«Келді міне, Алтын күз!»


Майданова Толқын Канатовна
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс – әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой – қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата – аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.
Залдың іші мерекеге арналып әсем безендірілген. Ортаға әдемі киінген Алтын күз шығады.

Күз ханшайымы: – Саламатсыздар ма құрметті қонақтар! Сіздерді «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын. Күз мерекесі мол қазына, ырыс алып келсін.
– Сіздер білесіздер ме? Бүгін менің туған күнім. Соған менің қонақтарым, достарым келу керек еді, соларды күтіп жүрмін. Мына жақтан дауыстар естіледі, мүмкін қонақтарым шығар келе жатқан.
(Әуен ойналып, залға қолдарында жапырақтары бар балалар кіріп, айнала тұрады)

Би “Жалпи би”
(Музыка жетекшісінің шешімімен жалпы би қойылады. Барлық балалар шығып көңілді би билейді.)
1-жүргізуші: Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгінгі  біздің, “Жұлдыз” тобының -«Астыққа бай,Алтын күз!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Келді міне алтын күз,

Сары шашты жарқын күз.

Мол өнімді ісімен,

Таңдандырып халқын күз.

1-жүргізуші: Саламатсың ба, Күз ханшайымы! Туылған күнің құтты болсын. Біз қонаққа құр қол келген жоқпыз. Өзіміздің ән, би, тақпақтарымызды ала келдік.

Күз ханшайымы:

Құтты болсын тойымыз
Сәтті болсын ойымыз.
Бүгін менің мерекемде,
Той тойлайық бәріміз.
2-жүргізуші: Енді Алтын күз өзіңе арналған «Күз келгенде» әнін қабыл алыңыз.
Ән:”Күз келгенде”

Күз ханшайымы:  – Рахмет, балалар. Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды шақырып едім, кешігіп жатыр.Мен барып іздеп келейін,мүмкін адасып кеткен шығар.

Еркін би.( Би аяқтала бергенде бір бала әлсірей құлайды)

1 – бала: (Батырхан)

Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
(Басқа балалар көмектесіп, демейді)
2 – бала: (Батыр)

Енді, енді не етеміз?!
Батырханға қалай көмектесеміз?
3 – бала: (Мейіржан)

Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
1 – бала: (Батырхан)

Жо – жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
3 – бала: (Мейіржан)

Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
2 – бала: (Батыр)

Ауырмау үшін суық суға шомылу керек
Бұл – дәлелденген рецепт!
1 – бала: Ах!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! (“Жедел жәрдем” машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер киімін киген бала келеді)
Дәрігер: Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге: Батырханға дәрігерлік көмек керек!
Дәрігер: Қазір қарап шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын… (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
Дәрігер: – А – а – а – деп қане, аузыңды ашшы…… (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол – аяғың әлсізденген
Қызуың ыссы екен
Білдім, неден ауырғаныңды…!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
1 – бала: Енді не істеймін?
Дәрігер: Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп – көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
3- бала: Қазір күз мезгілі түсті ғой,
Жемістер де, көкөністер де пісті ғой!
Қоймаға қоңырау шалайық
Күз өнімдерін осында алдырайық!
2 – бала: Дұрыс айтасың! (Қалта телефонымен қоңырау шалады)
– Алло, алло! Қойма ма?
Бізге жемістер мен көкөністер керек
Машинаға тиеп жіберіңіз
Мүмкін болса тезірек!
(Машинаның дыбысы естіліп, руль ұстаған жүргізуші бала жемістер мен көкөністерді «тиеп» алып келеді)
Алма: Мен – алмамын, алмамын
Таңдандырар бал дәмім
Пісіп толдым, мінекей!
Баптап ерек бағбаным(Ислам)
Өрік: Мен – өрікпін, өрікпін
Дәміммен тәтті еліттім
Сүйіктімін сәбилерге
Айтпасам да бөліп тым(Василиса)
Шие: Мен шиемін, шиемін
Күннің көзін сүйемін
Қажеттімін адамға
Оны жақсы білемін!(Айша)
Қияр: Мен қиярмын, сәндімін
Салаттардың сәнімін
Дәруменім мол менің
Жегенге қуат сыйлаймын!(Рамазан)
Картоп: Мен картоппын, картоппын
Бір қарасаң – доппын?!
Немен жесең де жағам
Мені қоссаң тәтті болар тағам!(Адиль)
Қызанақ: Менің атым – қызанақ
Тұзды сеуіп молырақ
Банкілерге салыңыз
Аузын мықтап жабыңыз
Тағамға дәм қосамын
Қыста тәбет ашамын
Пияз: Мені тым ащы дейді

Мені тәтті емес дейді.

Бірақ мен пайдалымын

Салатты мен дәмдеймін.

Жүргізуші: Балалар сендерге қоймадан жемістер мен көкөністер алып келдім!

1-жүргізуші:Бойға қуат нәрі
Таптырмайтын дәрі
Өнімдерді ортаға ала
Тойлайық енді шаттана!

Би: “Көкөністер”

Күз ханшайымы: – Бүгінгі мерекеге өзімнің Қыркүйек, Қазан, Қараша атты ұлдарымды ертіп алып келдім. Ендігі кезекті ұлдарыма берейік.

Қыркүйек:   (Абдулсамат)

Бір-біріне жер аспан, мейіріммен қарасқан
Ұстаз-шәкірт жүздескен, қош келіпсіз күз дескен
Бірінші қыркүйек, білімге бастады
Мал мен аң жүр билеп, құс шарлап аспанды.

Қазан: (Аспандияр)

Қазан айы болыпты, қамбаға астық толыпты
Сары даланы сәндетіп, думандатып әндетіп
Жаңбырлы ғажап айы, бұл мен қазан айы.

Қараша: (Амир)

Мол байлық тергені, шаттығы қаншалық
Қараша өрледі, қараша ән салып
2-жүргізуші: -Рахмет! Мерекені бізбен бірге тойлаңдар!

Алтын күз, жаңбырлы күз, жомарт күз, суығы шыңдайтын, сұлулығы арбайтын мәрт күздің тойында
– шаршауды білмеуге!…….. (Балалар қайталайды)
– көңілді би билеуге!……. (Балалар қайталайды)
– әсем сазды ән салып, (Балалар қайталайды)
– бір – бірімізге жақсы тілек тілеуге ант етейік!
Балалар: Ант етеміз, ант етеміз, ант етеміз!(Кезегімізді әнге берейік.)

Ән: «Алақай,Алтын күз!»  әнің қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.
1.       Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденген халқымыз.(Глеб)

2.       Алтын,сары,қызыл,көк

Алуан-алуан жапырақ

Күзгібақта күлімдеп

Көз тартады атырап.(Айдана)

3.       Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді. (Дана)

Күз ханшайымы: -Бәрекелді, керемет!

2-жүргізуші: Қане онда…..
Қызықтайық бірге, сүйінелік,
Қолшатырлы қыздар биіне еріп!
Би «Қолшатырлы қыздар биі»
(Би аяқталғанда үнтаспадан желдің дыбысы естіліп жапырақтар ұшады)
1-жүргізуші:Тентек жел шашып кетіпті
Жапырақтарды сан алуан
Тезірек жинап алайық
Қане, қане кім жылдам?!
Ойын «Кім жылдам?»

Ойын шарты: жапырақтарды өз ағаштарына орналастыр.
2-жүргізуші: Олай болса, Күз ханшайымы біздің балалардың орысша тақпақтарын қабыл ал!

 

1. Здравствуй, осень золотая.
Твой наряд всех поражает.
Много злата, серебра,
И красива, и щедра.(Ә.Әмина)
2. Ходит осень по дорожке,
Промочила в лужах ножки.
Льют дожди и нет просвета.
Затерялось где-то лето.(Анель)

3. Осень наступила,
Высохли цветы,
И глядят уныло
Голые кусты.(Вадим)

2-жүргізуші.Қызыл, жасыл, сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ойланайық, толғанайық
Күз туралы әнге елтіп!
Ән «Күз»
1-жүргізуші:  Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

Би:”Орамал”

2-жүргізуші: Олай болса, Күз ханшайымы біздің балалардың ағылшынша тақпақтарын қабыл ал!

1. All the leaves are falling down,
Orange, yellow, red and brown. (Никита)

2.Autumn autumn autumn

Yellow and red

Autumn autumn autumn

I am very sad.(Ерали)

Autumn is the season

When apples are sweet.(Аяулым)

Ойын:
1-жүргізуші:  Күз ханшайымы! Біздің қыздарымыз,  аналары тіккен күздік киім үлгілерін  көрсетпекші. Ендеше «Алтын күз-2016» топтамасын ортаға шақырамыз! Қарсы алыңыздар!
Сәнді киімдер шеруі.
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! – Балалар, жарайсыңдар! Менің туған күнімді өте жақсы өткізіп жатырсыңдар.Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше аманшылық болсын!

2-жүргізуші: Күз ханшайымының сыйлығын беретін  кез келген сияқты.
1-жүргізуші:Күз тойын осыменен тамамдайық
Тағы да жомарт күзге ән арнайық!
Ән «Жомарт күз»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *