«Өз мамандығыммен мақтанамын!»


Әбілқайыр Ақерке Бауыржанқызы
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

                     «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық, сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Тәрбиешінің қолында әр кезде сол кілт жүруі керек» -деп, М.Шаханов тауып айтқандай. Менің мамандығым әр баланың жүрегіне жол тауып, бойындағы өнері мен талантын, қызығушылықтарын ашып , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыратын, әр баланың жұлдызын жағуға себепкер болатын тәрбиеші мамандығы. Мен тәрбиешімін. Мен өз мамандығыммен мақтанамын. Себебі бала тәрбиесіне араласып, болашақ нағыз ұлт жанашырларын тәрбиелеп жатқаныма мақтанамын.

Мен тәрбиелеген балалар саналы, мәдениетті, өнерлі, тәрбиелі, бойына  адамгершілік тәрбиені сусындап, тек алға ұмтылып,   бойларына жақсылық тұнған тұлға болып қалыптасатынына сенемін. Осы бағытта күнделікті жұмыс жүргізудемін. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Сондықтан да, біз бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай үнемі ізденіс үстінде жүруіміз керек.

Ұрпақ тәрбиесінде немқұрайлы қарамай, үлкен жауапкершілікпен әр баланың денсаулығын сақтай отырып балаларды тәрбиелеу үлкен жетістік. Мен өз елімде осындай жауапты қызмет атқарып жүргеніме мақтанышпен қараймын. Елінің ертеңін ойлайтын ұлтын сүйетін ұрпақ тәрбиелейтініме сенімдімін.

Балалардың жарқын күлкісін, балапандардың жетістіктерін көргенде барлық қиындықтарды ұмытып қуанышқа кенелемін.  Мен балаларға арналған уақыттарды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын. Қиындығы мен қызығы қатар жүретін тәрбиеші мамандығының қыр  -сырын, жаңалықтарын ашып, толық меңгергім келеді.

Ата-аналарға бала тәрбиесіне  ақыл – кеңестеріммен бөлісіп, барлық әдіс-тәсілдерді меңгерген, балалардың сүйіспеншілігіне бөленген нағыз өз ісінің маманы болғым келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *