«Тәрбиеші болу бақыт»


Берлібекова Айзат Берлібекқызы
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мен үшінде осы өмірдегі әрі қасиетті мамандық ол тәрбиешілік. «Жол тандауда жалтаңдауға болмайды » дегендей, әу баста ұлтымыздың, тәуелсіз ұлтымыздың, тәуелсіз еліміздің ертеңі боларлық бүлдіршіндерді тәрбиелеу жолын тандағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, ауыртпалығы мен жауаптылығы қырық атанға жүк боларлық осы кәсіпті тандау арқылы қоғамдық дамуға өлшеусіз үлес қосып келе жатқанымды мақтан етемін. Адам балаасының өмірде болуға тис бақыттың бірі не десек, ол өз қалауыңмен таңдаған кәсіп мамандығына деген салиқалы ынтызарлық әрі ыстық ықылас дер едім. Өз еңбегіне жан тәнімен берілген жан ғана өмірдің мән мағынасын, қоғамдық ортадағы жауапкершілікті, тұтастай түсіне біледі.                                Мен балабақшада жұмыс істегеніме екі жылға жуық уақыт өтті. Бұл еңбектен ешбір жалыққан емеспін. Өйткені менің жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірдегі ең бір бағалы уақытым, баққытты кездерім деп айта аламын.                                                                                                                                            Мен балаларды жанымдай жақсы көрем. Өйткені бала мен үшін тазалық пен пәктіктін, шынайлық пен туралықтың айнасы. Олар қуанса шың қуанып, ренжісе шың ренжи біледі. Олардың жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді, не айтсада әділ, шыңдықты айтады.                                                                Тәрбиеші мен үшін ол мамандық емес ол күнделікті өмір болып табылады. Күнделікті балаларға келгенде біз әңгімелесеміз, оқу қызметін өткіземін әр қашанда жаңа әлем, жаңа өмір ашылады.                                                                           Өйткені мені жас бүлдіршіндерге арнаған осы уақытымды өмірімдегі ең бір бағалы уақытым, бақытты кездерім деп айта аламын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *