«Тәрбиеші шығармашылық мамандық»


Акжунусова Дария Ержановна
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

“Ұстаз”- не бары 5 әріп. Осы 5 әріптің аясында қаншама мағыналы ой, терең мазмұн жатыр десеңізші.

Ұстаздың басты мақсаты мен міндеті бала тәрбиелеу оған білім беру. Әл-Фараби айтқандай тәрбиесіз берілген білім нәтижесіз ең бірінші жас нәрестеге ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбие беріледі. Сол сәби ата-ана құшағында бесікте тәрбиелене келе, өмір табалдырығын баса бастайды.

Оқу мен тәрбие егіз екендігін мен бүгін терң түсіндім десем еш қателеспеймін. Мен-ұстазбын, мен -мұғаліммін, мен-зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын -тәрбиешімін.

Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер білімді игеруі тәрбиеге, салауатты өмірге, өскен ортаға , үлгі-өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз-“Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы”, “Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар” деп ұлағатты ұстаздың еңбегінің текке кетпейтінін өсиет еткен.

Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімдік заңы салтанат құруы шарт, яғни ол өзінің өсу есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де, қоршаған ортасы-табиғатпен де өзара үйлесім таба білуі тиіс деп ойлаймын.

Білімді де білікті, салиқалы да парасатты, жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу-мемлекеттік маңызды іс екені белгілі. Келешектің қамын қазірден ойлап, оған бүкіл жұрт болып атсалысуға міндеттіміз, -деп сөз ой-толғауымды түйіндегім келеді.

Мен тәрбиешімін, менің жылғы еңбегім сегіз жыл, қазіргі уақытта балабақшада үздіксіз қызымет  істеп жүрмін. Мен бақытты адамын. Менің сүйікті жұмысым бар, мен үнемі ізденіс үстінде жүремін.

Балалардың көздері-ол баланың жан дүниесі. Ол көздерден көп нәрсені ұғуға болады. Баланың жан дүниесін түсіну үшін, тәрбиешінің жүрегі мейірімді, бала жаның түсінетін адам болуы керек. Ең бастысы, баланың маған деген сенімі мен сыйластығы. Мен күн сайын балабақшаның есігін ашып, топқа кіргенде, балаларым маған қарайды. Олардын мөлдір таза, тұп-тұнық көздері, менің көздерімді, қылықтарымды бағалайды. Олар менен көп нәрсені күтеді.

Маған, тәрбиеші мамандығы-әлемдегі ең негізгі мамандық. Сондықтан, біз тәрбиешілер құрметтеп, ақылмен, шыншыл мейірімді, қайырымды блуға міндеттіміз. Балаларды сүйе білу керек. Балаларды кішкентай жүркетерінен махаббат туып және оларды орындауы тиіс. Бұл ғажайып сезім баламен тығыз байланыста ғана пайда болады. Балаларға деген нағыз сүйіспеншілік тәрбиеші жан дүниесін ашып, бар күшін сарп етуге даяр екенің білдіреді.

Мен балаларды бәріне де үйретемін: суреттерді жинау, ертегілерді айтып беру, көрініс көрсетуге, ермексаздан мүсіндеуге, сурет салуға, жапсыруға. Балабақшада балалардың қорқыныш сезім женуге үшін, өзін өзі сүйе білуге, құрметтеуге, сыйлауға үйретемін. Барлық балалар осы жөнінде армандамай ма? Бұл бақыт емес пе? Бір-біріне ойыншықтарды бөлісу, кешіру, жол беруге, мейірімді болуға.

Баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін әрине, алдымен тәрбиеші өзінің жеке басы соған сай болуы тиіс. Бұл тұрғыда белгілі орыс педагогы К.Ушинский былай деген екен: “Тәрбиенің қайнар көзі адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орнын баса алмайды”. Яғни оның бойынан барлық адамгершілік қасиеттер: мейірімділік, қарапайымдылық, әділдік, т.б табылуы тиіс. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай болашақты қалыптастыру үшін тәрбиешінің жеке басы сол талаптарға сай болуы керек.

Бүгінгі таңда тәрбиеші, болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл тәрбиешіге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызыметтің жетістігін бағалауда өте қиын. Қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені, бұл мамандық-менің жүрек қалауым. Сондықтан да мен өз мамандығымды жоғары бағалаймын.

Тәрбиеші-ол кім? Жоғарыда айтып кеткенімдей, тәрбиеші-балаға жан-жақты тәрбие беруші.

Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан,ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егемен еліміздің ұрпақтарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор.

Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев “…Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлтты үшін қызымнт қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті” деген. Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен, тәрбиешінің дярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында: “Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі” деген. Ендеше, тәрбиешінің басты міндеті-бала бойында отаншылдық сезімін ояту болып табылады. Өйткені, біздің елімізге болашақта да адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азамат керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *