«Қуаныш сезімі сарайында»


Аханова Маржан Тлеубековна
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының педагог -психологі

Мақсаты: Балалардың қарым-қатынас дағдысын дамыту,топқа деген қатынасын сезінуді қалыптастыру,жағымды эмоциялар тудыру,психо-эмоционалдық  қысымды жою.Өз -өзінің көңіл күйін түсіну және қабылдау.

Түзету міндеттері: балалардың көру қызметін жаттықтыру және дамыту, зейінін  және есте сақтау қабілетін дамыту.

Міндеттері :

-эмоционалдық күйді шығару:

-баланың қуаныш сезімін нығайту:

-баланың есту түйсігінің дамуын нығайту.

 

Қолданылатын құрал жабдықтар :

1.ақ қағаз:

2.түрлі-түсті бояулар :

3.қуанышты әуені бар диск:

4.гүл жапырақшалары:

5.үрмелі шар

6.көңілді және жай әуендер.

7.дымқыл сүлгі.

 

Балалар қараңдаршы ! Бүгін ерекше  күн себебі бізге көп қонақтар келіпті. Қанеки,барлығымыз қонақтармен  амандасып алайық. (Үш тілде балалар амандасады.)

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Здравствуйте гости!

Гудмони де гессес!

 

Сәлемдесу:

-Қане,бір-бірімізге сәлемдесейік.

Психолог маманы шапалақтайды:

Сәлем достым (балалар өзінің кеудесін ұстайды )

Қалың қалай?(балалар қол алысып сәлемдеседі)

Қайда жүрсің?(балалар құлақтарын ұстайды)

Сағындым ғой(кеуде түйістіреді)

Жақсы (құшақтасады)

 

Здравствуй друг

Как ты тут?

Где ты был?

Я скучал

Хорошо!

 

Тренинг барысы: Балалар шеңбер бойы отырады.Баяу әуен ойналып тұрады.

«Сәлеметсіңдерме балалар! Мен сендермен ,осындай жақсы сәтте кездескеніме өте қуаныштымын.Тренингіміздің тақырыбы:«Қуаныш сезімі сарайында».Балалар эмоция дегеніміз-бұл көңілге байланысты бет-әлпетіміздің өзгеруі.Адамдарда эмоциялар олардың көңіл-күйлеріне байланысты әр жағдайларда әртүрлі болады.Балалар қандай эмоциялар болады?-Қуанған  кезінде,ренжігенде ,жылағанда,таң қалғанда,қорыққандат.б.Мысалы: біз күлгенде бет әлпетіміз қалай өзгереді?Ал,ренжігенде ше?Міне,осындай әртүрлі сезімдер болады.Олай болса балалар біз  Қуаныш сезіміне қонаққа барамыз.Қуаныш сезімінің сарайына бару үшін ,алдымен көршілерімізге жақсы көңіл-күй сыйлаймыз.Көзімізді жұмып,қолдарымыздан  ұстаймыз.Енді көз алдымызға өмірімізде болған қуанышты оқиғаны жақсылап ойланып ,есімізге  түсірейік те,әдемі жүзімізге күлкі үйірейік.Көзімізді ашайық,көршіміздің қолынан қатты қысып ,мейірлене жымияйық».

Бұл кезде әуен ойнап тұрады,балалар шеңбер бойына отырады.

«Жарайсыңдар! Мінекей біз де  Қуаныш сезімінің сарайына келдік .Бізде сиқырлы бояулар бар,біз суретшіміз.Қазір сендер сиқырлы бояуларыңмен өздеріңнің қуаныштарыңның суретін салып бояңдар».

Баяу әуен ойналып тұрады.Балалар сурет салады.Сурет салып болған соң,психолог балалардың суреттеріне есімдерін жазып ,тақтаға іледі.

«Қандай әдемі екен .Сендер қуаныш сезімімен жиі кездесіп тұрады екенсіңдер ғой.Енді, әркім өз суреттері жайлы әңгімелеуін сұраймын.

Рахмет».

Психолог балалар суреттерін әңгімелеген кезде  оларға мынандай сұрақтар қояды: «Қазір сенің көңіл-күйің қандай?Осы тақырыпқа сурет салу саған оңай болды ма? т.с.с.»

Өте тамаша жарайсыңдар !

 

Ойын: «Мен білемін » балалар жарты  шең бер бойына тұрады. Психолог маманы әр бала «Үрмелі шармен» әртүрлі сөздер айтып шарды ұшырыды .Ойын кезекпен кезек жалғасады.

 

Мен білемін –сен көңілдісің

Мен білемін –сен ақылдысың

Мен білемін –сен ашуланшақсың

Мен білемін –сен қорқақсың

Мен білемін –сен тез ренжісің

Мен білемін –сен ақылдысың

Мен білемін –сен ерке қызсың

Мен білемін –сен шыншылсың

Мен білемін – сен көңілдісің

Мен білемін –сен қайырымдысың

Мен білемін  сен –еңбекқорсың

Мен білемін –сен инабаттысың

Психолог:Мен білемін сендер ұйымшылсыңдар,

Мен білемін бүгін қуаныштысыңдар. Соңғы сөзді айтқаннан кейін  бәрі шапалақтайды.

Жарайсыңдар,балалар ,өте тамаша айттыңдар.

 

«Балалар мына әуенді тыңдап,әуеннің көңіл-күйін сезіңіңдер».

Әуен ойналады,балалар қуанышты әуенді тыңдап ,оның көңіл-күйін талқылыйды Жарайсыңдар балалар өте керемет!Осылай әрқашан қуанып ,қуаныш сезімде жүріңдер.өте зейінді балалар екенсіңдер!

 

Ойын: «Көңіл-күй»(ағылшын тілінде)

«Егер көңілді болсаң сен »

«Если тебе весело живется»

1.Еф ию каппи,-3рет хлапью хенс-3рет хлопают (күліп) көңілді

2.Еф ию энгри -3рет стамп е фит топают (ренжіп шошып)

3.Еф  ию скерт -3рет сей о ноу(шошып қолын ұстайды)

4.Еф ию слипи -3рет теке мәп (шаршап тұру)

Керемет балалар, «жарайсыңдар»!

«Жарайсыңдар!»Қазір біз «Сөйлемді аяқтау» ойынын ойнаймыз.Мен сөйлемді бастаймын,ал сендер аяқтайсыңдар .

«Мен  бүгін қуаныштымын …т.б.

Балалардың  айтқандарын психолог жазып отырады.

«Қандай әдемі сөйлемдер айта алады екенсіңдер ».

Балалар міне сендер мынандай үлкен гүл көріп тұрсыңдар,бұл сендердің –қуаныш гүлдерің.Міне гүлдің ортасына қуанышты сезімнің бет пердесін салдым,ал мына гүлжапырақтарына сендердің «Мен бүгін қуаныштымын…»сөйлемін аяқтаған ойларыңды жаздым.Осы гүлдей жүздеріңнен күлкі кетпесін деген тілекпен сендерге сыйлаймын.Гүлге топтарыңнан бір орын тауып,іліп қоюларыңа болады.

Ал,енді қайтайық.Ол үшін ,көздерімізді жұмып ,қуанышты жағдайды есімізге түсірейік.1-2-3 бір-бірімізге қуаныш сыйлап ,қолымызды қысамыз.

 

Релаксация –жаттығу. «Әуе шары».

Балалар орындықта арқаларын тіреп отырады.Сазды әуенмен психолог: Көздеріңді жұмып ,тереңнен мұрынмен таза ауа жұтыңдар.Іштеріңді шар деп елестетіңдер.Көп ауа жұтсаңыздар ,шарда үлкейеді.Енді ауаны ауызбен жіберіңіздер.Ауа шардан ұшып кетті.Шардан шыққан ауадай.Беске дейін санап дем алыңдар.тағы ауаны жинап тағы жіберіңіздер.

Демалу арқылы бойларыңызға күш жігер және жақсы  көңіл күй ,қуаныштың бар екенін сезесіздер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *