«Қош,келдің Алтын күз!»


Магрупова Кырмызы Жумагелдыовна
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:
1) Күз мезгіліндегі өзгерістері, ерекшеліктері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) Күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту, мерекеге деген қызығушылықтарын арттыру;
3) Балаларды еңбекқорлыққа, табиғатты сүюге тәрбиелеу ;

(Балалар музыка залына музыка әуенімен  келіп, орындықтарына отырады.)

Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, ұлағатты тәрбиешілер!
Бармысыздар, жадыраған жас достар!

Берекелі, мерекелі алтын күз құтты болсын!
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен  шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.

Тәрбиеші: Балалар айналамызға қарайықшы қандай әдемі! Түрлі – түсті жапырақтармен безендірілген. Жапырақтар алтын түске бөленіп айналамызды жайнатып жіберіпті.

– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір жылдың күз мезгілі.

Тәрбиеші:  Күз мезгілінде қандай өзгешеліктер болады?

Балалар: Күн суық болады.

– Жаңбыр жауады.

– Жапырақтар сарғайып жерге түседі.

– Жемістер мен көкеністер піседі.

Тәрбиеші: Сендер күз мезгілі жайлы тақпақтар білесіңдер ме?

Тақпақтар: Ясмин В. Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық
Күзгі тойды жұп жазбай,
Келіңдер қарсы алайық.

 

Жарсын:  Алғыс саған, алтын күз!
Бір уыс дән шаштық та,
Қап-қап қауын алдық біз.  

Тәрбиеші: Ия, балалар күз мезгілі өзінің ерекшеліктерімен, байлығымен бізді қуантады. Біздің балалар күз мезгілі жайлы әнін де шырқай алады.

Ән: «Алтын күз»

Тәрбиеші: Балалар сендер күзгі ертегі көргілерің келеді ме?

Балалар: Ия көргіміз келеді.

Тәрбиеші: Олай болса “Алма” туралы ертегіні тамашалайық.

Ертегі: “Алма”

Тәрбиеші: Күрең күз келіп, ағаштардың жапырақтары түсті, тек қана жалғыз алма ағашының бұтағында бір алма қалды. Осы уақытта тоғай ішімен қоян жүгіріп келе жатты. Қоян бұтақтағы алманы көрді. Секірді, секірді алманы ала алмады. Қоян ұшып келе жатқан торғайды көрді.

Қоян: Торғай маған алманы жұлып берші!

Тәрбиеші: Торғай алманы жұлып алды. Тұмсығында ұстай алмай қалды. Алма жерге түсті. Алма ағашының түбінде кірпі жатты. Алма кірпінің инелерінің үстіне түсті. Кірпі қорқып кетті. Ол алмамен бірге жүгіре кетті.

Қоян: Тоқта, алманы қайтар!

Торғай: Бұл менің алмам!

(Кірпі тоқтап).

Кірпі: Алма менің инелерімнің үстінде сондықтан ол менікі!

Тәрбиеші: Аңдар дауласа кетті. Айқай – шуды естіп орманнан аю шықты.

Қоян: Аю сен орманда ең үлкен…

Торғай: Ең ақылды.

Кірпі: Дауымызды дұрыс шешіп берші.

Тәрбиеші: Аңдар аюға жағдайдың қалай болғанын айтып береді. Аю көп ойланып, аңдарға сұрақ қояды.

Аю: Алманы кім бірінші көрді?

Қоян: Мен

Аю: Жақсы. Алманы кім үзіп алды?

Торғай: Мен

Аю: Алманы кім қағып алды?

Кірпі: Мен

Аю: Бәріңдікі жөн. Әркім алманы алуы тиіс.

Аңдар: Алма біреу ғана ғой.

Аю: Алманы тепе – тең бөлу қажет. Содан кейін әркім өз бөлшегін алады.

Аңдар: Алақай

Аю: Мынау саған қоян, сен алманы бірінші көрдің! мынау саған торғай, сен алманы үзіп алдың! Мынау саған кірпі, сен алманы қағып алдың!

Қоян: Ал мына төртінші бөлігі саған. Сен дауды дұрыс шештің. Ешкімді ренжіткен жоқсың.

Тәрбиеші: Аңдар достарын шақырып мәз – мейрам болады.

Би: Рафайл Айназ «Жылайды жапырак»

Тәрбиеші: Ертегі сендерге ұнады ма? Етеңгілігімізді одан ары жалғастырайық. Олай болса мерекемізге Күз ханшайымын шақырайық. Оған дайындаған өнерімізді көрсетейік. Кәне балалар Күз ханшайымын қол шапалақтап  қарсы алайық.

(Музыка әуенімен Күз ханшайымы келеді. Қолында себет толы жемістер мен көкеністер.)

Күз ханшайымы: Сәлем бердім достарым! Сәлем бердім құрметті қонақтар! Қандай сүйкімді бүлдіршіндер, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын!

Тәрбиеші: Қош келдің Күз ханшайымы! Бізде сізді көргенімізге қуаныштымыз!

Күз ханшайымы: Рахмет сендерге балалар. Мен сендерге өзімнің көкеністерім мен жемістертер ала келдім. Қарандаршы мен сендерге өзімнің қаншама өнімдерімді ала келдім. Сендер бірақ маған көмектесіңдерші, менің бір себетіме жемістерді, бір себетіме көкеністер жинап беріңдерші.

Ойын: “Көкеністер мен жемістер”

(Балалар көкеністер мен жемістерді әр түрлі себетке жинап береді).

Тәрбиеші: Рахмет саған Күз ханшайымы! Біз сені сұлу келбетін мен бай өнімдерің үшін жақсы көреміз.Балалар сені қатты күтті, саған дайындаған әніміз  бар. Сол бүлдіршіндеріміздің әнің  қабыл ал! Балалармен бірге шеңберге тұрып ән шырқа!

Ән: “Біз себетті аламыз”

Күз ханшайымы: Рахмет сендерге балалар. Менің де сендерге арнаған ойыным бар. Менің ағаштарымда қызыл, жасыл, сары жапырақтарым өсіп тұр. Музыка әуені ойнаған кезде сол жапырақтарды жинап алып бір түсті жапырақ жинаған балалар бір шеңберге тұра қалындар.

Ойын: “Жапырақ жинау”

Тәрбиеші: Керемет ойынын үшін рахмет. Енді біздің қыз балаларымыз осы жапырақтармен сізге би билеп берсің.

Би: “Жапырақтармен”

Күз ханшайымы: Тамаша балалар, сендер өте жақсы биледіңдер.

(Жаңбырдың дыбысы шығады).

Тәрбиеші: Жаңбыр, жаңбыр соқпашы,

Ойнайықшы тоқташы.

Күз ханшайымы: Балалар сендер жаңбырдан қорықпандар, мен сендерге қолшатыр ала келдім. Кәне қолшатырмен ойын ойнайық. Музыка әуені басталғанда қолшатырды бір – бірімізге береміз, әуен тоқтағанда қолшатыр кімнің қолында қалса сол бала бізге билеп береді.

Ойын: “Қолшатыр”

(Сырттан көңілсіз қоян келеді)

Тәрбиеші: Сәлем қоян! Неге көңіл – күйін жоқ?

Қоян: Сәлеметсіздер ме! Күз мезгілі аяқталып қалды ал менің достарым азықтарын жинай алмай қалды. Саңырауқұлақ өспей қалыпты, енді менің ормандағы достарым қыс мезгілінде немен қоректенеді. (Қоян жылайды).

Тәрбиеші: Көңілінді түсірме қоян, қазір жаңбыр шақырамыз, олар саңырауқұлақтардың өсуіне көмектеседі.

Би: Жаңбыр (Саңырауқұлақтар ортада отырады, ал жаңбырлар жан – жақтарында билеп береді).

Тәрбиеші: Күз ханшайымы қара, бізде қандай әдемі саңырауқұлақтар өсіп шықты?

Күз ханшайымы: Ия бұл күзгі саңырауқұлақтар. Бұлар жаңбырдан кейін жақсы жауады.

Қоян: Рахмет сендерге, енді менің достарым қуанытын болды.

Тәрбиеші: Олай болса саңырауқұлақтардың биін тамашалайық.

Би: “Саңырауқұлақтар”

“Күзгі әуен” әнінің музыкасы шығады.

Күз ханшайымы: Мен не естіп тұрмын? Бұл менің әнім ғой!

Тәрбиеші: Ия, бұл сенің әнің! Қазір сол әніңді барлығымыз айтып береміз.

Ән: “Күзгі әуен”

Күз ханшайымы: Сендермен өте көңілді болды. Сендер менімен ойын ойнап, билеп, ән айтып көңілімді көтеріп қойдыңдар. Сендер сияқты үлкен азаматтар Қазақстан Республикасында өсіп келе жатқанына өте қуаныштымын. Енді біз сендерге қоян екеуіміз сендерге мына үлкен сәбізді сыйлағымыз келіп тұр.

Тәрбиеші: Рахмет сіздерге! Мынау жай сәбіз емес сияқты кәне көрейікші ішінде бірдене бар сияқты.Қараңдаршы мында барлықтарына алма салып қойыпты.

Күз ханшайымы мен қоян: Сау болыңдар, балалар, келесі жылы кездесерміз!

Балалар: Сау болыңыздар.

Тәрбиеші: Осымен “Алтын күз” мерекесі аяқталды, балаларымыз болашақта тек қана биіктерден көріне берсің! Көріп тамашалағандарынызға көптен – көп рахмет!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *