«Қош бол, балабақша!»


Камиева Аягөз Бисембайқызы
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Қош бол,балабақша!!!

Жүргізуші:Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,

Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.

Бізден ұшып, қанат қағып, есейіп,

Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

Бәріңді де сәбиім деп сүйетін,

Өздеріңді сағынып бір жүрейік.

Құтты болсын қадамдарың аттаған,

Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

Қымбатты ата-аналар,балабақша қызметкерлері,қонақтар!Бүгін біз мәпелеп,күтіп тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып,мектепке шығарып салғалы отырмыз.Сол ұшып отырған балапандарымызды қол соғып қошеметпен ортаға шақырайық.

Жүргізуші:Тәрбиеші өлең жолдары арқылы балаларды ортаға шақырады.

Қол ұстасып, әсем басып

Келеді әне түлектер

Қарсы алыныздар , қол  соғып

Сәбиля мен Даниярды.

 

Бірге ойнап, бірге күлген

Әр қашанда бірге жүрген

Келеді әне қол ұстасып

Алуа мен Айгерім.

 

Жақсы оқып сабақты

Көпшілікке болған таныс

Көрінді әне, қарсы алайық

Назар мен Арианнаны.

 

Талабына үміт артар

Бар біздерде балақандар

Қол ұстасып келеді әне

Мадияр мен Гүлсімару.

 

Ибалық пен инабатты

Серік еткен балалар

Келеді әне қол ұстасып

Зейнеппенен  Камиля.

 

Балғын сәби бір кездегі

Ер жетіп кетіпті

Қарсылаңыздар қошеметпен

Никита мен Яссинаны

 

Биязы қыз Жасмина

Ұяң бала Вадим

Алдарыңызда бас иеді

Қуанып олар келеді.

Нұрмұхаммедпен Аружанды

Бәрімізде білеміз

Қылықтарын ұмытпай

Айта – айта жүреміз!

 

Бойы да өсті, ойы да өсті

Ақылы да жетілді

Келді міне алдыңызға

Дамир  менен Айлананы.

 

Балабақша бағында

Күнде бірге жүреді

Кездесер кейін тағы да

Дальмира мен Дәрия

 

Нұрмұхаммедпен Аружанды

Бәрімізде білеміз

Қылықтарын ұмытпай

Айта – айта жүреміз!

 

Ал, балалар бақшамызға

Қылығы мен еркелігін қалдырады

Даниямен Ілиясты

Шақырайық ортаға!

 

Жүргізуші:

Айналайын балалар!

Алты жасқа жеттіңдер, бір белестен өттіңдер,

Өсті міне, бойларың, өсті ақыл – ойларың

Қуанышқа ортақпыз, құтты болсын тойларың! – дей отыра әсем әнімізді қабыл алыңыздар!

Ән: «Балабақша»

Жүргізуші: Ақ тілекті ағытып тастайық

Қоштасатын кешімізді бастайық

Жүздерінен көрем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың дей отыра –балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:Ты нас принял малышами,

Детский сад, наш дом родной.Айгерім

Мы теперь большими стали

И прощаемся с тобой

 

Хир а сам рулс фо энд ми

Си хау  импотант зэй кэн би.Ариана

Олуэйс  би онэст, би кайнд энд фэйэ

Олуэйс би гуд энд уилин ту  шэйн.

 

Баулап баптап өсірдіңіз,

Балалық етсек кешірдіңіз.Мадияр

Ұмытпаймыз сөзіңізді,

Ұмытпаймыз өзіңізді.

 

Мы хотим скорей учиться,

Подружиться с букварем.Дәрия

От страницы до страницы

Мы к весне его прочтем.

Жүргізуші:Енді ортаға мың бұалған бишілерімізді ортаға шақырайық.

Би:Қыздар «Раушан апай-Яссина,Ару,Зейнеп,Айгерім,Ариана»

(Асып – сасып залға музыка әуенімен Дымбілмес кіреді қолында автомат, аузында сықырғыш, бір балағы түрулі,кепкасы қисайған.)

Дымбілмес:Сендерде мұнда не болып жатыр?

Жүргізуші:Бізде балабақшамен қоштасу кеші болып жатыр. Біздің балалар мектепке барады.

Дымбілмес: Апай,апай мен де мектепке барамын, балалар мені де өздерінмен ала кетіңдерші мектепке.

Жүргізуші:Амансың ба? Дымбілмес! Кішкене сабыр ет! Ештеңеден қалған жоқсын.Әуелі мына қонақтармен амандас.

Дымбілмес: Сәлеметсіздерме!

Жүргізуші: Дымбілмес, сен білесің бе мектепке қандай құрал – жабдықтар керек екенің?

Дымбілмес: Білмеймін.

Жүргізуші:Балалар ал сендер білесіңдер ме?

Балалар: Ия білеміз.

Жүргізуші: Кәне айтыңдаршы. Қандай құрал – жабдықтар?

Балалар: Дәптер, қалам, қарындаш, өшіргіш, бояу, ермексаз т.б.

Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар балалар.Мектепке бару үшін осы құралдардың бәрі керек.Көрдің бе Дымбілмес мектепке баратын бала көп нәрсе білуі керек.Алдымен жақсы әдептерді білу керек. Сонан соң денесін шынықтырып, сурет салып, ән жаттап, ертегі,тақпақ айта білу керек.

Дымбілмес: Ой апай сол да сөз болыппа? Мен де өнер деген жетеді. Міне мен былай ысқыра білемын. Сосын мына автоматпен көздеп тұрып торғайларды жалп еткізіп атып түсіремін.Керек болса тақпақ та айтып беремін.

Мен айтамын тақпақ

Өзімді , өзім мақтап

Кеше киген шалбарып

Бүгін міне сатпақ

Тал теректі кесемін

Балшық суды есемін

Кеше әперген красовканы

Бірақ күнде тесемін.

Жүргізуші: ( Басын шайқап) Балалар сол дұрыс па?

Балалар: Жоқ дұрыс емес.

Дымбілмес: Дұрыс дұрыс. Сосын……Сосын мен 20 ға дейін санай аламын 1,2,3,14,18,20

Жүргізуші: Жарайды Дымбілмес сенің сырын белгілі болды.Сенің мына түріңмен мектепке қабылдамайды.Сондықтан сен біздің балалардан үйрен, көріп ал қандай ақылды балалар екенің.Ендеше балаларымыздың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.Никита

Өнер-білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.

 

Скоро в школу в первый раз,

Скоро в школу в первый класс. Дальмира

Называть все будут скоро Школьниками нас!

Бақша біздің панамыз,

Мектеп біздің анамыз.Ілияс

Ұлағатты ұстаздан,

Оқып білім аламыз.

 

Много много дней подряд,

Летом и зимой

Мы ходили в детский сад,   Вадим

В детский сад родной

Ән: «Детский сад»

(Әуен ойналады осы жерде Білім ханшайымы кіреді.)

Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен музыка әуенін естіп сендерге келіп тұрмын.Қандай әдемі балалар, қандай әдемі безендірілген.Мен қай жерге келдім? Кешігіп қалған жоқпынба?Мереке құтты болсын!

Жүргізуші: Бұл «Гауһар» балабақшасының «Аққу» тобы. Біздің бүлдіршіндеріміз  балабақшамен қоштасқалы жатыр ал сіз кімсіз қайдан келдіңіз?

Білім ханшайымы: Мен білім елінен келдім.Сендердің білімдерінді тексеруге.

Жүргізуші: Онда төрлетіңіз бізге қонақ болыңыз біздің балалардың өнерін тамашалаңыз.Ендеше әсем биімізді қабыл алыңыз.

Би: «Ха – фа – на Кукарелла»  Нұрмұхаммед,Мадияр,Назар,Дамир,Никита,Данияр-Сәбиля,Дания,Дария,Айлана,Аружан,Дальмира.

Білім ханшайымы: Жарайсыңдар балалар!Мен сендерге бос қол келген жоқпын, менің сендерге дайындаған сыйлығым бар. Мынау сандықты сендерге сыйға тартамын  осы сандықтың ішінде сендерге тапсырма бар мүмкін сол тапсырмалар арқылы сендер білімдерінді жетілдіріп Дымбілмеске көмектесе алатын шығарсындар.

Жүргізуші:Балалар мүмкін шыныменде осы тапсырмаларды орындасақ Дымбілмеске көмектесе алармыз.

1-тапсырма: Ойын берілген екен:

Ойын: «Портфельді жинау»

Шарты: 2 бала шығады және үстел үстінен тек оқуға қажетті заттарды фортфельге салады.Кім тез жинайды сол жеңімпаз.

2 тапсырма: Бұл жерде балалар ән айтып берулерінді сұрайды.Балалар мектепке баратын болғандықтан ендеше «Сәлем саған мектебім!» әнің орындап берейік.

Ән:Сәлем саған мектебім!

3 тапсырма: Ендеше мен сендердің білімдерінді тексеріп көрейін.

Ойын шарты: Ортаға 3 бала шығып әріптерден сөз құрайды.

(Ана-Камила, Мектеп-Айлана, Отан-Жасмина)

Білімханшайымы: Өте тамаша балалар дұрыс құрадыңдар.

Білім ханшайымы:Өте жақсы балалар ал ендеше мен сендерге жұмбақ жасырамын ал сендер оны шешіп көріндер.

1.         Қабат – қабат  қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

2.         Бір нәрсе ала – шұбар, қара тұмсық,

Қарасан басқан ізі қисық – қисық.

Өзі жансыз жандының күшіменен,

Борайды ат үстінде желдей есіп. (Қарандаш)

4 тапсырма: Біздің оттай жалындап тұрған кішкентай бүлдіршіндеріміздің орындауында «…………..» биін қабыл алыңыздар.

Би: «Жұптар биі» Раушан – Жасмина,Назар,Камила,Вадим,Алуа,Ілияс.

5тапсырма:  Ал ендеше құрметті қонақтар біздің балаларымыз құрметті әріптестеғр сіздерге арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар:

1.Меңгеруші апайымыз Маңдайлы,

Күлімдейсіз балаға, келбетіңіз шырайлы.

Сіз дарқансыз, мейірімді анасыз, Аружан

Қастерлейтін қамқоршымыз данасыз.

Ұшыратын жас қанатты қатайтып

Балаларға әр қашанда панасыз

Дамежан Құснетденқызына  мың алғыс.

 

2.Күлкісімен шырайлы

Ақылына көркі сайКамиля

Тәрбиешіге жол салып,

Болды қамқор жалықпай

Мейрамгүл Жаманкешқызына мың алғыс.

 

3.Ұстаздардың ұстазы,

Тәрбиенің ұстасы

Ырза сізге бәрі деАру

Ұмытпаймыз сізді де

Тәжірибелі педагог: Маржан апайға  мың алғыс!

 

4.Денсаулығымыз болаттай

Ауруды көп жолатпай

Денемізді шынықтырғанЯссина

Еңбек еткен аямай

Ақбөпе Сәулетқызына мың алғыс.

 

5.Үйренгенбіз өнер біз,

Шетімізден шеберміз.Алуа

Майысады денеміз,

Мың бұралған биіміз.

Раушан  апайғаАйтамыз сізге мың алғыс!

 

6.“Спасибо!” нежно говорим

Айгуль Асылхановне Дамир

Еще признаемся мы вам

Похожи вы на наших мам.

Спасибо вам сто тысяч раз!

Всю жизнь мы будем помнить вас!

 

7.Үйреткен тілді білсін деп

Ағылшын тілін оқытыпДания

Шет тілін білу керек деп

Талап қойды күлімдеп

Нүргүл  апайға мың алғыс.

 

8.Еңбек еткен еңсем,

Сырты менен ішінеНазар

Балабақшаның қызметін

Иығына көтерген Ғалия Өмірбайқызына  мың алғыс.

 

9.Бізді баптап қараған,

Күлімдеген жақсы адам.

Ақ төсекке жатқызған,Жамина

Басымыздан сипаған

Бақыт апайға көп рахмет!

10.Томпиған дәмді Сиқыршы қыз

Бізге арнап пісірген

Кампот, ботқа, сорпаныЗейнеп

Тез-тез асып түсірген

Аспазшылар  апайлар

Көп-көп алғыс біздерден.

 

11.Сөйлеуді бізге үйреткен

Қисық болса түзеткенДанияр

Логопед  Қарагөз апайға

Балалардан мың алғыс!

 

12.Көңілді өскен баламыз

Шырқатып әнге саламызНұрмұхаммед

Түсініп әсем әлемді

Сізден тәлім аламыз

Айнұр апайға мың алғыс!

 

13.Еркетайын әр үйдің

Бабын тауып сәбидің

Балапандай өсіргенАйлана

Тәрбиешінің есімі

Мәңгі өшпейді есімнен

Талай-талай баспалдақты аттармыз,

Ата-ананың үмітінде ақтармыз

Аягөз апай сізден алған ақылды

Есімізде өмір бақи сақтармыз.

 

14.Бізге күліп қарайтын

Шашымызды сипап тарайтын Сәбиля

Тәртіпке салып топ ішін

Тыңбай тазалайтын

Рымтай апай сізге балалардан мың алғыс!

6-тапсырма: Біздің балалар 3 тілді еркін меңгерген ендеше орыс тіліндегі «Досвидания детский сад » әнің қабыл алыңыздар

Ән:«Досвидания детский сад»

Білім ханшайымы: Рахмет сендерге балалар өте өнерлі екенсіңдер енді мен кетейін басқа да баратын жерлерім бар сау болыңдар!

Дымбілмес:Жарайды бір күні үйреніп аларымын, оданда маған бір ән үйретіңдерші.

(Осы кезде жалқаулық келіп музыка жетекшісінің орнына отырып алады.)

Жүргізуші: Жақсы балалар әрі қарай ертеңгілігімізді жалғастырайық.Кәне ән шырқайық.

Жалқаубек: Ия кәзір қоасмын, армандапсыңдар.

Жүргізуші: Мен түсінбедім сіз кімсіз? Мына жерде не істеп отырсыз?

Жалқаубек:Тыныш, тыныш не айқайлап қалдың. Мен ұйықтап алайыншы мына жер қандай ыңғайлы.

Жүргізуші: Ұйқы?! Бұл саған керуерт емес қой. Мұнда ән айтылу керек бүгін бізде ертеңгілік.Әнсіз , бисіз ертеңгілік болама?

Жалқаубек:Менің қандай шаруам бар? Мен осы жерде отырған адмды сылдырмаққа айналдырып жібердім.

Музыка жетекшісі: Балалар көмектесіңдерші мені жалқаулықтан құтқарындарбалалар сендер егер ән айтып билесендер ғана мені құтқара аласыңдар.

Жалқаулық:Тыныш шулап кеттің ғой.

Жүргізуші: Жоқ бұлай болмайды, біз саған өзіміздің өнерімізді көрсетеміз.

Жалқаулық: Ой сендер мені ән бисіз жеңе алмайсыңдар.

Жүргізуші: Олай болса біздің ата аналар да қуанышқа бөленіп бізбен ойын ойнасын. «Ия, ия Жоқ, жоқ» ойынын ойнайық.

1.Балаларыңызға әрқашан тірек сіздерме?

2.Сабақ оқытвқ жазғызғанды жақсы көресіздер ме?

3.Тамағын уақытылы бересіздер ме?

4.Төзімділікке сіз әр уақытты үйретесіздерме?

5.Басқа балаларды ұр деп айтасыздарма?

6.Бала үшін асулардан асасыздар ма?

Жүргізуші: Жалқаулық сенің ұйқынды ашу үшін біз саған би билеп берейік.

Ұмытпаймыз балабақша әр күнің!

Жүргізуші:Жаңа өмір басталсын,

Үміт, сенім ақталсын.

Ұмытылмай бақша вальсі,

Көңілде мәңгі сақталсын.

-Балалар бүгін соңғы рет балабақша вальсін билейік .Ұлдарымыз қаздарымызды биге шақырады.

Би: «Қоштасу Вальс»

(Сол кезде Жалқаубек қашып кетеді.)

Музыка жетекшісі: Рахмет сендерге балалар мені құтқардыңдар.

Дымбілмес:Мен енді түсіндім көп еңбектену керек екенің сендер көп нәрсе үйренген екенсіңдер.Менде алдағы уақытта үйренемін, жаз бойы мектепке дайындаламын.Ал ендеше балалар сау болыңдар.

Жүргізуші: Енді сөз кезегін балабақшамыздың меңгерушісі Дәмежан Құснетденқызына береміз.

Балабақшамыздың әдіскері Мейрамгүл Жаманкешовнаға береміз.

Жүргізуші:

Қимай сынған ойыншығын

Деп жылайтын тастама

Қиып, сыйлап жап-жаңасын

Бара жатыр жас бала

Ұстамайды етектен де

Өзі жүре алады.

Өйткені ол азамат боп,

Білім іздеп барады.

Адалдықты жүктеп алып

Сүрінбейтін сенімге

Жаңа қадам басқан балам,

Қуантады елінде.

Таудай талап арқалауы

Бекер емес тегінде.

Өйткені ол ақтамақшы

Үмітімді менің де!

Ендешебалалар орнымыздан тұрып әнімізді орындап берейік.

Ән:Қош бол, балабақша!

Осымен «Қош бол балабақша» атты ертеңгілігімізді жабық деп жариялаймыз.Бүлдіршіндерге сәт сапар тек биіктен көріне берсің!Сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *