«Тәрбиеші болу бақыт!»


Қайратқызы Үміт
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мен бүгін

Ерекше сезіммен ояндым,

Сәулелі шуақты ақ таңға боядым,

Жүреекте қуаныш, бойда күш тасыған,

Өмірімнің мәніне айналған,

Бүлдіршіндерді көремін тағы да қасымнан!

Мынау менің балабақшам… Әр күні олардың сүйкімді жүзін көргенде еріксіз күлімсіреймін. Өйткені олар мені қуана қарсы алады. Қуанышын жасыра алмай еркелей алдыма келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Мен олармен бірге жүрсем, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарағым келеді.

Мен тәрбиешімін… осынау мамандықтың қызығы мен қиындығын өзі бала ортасында жүрген жан ғана түсіне алады. Жер бетінде тәрбиеші алдын көрмеген адам кем де кем, мүмкін бұл мамандық содан киелі шығар.

Дән егіп өсіруден, балапан салып ұшырудан бала тәрбиелеп, балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын  түсіндіріп өсіру ең қиын іс дер едім. Мен балаларды жанымдай жақсы көремін. Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық пен татулықтың айнасы. Олар қуанса шын қуанып, ренжісе шын ренжи біледі. Олардың жаны жалңандықты, жасандылықты сүймейді, не айтса да әділ, шындықты айтады. Көздері мөлдіреген,жүздерінде күлкі ойнаған балаларға қарасаңызшы… Адам баласы балалық шақта қандай сұлу, қандай нәзік, қандай аңғал, қандай таза еді… Әр бала өзінше бір әлем… Жаны жақсылыққа құмар, арманшыл… Тәрбиеші мамандығының киесі де, қиындығы да осы періштелерді үлкен өмірге , қалтарыс – бұлтарысы көп өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай етіп тәрбиелеуде емес пе?

Білімімді кеңейтіп, тәжірибе жинау алдымда. Білімді ешқашан өзін білгіш қып көрсетуге тырыспайды. Шын білімдінің зейін – зердесі кең, алыстан қарасаң – кербез, жақыннан қарасаң – кішіпейіл. Жүзіне үңілсең – мейірімді, жанына үңілсең – шуақты көрінбек. Міне, осындай кербез, кішіпейіл, мейірімді, шуақты тәрбиеші атансам – адами парызымның орындалғаны болар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *