Наурыз -жыл басы


Базылова Сагыныш Омирхановна
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, алаларды елін Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың шығыс күнтізбесі жайлы түсініктерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл
22- наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін
түсіндіру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт – дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.

Киіз үйдің ішінде әжесі мен келіні, немересі дастарханның басында әңгімелесіп отырады.

Наурыз қыз кіреді.

Наурыз қыз:

Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.

Әже, сіздердің ауылдарыныз неге тыныш. Сіздер бүгін Наурыз мейрамын тойламайсыздар ма?

Әже: тойлаймыз ғой, дастарханымызда дайын. Ешкім келмей жатыр.

Наурыз қыз: Сіз уайымдамаңыз мен қонақтарды шақырып келейін.

Наурыз қыз шығып кетіп, балаларды алып келеді.

Балалар көңілді әуенмен залға кіреді.

Дана апай апай: Сәлеметсіздер ме, әже. Наурыз тойы құтты болсын. Сіздердің ауылдарынызда той болып жатыр деп, бізді Наурыз қыз алып келді.

Әже: Ия, төрлетіңдер балаларым, барлығым Наурыз тойын тойлайық.

1-Жүргзуші: Қымбатты балалар,қонақтар, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып,ортамызға қайта оралды.Наурыз-мұсылман қауымның ұлттық мейрамы.Наурыз-жыл басы.Наурыз-Ұлыстың ұлы күні.Бұл күні ата-аналарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап,наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді.Наурызға арналған  мерекелік ойын-сауығымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Наурыз тойы басталды.
Құттықтаймын бәріңді

Үлкен – кіші, кәріңді
Ақ дегенің мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын.
Қадамың басқан оң болсын!

Дана апай: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар.

Ән: «Наурыз тойы».

Мағжан: Ұлы күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!
Айлана: Қуанайық халайық,
Келді міне жар салып.
Жаңа жылмен тойлайық,
Би билейік, ән салып.
Тамерлан:Бүгін күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгереді,
Соны тойлап ел енді.
Қуанышқа кенеледі
Аяулым: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Бағымызда бұлбұлымыз сайрайды.

Әже: Балаларым, бүгін Ұлыстың ұлы күнінде, той-тойға ұлассын деп алғашқы немерем Аружан жер-Анаға алғаш аяқ басып, үлкен өмір көшіне ермек, із тастамақ. немеремнің тұсауын кесемін.

Ал, келін балам, кішкентай Аруды ортаға әкеліп, (Осы кезде ақ жайма жайылып, тұсау кесуге қажетті заттар ортаға қойылады.)

Келін бала:

(баланы көтеріп келе жатып айтатын өлеңі:)

Тәй-тәй балам, тәй балам,

Шақырып тұр айналаң,

Жүруге алғаш талпындық

Құтақандай жан балам,

Қаз-қаз тұрып талпындың,

Қуантасың, күлесің.

Аман болсаң аз-ақ күнде

Алшаң басып жүресің.

Әже: әже қолына ала жіпті алып, баланың аяғын байлайды.Қолына қайшысын алып, тұсауын кеседі.)

Қаз-қаз бала, қаз балам.

Қадам бассаң мәз болам.

Қаз баса ғой, қарағым,

Құтты болсын қадамың.

Алға қарай баса бер,

Асулардан аса бер.

(Аруды жетектеп жүргізеді.)

Сағыныш: Әже, бізден да тойға шашу болсын. Балаларымыз Әже деген ән айтып бергісі келіп тұр.

Ән: Әже

Матвей:

Қош келіпсің Наурыз!
Арман тойы халықтың.
Қуанышы халықтың,
Құтты болсын қадамың!
Мансұр: Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік, біз сізге!
Арыстан: Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
Наурыз қыз: менде бүгінгі Ұлы тойда балалалрмен ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: Қамшы

Ойын шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрады. Бір бала қамшыны алып балаларды айналып жүгіреді, әуен тоқтағанда тұра қалады. Тұра қалған жерде екі жағындағы екі бала екі жаққа шеңбер бойымен айнала жүгіріп келу керек. Кім бірінші келсе сол жеңіске жетеді.

Сағыныш: біздің жігіттерімізде би билегісі келіп тұр.

Би: «Батырлар биі»

Дана апай:

Жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді.
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін!» деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.
Бабалардың үмітін,
Жас ұрпақтар ақтаймыз.
Қыдыр атаны шақырып,
Наурыз тойын тойлайық..

Қыдыр ата келеді
Қыдыр ата сөзі:Армысыңдар халайық,
Армысыңдар балалар!
Сендерге арнап көктемде,
«Қызғалдақты» өсірдім.
Белгісі болсын көктемнің
Берекесін берсін өткеннің.
Наурыз көже сыйлықпен,
Сендерге бүгін жеткенмін.
Сағыныш: Сәлеметсіз бе, Қыдыр ата! Төрлетіңіз. Құтты қонақ болыңыз.

Әже:Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт түлігі ақты болсын, қайда барса жол болсын! Балалар «наурыз көже» туралы білесіңдер ме?

Дария:
Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді
Інкәр:
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды

Балнұр:
Бидай, күріш, тары бар
Бар сүр ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы

Әже: Дұрыс айтасыңдар, балалар!  Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген  Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. -Қане, қандай тағам түрлері? (күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр ет, )
Дана апай: Рахмет әже, сіз арқылы балаларымыз Наурыз көженің қалай жасалатының білді.

Ән: көктем келді.

Би: Жалпы би

Ойын:  Көрпеше

Шарты: ортаға 5  көрпе қойылады. 5 бала шығады. Музыка қойылады, балалар билейді. Музыка тоқтағанда балалар тез барып көрпешеге отыруы тиіс. Үлгермеген бала ойыннан шығады.
Балалар бүгінгі мейрамға бізге келген Қыдыр атамыздан бата сұрайық.
Азамат боп ержетіңдер,
Ақылды болып ержетіңдер
Азамат болыңдар көрікті,
Ғұмырың болсын берікті
Азамат болыңдар ардақты
Мінездерің болсын салмақты
Өнер болыңдар жан – жақты
Осы айтқанның бәрі қабыл болып
Алла берсін сендерге зор бақты! Аумин.

Наурыз қыз: Балалар той тойға ұлассын. Біз Қыдыр ата екеуміз қайтайық. Бізді басқа да балалар күтіп қалды.

Қыдыр ата: сау болындар балалар. Келесі жылы Наурыз тойында кездескенше. Сендердің өнерлерін маған қатты ұнады. Өркендерін өссін.

Балалар: сау болыңыздар!

Сағыныш: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,

Дана апай: Балалар біздің да қайтатын уақытымыз болды. Наурыз тойын топқа барып жалғастырамыз.

Балалар бүгін біз қандай мерекені тойладық?

Біз бүгін кімге қонаққа келдік?

Кімдер қонаққа келді?

Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!

Әже: Балалар, өздерін білесіздер қазақ халқы қонақжай халық. Ешқашан қонағын құр қол жібермеген. Сендерде ұлттық тағамдарды топтарына алып барып, дәм татындар.( Ыдысқа балаларға сарқыт салып беріп, тәрбиешіге береді). Сау болыңдар балалар!

Балалар шығып кетеді.

Әже: Құрметті ата-аналар сіздерде бүгінгі тойымыздан дәм татыңыздар. (Шашу шашады). Отбасыларыңызға бақыт, береке әкелсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *