Мен-логопед маманымын!


Кыздаркулова Карагоз Жетписовна
КМҚК  №134 «Гауһар» балабақшасының логопеді

Логопед  мамандығын таңдап  еңбек еткеніме  бірнеше  жыл өтіпті. Соның ішінде ересек топ және жас ерекшеліктері  аралас тіл ақау балалармен жұмыс атқардым.  Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, тілін дамыту ,бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Неге бұл мамандықты таңдадым? Мүмкін  анам және үлкен әпкелерім ұстаз болғандықтан шығар?Бала кезімнен  ұстаздық тәрбие көргендігімнен болар? Осы кезге дейін  көрген білгенім  мен  ойға түйгенім  мамандығымның  ерекшелігі

Логопед  маман-тіл ақауы бар және сөйлеу тілінде бұзылуы бар балаларды тәрбиелеу, оларға өзіне деген  сенімділік сезімін тәрбиелеу.

Бұл балалар басқа балалар сияқты емін еркін жүре алмайды. Көбінесе тұйық,  ұялшақ,сенімсіз, көмекті қажет ететің балалар.Менің мамандығымның ерекшелігі, балаларға көмек бергенде тек стандартқа байланысты жұмыс емес,сонымен қатар әр баланың ерекшелігіне байланысты және көмекті қажет ететің балаларға өзіндік кілт табу.

Балаларда тіл кемістіктің пайда болуы:

Біздің әлеуметтік өмірде ата- аналарымыз қателіктері деуге болады. Ата аналар өздері де оны байқамайды. Үй тіршілігінде бала мазасын алса, ата ана көбінде планшет, ұялы телефон немесе интернетегі жасқа сай емес  мультфильмрді  қосып беріп,  уақыт шектеуліктерін қоймайды. Әрине заманауи заттарды пайдаланған дұрыс, бірақ баланың тілінің  дұрыс дамымауына әсерін тигізеді.

Менің ойымша бұл кемістіктерді жоюға болады. Тек оны логопед маманы ғана емес сондай ақ ата ана мен бірге бірлесіп жасалған жұмыс, нәтижесің береді деп ойлаймың.

Шешу жолдарын айтатың болсақ: Жаңа технологияны  алатың болсақ. Ол әрине интерактивтік тақта ,  магнитафон арқылы жұмыс,микрафонмен қайтталау сияқты т.б . Осы аталған заттарды пайдалана отырып мен жеке  жұмыс дыбыстық ойын түрлерін,  сурет бойынша әңгімелеу ,ұсақ моторика ойындары,жаттамақтар, тапақтар  өте тиімді деп санаймың.

Бұл міндетті орындау үшін, баланың ұйымдастырылған  оқу  қызметіне  қызығушылығын арттып   тәрбиелеу мен оқытудың көптеген жаңа әдіс- тәсілдерін алып, өз іс- тәжірибемде ұтымды пайдалана білуге тырысамын.

Қазақ тілінің мемлекеттік статус алуына байланысты Қазақстан Республикасының білім беру саласында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылды. Соның бірі -әр түрлі тіл кемістігі бар балалардың ана тілінде оқыту мәселелері. Қазіргі кезеңде тілінде кемістігі бар балаларды мектеп жасына дейінгі арнайы  балабақшамызда, топтарда тәрбиелеу оқыту жұмыстары қолға алынған.Арнайы  тобында  тәрбиелеу және оқытудағы жұмыстар олардың жалпы сөйлеу мүмкүндіктері ескеріле отырып, жалпы балабақшалардың бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Мысалы :бағдарламада «Дыбыстардың айтылуы қалыптастыру», «Фонетикалық есту қабілетін жетілдіру», «Сауат ашу» «Байланыстырып сөйлеу» сияқты жаңа бөлімдері

ЛОГОПЕД  деген    сөздің әр әріпінің мен үшін өзіндік  мағынасы бар:

Л –Любовь-Махаббат    Балаларға деген махаббат. Балаларға  деген махабатсыз  жұмыстың нәтижесі болмайды.

О- Ответственность – Жауапкершілік. Баланың болашағы біздің қолымызда.

Г -Гордость- Мамандыққа деген мақтаныш. Баламен бірге жұмысымның қортыңдысын   көргенде , мен үшін және бала үшін жеңіс.

Ообразованность -Білімділік   Балаға білім беру үшін ұстаз өзінің білімін жетілдіру тиіс. Ол үшін мен: Методикалық әдебиеттерді пайдалану    (Мысалы: Журнал «Логопед» «Дұрыс сөйлейміз »,М.Г. Генинг «Балалардың дұрыс сөйлеуін дамытамыз» А.М. Бородич )  қолданамын  бұл әдебиеттерді  қазақ тіліне аударып және жаңа  технологияларды қолданамың  Ол Монтессори әдісі бойынша    т.б

П-Положительные эмоции  -Жағымды әсер . Күнделікті баламен қарым қатынас ұстазға да балаға да жағымды әсер.

Е-Единство- Бірлік. Логопед пен Ата ана  қарым қатынасы . Көп жағдайда ата аналар баласының даму заңдылығын түсінбейді және  мәселенің шешу жолдарынын білмегендігі. Логопед пен Ата ананың  тығыз қарым қатынасымен ғана нәтижесі болады.

Д -Достижение- Жетістікке жету. Баланың таза  ,дұрыс сөйлеуі-ол атқарылған жұмысымның нәтижесі деп есептеймін.Ол: Баланың өз ойын дұрыс айту, сюжетті суреттерді өз бетімен әңгімелеу. Оқылған ертегілерді жас шамасына сай қайталап беру.

Әр баламен жасаған жұмысымның нәтижесін көргенде.

Мен өз  мақсатыма жетім деп санаймын, және  таңдаған мамандығымды  мақтан тұтамын.

Осыған ұқсас жазбалар:

Тілашар Логопед№6 (28) 2014 жыл

Тілашар Логопед№ (2) 2014 жыл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *