«Достық күні»


Раимбекова Дана Асхатовна
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

-Мамыр Достық, бірлік, ынтымақ күнімен құттықтаймыз. Зор денсаулық, ашық аспан тілейміз.

1-Мамыр Қазақстан халықтарының ең маңызды мерекелерінің бірі. Қазақстанда бір ғасырдан артық уақыт бойы ынтымақ, бірлікте, жүз отыз бестен астам ұлт өкілдері тұрады. олар бір-бірімен түсінісіп достықта өмір сүреді. Қазақстанның болашағы, осы ұлттардың береке-бірліктеріне байланысты.

Мамыр-жастық мерекесі,

Мамыр-достық мерекесі.

Шалқыған берекесі,

Мамыр-еңбек мерекесі.

Қаулайды жапырақтар,

Жайнайды атырап бар,

Көрікті кең өлкесі,

Мамыр-көктем мерекесі.

Ән: «Той кеші»

Інжу:

Бейбітшілік әніміз,

Бауырласпыз бәріміз.

Қазақстан даласында,

Жарасады сәніміз,

Ұлы Отан аясында,

Жадырайды жанымыз.

Батыр:

Бізбен бірге бар әлем,

Қуанады балаша.

Қуанышқа бөленген,

Өмір қандай тамаша!

Василиса:

Барлық елдің бөбегі,

Бір-бірімен туысқан.

Бәрімізге төгеді,

Өз шуағын күміс таң.

Ануар:

Көгілдір аспан да,

Көк сеңгір тастар да.

Құлпырып жайнайды,

Май гүлін ашқанда.

Амина:

Ортақ жұпар ауамыз,

Ортақ жарық күніміз.

Достық-туған анамыз,

Жердің қызы, ұлымыз.

Жүргізуші: Қазақ елі-өте қонақжай халық. Бүгінгі мерекедеде біз сендермен қонақтарды қарсы аламыз.

Ән: «Достық»

Қаңбақ шал: Амансыңдар ма балалар! Мен қонарымды сай білген, ұшарымды жел білген Қаңбақ шалмын! Қандай әдемі, ақылды балалар.

Жүргізуші: -Сәлеметсің бе! Бізде бүгін үлкен мереке.

Қаңбақ шал: Бұл қандай мереке?

Жүргізуші: Достық, бірлік күніне арналған мереке. Бізбен бірге мерекені тойлаңыз.

Қаңбақ шал: Ой рахмет! Ендеше отырып дем алайын, жолдан шаршап келдім.

Жүргізуші: Ата, қоржыныңыз ауыр көрінеді? Онда не бар?

Қаңбақ шал: Мен көп елдерді араладым, көп нәрсе көрдім, әр жерге барған сайын естелік болсын деп сыйлықтар алдым. Қазір өзім де білмеймін қай жерден не алғанымды?

Қаңбақ шал: Балалар мынау қай ұлттың аспабы? Біздің домбыра, Иә дұрыс айтасыңдар өзіміздің қара домбыра ғой.

Би: «Қара жорға»

Абдулсамат:      Достығымыз жарасқан,

Ақпыз, қара сарымыз,

Қара жер мен көк аспан,

Ортақ дала, туымыз.

Ерали:       Қызғалдақ теремін,

Көп қызық көремін.

Апама сәукеле.

Гүлдерден өремін.

Мейржан:        Әрі сұлу, әрі игі,

Келші майым шуақты.

Он бір ұлы бар үйдің.

Жалғыз қызы сияқты.

Қаңбақ шал: Баянды көрсетеді.

Жүргізуші: Балалар, мынау не зат? Бұл қай ұлттың аспабы? Дұрыс, орыс ұлтының аспабы. Елімізде көп орыс ұлтының адамдары тұрады. Қане, ендеше қарсы алайық?

Би: «Калинка-малинка»

Вадим       :    Хорошо, хорошо,

Солнце в мае светит

Хорошо,хорошо,

Праздник мая встретить

Жүргізуші: Балалар ,ал мынау не? Барабан. Дұрыс айтасыңдар, ал қай ұлттың аспабы деп ойлайсыңдар. Қане, қарсы алайық.Үнді балалары шығады.

Би: «Үнді биі»

Қаңбақ шал: Мынау ойыншықты жақсы білемін. Мынандай ойын ойнайық.

Ойынның аты: «Бәйтерек»

Қаңбақ шал: Ал, балалар мынау не? Қай ұлттан екен? Сыбызғы тау халқынікі.

Би: «Лезгинка»

Қаңбақ шал: Бұл қай ұлттың заты? Дұрыс өзбек ұлты екен.

Өзбекше ән: «Пахта»

Жүргізуші: Көрдіңіз бе, елімізде көп ұлт өкілдері тұрады. сондықтан басқа елдерді араламай-ақ өз жерімізден бәрін табуға болады екен.

Қаңбақ шал: Рахмет сендерге, өте өнерлі ,ақылды балалар екенсіңдер, сендерге риза болдым, менің қайтуым керек. Еліміз тыныш болсын, бірлікте болайық. Сау болыңдар!

Жүргізуші:

Жарасқан ынтымағы,

Жұрт алға ұмтылады.

Ақ тілек жалғасады.

Жер жүзі үн қосады.

Жеткендей күнге қолың,

Құшағым гүлге толы, көңілде көгершіндер,

Май күні қымбат маған.

Ән: «Ақ көгершін»

Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды. Аспанымыз әрқашан ашық болсын, бейбіт күн жасасын әлемде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *