«Наурыз келді, алақай!»


Жакупбаева Айнур Муратовна
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының музыка мұғалімі

Мақсаты: Балаларға мерекелік жақсы көңіл күй сыйлаумен бірге қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Сонымен қатар балаларды ұлттық салт-дәстүрмен таныстырып, оны терең түсіне сезіне білуге мән беру. Әртүрлі ұлттық ойындар ойнату, тақпақтар айтқызу арқылы тілін дамыту, қабілетін дамыту.

Үнтаспадан «Наурыз» әнінің әуені мен ұлттық киімдегі балалар мерекеге лайық безендірілген залға кірген соң үш қатарға бөлініп отырады.

Жүргізуші: Құрметті қауым! Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер?

Күн мен айға әлемнің,

Берем ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйсініп,

Сәлем берем иіліп.

Қымбатты балалар, қонақтар, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды. Наурыз-мұсылман қауымның ұлттық мейрамы. Наурыз-жыл бас. Наурыз-Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні ата-аналарымыз бен әжелеріміз үй-үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді. Тойдың көркі ән дейді халқымыз. Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар.

Ән: «Наурыз»

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күніне арнап біздің бүлдіршіндерімізшын жүректерінен тақпақтарын айтып бергелі отыр.

Арини:

Көктем келді, наурыз келді,

Жер көгерді, ел көгерді,

Дастарханын жайып дархан

Жақсылық пен бақыт шашқан.

Батырхан:

Наурыз келді тойға ұласқан,

Наурыз тойы құтты болсын!

Ырыс тасып берекелі,

Өмір сүрсін бақытты елім!

Әліби:

Арпа бидай бастаған,

Жеті дәмнен аспаған,

Наурыз көже ежелден,

Бұл тойдағы бас тағам.

Жанар:

Шаттығымыз-жырымыз,

Жаңа Наурыз-жылымыз.

Ақ тілеумен осындай,

Бақ боп үйге кіріңіз.

Біздің тойға құтты болсын айтып,әже мен Қыдыр ата келіпті.

Әже: Балаларым Наурыз құтты болсын, той тойға ұлассын!Мен сендерге «Наурыз көже»пісіріп әкелдім.Наурыз көже.Наурыз тойына ғана тән,көпшілікке арналған мерекелік тағам.Ол жеті тағамнан жасалады:сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс тағам түрлерінен жасап,мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынылады.Наурыз көженің дәстүрлік,мерекелік,ұлттық тағылымы өте зор.

 

Қыдыр ата:

Ассалаумағалейкум халайық,

Армысындар халайық

Бармысындар халайық,

Наурыз тойын баршамыз,

Жақсылап қарсы алайық.

 

Жүргізуші: Қымбатты қонақтар!Сіздерге арналған әсем биіміз тағы бар:

Қыздардың орындауында «Домбыра» биі

Жүргізуші:Наурыз салт-дәстүр мерекесі!Қазақ халқының балаларды жақсы әдетке,адамгершілікке баулуға арналған,тәрбиелік мәні зор салт-дәстүріміз де жетерлік.

Салт – дәстүрім жарасса,

Қайта түлеп жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша.

Салт-дәстүріміздің бірі- «Атқа міңгізу».Ұл баланы атқа міңгізген кезде оған садақ,қамшы сыйлап,ер бол,батыр бол үлкен азамат бол деген тілек айтылады.Осы атқа міңгізу дәстүрін бүгін біз көрсетейік.Илькерді ататқа міңгізіп,қолына қамшы ұстатаып,ауылды аралатамыз.(музыка әуенімен Илькер шапқылап бір шеібер жасап аралап шығады.)Ауылды аралап жүрген кезде шашау шашылады.

Қашанда құт-береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу салты елім менің

Уа халайық,теріп ал шашуыңды

Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін.

Ойын: «Қыз қуу»

Жүргізуші:Сіздерге арналған кішкентай бүлдіршіндердің тақпақтарын қабыл алыңыздар

Санжар:

Наурыз келді, құт болып,

Мына бізге сүт болып,

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады.

Ноэль:

Осыншама жақсылық,

Алып келген Наурызым

Төрлет бізге нұр беріп,

Шуақ шашып ақ жүзің!

Коля:

Наурыз тойым!

Құтты болсын халайық!

Қане достар!

Шырқап әңге салайық!

Жүргізуші:

Шалқып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз өрендерге тамсанайық.

Ән: «Көктем»

Ұлттық ойын: «Күш сынасу»

Би: «Қара жорға»

Хормен жалпы ән: «Весна»

Жүргізуші: Батаменен ел көгерер,жаңбырменен жер көгерер- дегендей Қыдыр ата,өзіңізден бата күтеміз.

Қыдыр ата:Рахмет балаларым,өнерлерің өркендесін.

Қолдарыңды жайыңдар, бата берейін:

Талмайтын талап берсін

Самғайтын қанат берсін

Баянды бақ берсін

Ұзақ ғұмыр берсін

Қлыс оң болсын

Ақ мол болсын

Қайда барсаң жол болсын!

Әмин!

Жүргізуші:Балалар,мінеки Наурыз мерекесінің шаңырағы да көтерілді,өзінің сыйлығында әкелді.Осымен біздің шағын ертеңгілігіміз аяқталды,сау болыңыздар!

Қорытыңдылау:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *