәттерінің алар орны ерекше. Бала зейінін аударудың тиімді жолдары. Осы уақыттардың ішінде қаншама жас бүлдіршіндер алдымнан өтіп жатса да, алдыма келетін балаларды үлкен жауапкершілікпен осы ғажайып әлемнің тылсымына ендіру маған үлкен ләззат сыйлайды. Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Менің негізгі мақсатым – балаларға жақсы көңіл – күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді әр оқу қызметі үстінде балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу іс-әрекеттеріне деген тұрақты зейін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай туғызады. Сөзімді қорыта келе, бүгінгі тәрбиеші – өз мамандығын сүйетін, патриот, өз ісінің шебері, ізденімпаз, жаңашыл, терең болуы тиіс. Жеке тұлға ретінде ізденгіш, өз пікірін айта алатын, адамгершілігі мол, білімді, өз елін сүйетін, он қолынан өнері тамған өнерлі болуы керек. Шынымен де, ұстаздық жол – қызығы мен қиындығы қатар жүретін өте қасиетті жол. Осынау қасиетті жолмен білім әлемінің тылсымына бойлай отырып, бала жүрегінен жол табу тәрбиеші үшін үлкен бақыт.

Бала жүрегі – кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек-деген. М.Шаханов.
Бала жүрегінен орын алу мен үшін үлкен бақыт. Қызмет етуді азаматтық, ұстаздық борышым деп санаймын. Бала біздің өміріміздің жалғасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *