«18-ғасырдағы Қазақстан мәдениеті мен қазақ әдебиеті» тақырыбындағы тарих пәнінен ашық сабақ


Автордың аты-жөні:  Кабельдинова Хатима Уагаповна

Жұмыс орны:   Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Мәншүк ауылы, №26 орта мектеп

Лауазымы:  тарих пәні мұғалімі

Мақсаты:

1) 18 ғасырда Қазақстандағы мәдениеттің,әдебиеттің даму ерекшеліктері жөнінде түсінік қалыптастыру,орыс және шетел ғалымдарының ғылыми зерттеулері негізінде адам өмірінде білім мен  мәдениеттің қандай рөл атқаратының көрсету;

2) Оқушылардың танымдық,шығармашылық көзқарастарын дамыту,жауапкершілікке,шешім қабылдауға үйрету:

3) Пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталандыру.

Сабақ әдісі: «БжС» технологиясы бойынша

Сабақ типі: жаңа сабақ

1.Ұйымдастыру кезеңі

 Мотивация. Сынып көшбасшысына сөз беру

 2.Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру 

Өткен сабақ тақырыбы бойынша қарама-қарсы сұрақ қою.

  1. Неплюевтің кезінде 1744жылы құрылған губерния?(Орынбор губерниясы)
  2. Көтерілістің басты қозғаушы күші?(қазақ шаруалары,билер,отаршылдар,ру басшылары болды)
  3. Жалпы алғанда көтерісшілер саны?(3500адам)
  4. Әскери коллегияның президенті? (Г.А.Потемкин)
  5. Айшуақ сұлтан төрағасы болып белгіленген Хақ кеңесі қанша адамнан тұрды? (төрт адамнан)
  6. Жүздің көпшілік бөлігі қай басқармаларға бағындырылды?(Сібір және Уфа)
  7. Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі қашан басталды?(1784жылдың маусым айында басталды)
  8. Көтерілісшілердің негізгі күші қайда топтасты?(Төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде)

9. 1785жылы 17ақпанда көтерілісті басу үшін арнайы аттандырылған генерал майор?(Смирнов)

  1. Жыл бойына жақындаудан жүрексінген топ?(Колпаков тобы)
  2. Нұралы қай жылы қайтыс болды? (1790жылы)
  3. Орынборда шекаралық комиссия қай жылы құрылды? (1786ж)
  4. 1797жылдың күзінде қай полковник бастаған топ Сырымды қайта қудалай бастады?(полковник Скворкин)
  5. Сырым Датұлы қай жылы қайтыс болды?(1802ж)
  6. Сырым Датұлының өмірі,ерлігі,адамгершілігі туралы мәліметтер қайда терең орын алған?(халық ауыз әдебиетінде)

3.Қабылдауды ұйымдастыру

Жаңа сабаққа кіріспе.\3-5мин түсіндіру\

Тірек сөздерді есте сақтау.7,14немесе 21сөз жазылады.

Тірек сөздер:

1.Отарлау  2.империя  3.экспедиция 4.Миллер  5.Тобыл  6.Барнаул  7.Рычков  8.Ақтамберді9.Тәтіқара 10.Үмбетей 11.Жанақ 12.патриархат ,   13. Сұлтан,    14.  Әбілқайыр

Қиылысу сұрақтары: (кітапты оқу 10мин)

  1. Қазақстанда алғашқы зерттеу жұмыстарын кімдер жүргізді?(ғалым картографтар,географтар,минерологтер,тарихшылар)
  2. Жоңғария картасын кім жасады?(И.Г.Ренат)
  3. 19ғасырдың 80 жылдарында өлке тарихының белгілі зерттеушісі,Жоңғария картасын алғаш рет орыс география қоғамы жазбаларында жариялаған зерттеуші?(В.В.Веселовский)
  4. Сібір тарихының атасы атанған кім?(Миллер)
  5. Сібір тарихы еңбегі қашан шықты?(1750жылы)
  6. Қазақ тарихын зерттеуде кімнің еңбегі зор?(П.И.Рычков)
  7. Орта жүз туралы мәліметті кім қалдырған?(И.Г.Андреев)
  8. Қазақстанды зерттеуде еңбек сіңірген,осы өлкеде болған шетел саяхатшылары кімдер?(П.С.Паллас,И.Фальк,И.Георги)
  9. 1706-1778жылдары өмір сүрген белгілі жырау?(Үмбетей)
  10. 18ғасырдағы халық ауыз әдебиеті шығармашылығының көрнекті өкілдерінің бірі?(Ақтамберді жырау)
  11. 18ғасырдың екінші жартысында танымал халық ақыны кім?(Тәтіқара)
  12. 18ғасырдағы қазақ поэзиясының жарқын өкілдерінің бірі?(Жанақ ақын 1775-1846ж.)
  13. Қазақтың ұлы ханы, қазақ жерінен шыққан ерекше биік тұлға Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған кім?(Тәтіқара)
  14. Бізге жеткен шығармаларында ұлы тұлғалар?(шақшақ руынан Жәнібек,дулат руынан Бөкей мен Сағыр,Дербісәлі,уақ руынан Баян,Бөгенбай)
  15. Өмірінің соңғы жылдары Абылайдың кеңесшісі болған кім?(Бұқар жырау)

5.Сын  тұрғысынан сұрақтар:

  1. И.Г.Ренат Жоңғария картасын жасаған.(иә)
  2. Сібір тарихының атасы – П.И.Рычков.(жоқ,Миллер)
  3. 1706-1778жылдары өмір сүрген белгілі жырау Үмбетей.(иә)
  4. Бұқар жырау өмірінің соңғы жылдарында Есім ханның кеңесшісі болған.(жоқ, Абылай ханның)
  5. Қазақ мәдениетінің тарихында 18ғасыр ерекше орын алды(иә)
  6. Ғылыми зерттеулер алғашқы рет Каспий теңізінде өтті.(иә)
  7. Подполковник И.Д.Бухгольцтің әскери жорық экспедициясы біршама табысты болды.(иә)8.Қазақ ақын жырлары халықтың білігін,қуанышын жырлаған.(жоқ,зар-мұнын,ыза-кегін жырлаған)

9.Тәтіқара да өз жырларында батырлар ерлігін арқау еткен.(иә)

10.Жанақ шығармаларының ең басты жетістігі-«Еңлік Кебек» поэмасы.(жоқ, Қозы Көрпеш-Баян Сұлу поэмасы)

  1. Ақтамберді жырау қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында жерленген.(иә)
  2. К.Миллер сібір тарихы еңбегі 1760 жылы шықты.(жоқ,1750жылы)
  3. Орта жүз туралы жазған ғалым Гавердовский жазды.( иә)
  4. Қазақ тарихын зерттеуде Миллердің еңбегі зор.(жоқ, П.И.Рычковтың)
  5. 1Петр Орта Азияның ішкі аудандарына «кілт пен қақпа»деп қарады.(иә)

6.Тақырыптық сөздік қор. (5мин, 63 сөзден жоғары)

7.Рефлексия

8.Бағалау 

Тірек сөздер:

1.Отарлау

2.империя

3.экспедиция

4.Миллер

5.Тобыл

6.Барнаул

7.Рычков

8.Ақтамберді

9.Тәтіқара

10.Үмбетей

11.Жанақ

12.патриархат

13.сұлтан

14.Әбілқайыр

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *