«Экология еліне саяхат»


 Джумашева  Ляззат  Тюлегеновна

Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық  университеті

«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» 2 курс; 3 ж студенті

Жетекшісі: Курмангалиева Жанаргул Курманбаевна

№47 Бәйтерек бөбекжайының тәрбиешісі

Топ: «Ақкеме» 2- кішілер

Білім беру саласы:  «Әлеумет»

Бөлімі: Экология.

Тақырыбы: «Экология еліне саяхат»

Мақсаты:Балалардың экологиялық білімдерін тексеру, табиғаттың сұлу көркіне балалардың қызығушылық сезімдерін арттыру, табиғат туралы білімдерін пысықтау; табиғат ережесін сақтап оны қорғауға тәрбиелеу.

Алдын-ала жұмыс:Табиғат туралы мақал,жұмбақ айту.

Әдіс – тәсілдер:Түсіндіру, көрсету, сұрақ -жауап

Көрнекіліктер: Жануарлардың суреттері,ойыншық аңдар, табиғат дауыстары бар үнтаспа.

Қажеттіқ құрал жабдықтар:Су,ыдыстар,сүзгіш түтікше, қызыл, жасыл мата.

Үштілділік :Табиғат-природа-nature, жануар–животное-animal, жәндіктер-насикомые-insects, құстар-птицы-birds, балық-рыба-fish, өсімдіктер-растение-plant, ағаш-дерево-tree, гүл-цветы-flower, су-вода-water

Оқу қызмет кезеңдері : Тәрбиешінің іс-әрекеті: Балалардың іс- әрекеті:
Мотивациялық –

қозғаушылық:

 

-Балалар, біздерге көптеген қонақтар келіп қалыпты, қонақтармен амандасайықшы.

-Бүінгі күнімізді бір-бірімізге қамқорлықта, ұжымшылдықта өткізейік.      Ендеше мына тілек шеңберін бірге айтайық.

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

 

Балалар үш тілде амандасты.

 

 

 

 

 

 

Балалар өлең шумақтарын қимылмен айтып қайталады.

Ізденіс-ұйымдастырушылық:

 

 -Балалар енді назарымызды мына суретке аударайық.Балалар, оқу іс-әрекетіміз осы суреттен басталады.

-Суреттен нені көріп отырсыңдар?

-Дұры айтасыңдар балалар, бұларды бір сөзбен табиғат деп атаймыз.

-Балалар табиғат сөзімен қоса,тағы бір сөзді жиі естиміз.Ол қандай сөз?

-Ол нені білдіреді?

-Балалар табиғат сөзін үш тілде айтайық.

Табиғат-природа-nature.

-Бүгін сол «Экология еліне» саяхатқа шығамыз.

Балалар табиғат тірі  табиғат және және өлі табиғат болып екіге бөлінеді.

 

-Тірі табиғат дегеніміз не?

 

 

 

 

 

– Өлі табиғатқа нелер жатады?

-Жарайсыңдар балалар , табиғат жайында жақсы білесіңдер екен, енді біз табиғат жайында одан әрі тереңірек білу үшін саяхатқа шығайық.Саяхатымыз «Экология еліне саяхат»болмақ.

Қонаққа «Табиғат жанашыры» келеді.(теледидардан сөйлейді)

«Табиғат жанашыры» сөйлейді.

-Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендердің «Экология еліне» саяхатқа шығайын деп жатқандарыңды естідім.  Сендерге арнап еліміздің картасын ала келдім.Саяхат барысында сендер әртүрлі елді-мекенге  барасыңдар, сол мекеннің тән өз ерекшеліктерін мына картаға белгілеп отырыңдар. Саяхаттарың аяқталған кезде  карта арқылы  менің  не айтқым келіп тұрғанын түсінесіңдер.

-Сау болыңдар балалар сапарларың сәтті болсың.

Тәрбиеші:

-Балалар біз сапарымызды бастайық.Ол үшін барлығымыз әуе шарымызға отырып  саяхатымызды бастайық.

Әуе шарынан түскеннен  кейінқұстар , жан-жануарлардың  дауыстары шығады.

-Балалар қараңдаршы алдарымызан көптеген іздер жатыр.Олар бізді қайда апарар екен.

-Қанекей барлығымыз осы із бойымен жүрейікші.

-Ой балалар біз қайда келдік,манағы іздер кімдікі болып шықты?

. «Жануарлар»елді -мекені.

-Балалар жануарлар қалай болып бөлінеді?

-Дұрыс айтасыңдар балалар.Енді ойын ойнауға қалай қарайсыңдар?

Ойын: «Жануарларды топта»

Шарты:үстелдің үстінде әртүрлі жануарлардың суреті тұр.Сол суреттерді алып, мына жануарлардың тобына топтастыруларың керек.

Мақсаты: Балаларды шапшаңдылыққа баулу, танымдық қабілеттерін арттыру.

-Балалар , енді осы топтың ішіндегі аңдар тобы немен қоректенетінін білесіңдерме?

-Жарайсыңдар.Етпен қоректенетін жануарларды  жыртқыштар деп айтамыз, ал өсімдіктермен қоректенетін жануарларды шөп қоректілер деп бөлінеді.

Ойын: «Немен қоректенеді»

Шарты:қызыл матамен жабылған үстелге жыртқыш жануарларды,ал жасыл матаның үстіне өсімдіктермен қоректенетін жануарларды орналастырамыз.

-Балалар жануарлар туралы жұмбақ жасырамын шешуге қалай қарайсыңдар?

Өзі айлакер , өзі бір қу,

Жүрген жері айқай да шу.

 

Терісібар,жүні жоқ,

Жүрісі бар , ізі жоқ.

Қанаты бар ұшпайды;

Су астында қыстайды.

 

Күні бойы тынбайды,

Дәмді тағам жинайды.

 

Қалқиып ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады.

 

Қыт-қыт етеді,

Кезіп жүріп көшені.

Жата қалса орнына,

Ақ доп тастап кетеді.

-Балалар мына сөздерді үш тілде бірге айтайық.

Жануар–животное-animal,жәндіктер-насикомые-insects, құстар-птицы-birds, балық-рыба-fish,

 

-Балалар біз тоқтаған аялдамымыздың аты қандай?

-Ендеше өзіміздің картамызға  жауарлардан  белгілеп алайық.

-Енді әуе шарымызға мініп саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық.

-Балалар саяхатымызды жаяу жалғастырайық, жаяу жүрген денсаулыққа пайдалы. Елді-мекеніміздің дер ара қашықтығы жақын сияқты.

-Сайраған құстардың дауысы естіледі балалар,айналаны әдемі гүлдер қаптап жатыр екен бұл қандай менкен болды екен?

-Гүлдерді баспайық айналып өтейік,олар да тірі ағзалар ғой.

-Гүлдерді басуға бола ма?

2. «Өсімдіктер »елді –мекені.

-Өсімдіктерге нелержатады?

-Дұрыс айтасыңдар.

 

-Балалар өсімдіктердің қандай пайдасы бар?

-Дұрыс айтасыңдар.Жасыл желекті жұлуға болмайды.Оларды суарып, топырақтарын қопсытып қамқор болуымыз керек.

 

 

-Өсімдіктер туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

 

 

-Жарайсыңдар балалар.

 

-Қандай мақалмен айтуға болады.

-Балалар мына сөздерді үш тілде бірге айтайық.

өсімдіктер-растение-plant, ағаш-дерево-tree,гүл-цветы-flower

 

 

-Ағаштарды сындыруға бола ма?

-Дұрыс айтасыңдар.Жасыл желекті жұлуға болмайды.Оларды суарып, топырақтарын қопсытып қамқор болуымыз керек.

Кім жасыл-желек туралы тақпақ білед?

-Жарайсыңдар , картамызға ағаштарды белгілеп алайық.

-Балалар саяхатымызды жалғастырмас бұрын біраз серігіп алайық.

Сергіту сәті.

Теледидардан қарап балалар жаттығуларын орындайды.

-Енді саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.

-Ой,балалар ненің дауысы шығады?

-Мына өзеннің дауысы екен ғой балалар.

 

3. «Зертхана» елді-мекені.

-Балалар сулар қандай түрлері кездеседі екен?

 

 

 

Суды үш тілде бірге айтып қайталайық.

-Су-вода-water

-Су туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

 

 

 

-Судың қандай пайдасы бар?

 

-Ендеше сол суға тәжірибе жасап көрейік.

-Балалар сендердің алдарыңда су құйылған екі ыдыс тұр.Екі ыдыстағы судың түстері бірдей ме?

-Енді лас суды тазартып көрейік.Ол үшін таза ыдысқа түтікше қойып, оның үстіне сүзгіш қағаз салайық, лас суды құйамыз.Қараңдар ,не болды?

-Қағаз қалай өзгерді?

-Судың қасиеті қандай?

-Кім айтады ,сонда біздің балабақшаға , үйге таза су қайдан келеді?

-Дұрыс айтасыңдар,балалар бізге су әртүрлі тазартулардан өтіп келеді.

 

-Су таза болу үшін  біз не істей аламыз?

-Дұрыс айтасыңдар балалар.Өзіміздің картамызға  судың белгілерін белгілеп алайық.

-Енді әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

 

4.«Жақсы істер»елді- мекені.

-Балалар қараңдаршы айнала қандай,не көріп тұрсыңдар?

 

 

-Дұрыс айтасыңдар балалар,бұны істеген кім деп ойлайсыңдар?

-Адамдар табиғатты бүлдіруде.

-Ендеше барлығымыз, бірге  айналаны жинайық.

-Сынып қалған ағаш бұтағын мына шүберекпен  байлайық.

-Мына шашылып қалған  қалдық заттарды жинап ,арнайы қоқыс салғышқа салайық.

 

-Құстың ұясы жерде жатыр не істеуіміз керек?

-Балалар бұдан  түйгеніміз не?

 

 

 

 

– Табиғат туралы қандай тыйым сөз білесіңдер.

 

 

-Жарайсыңдар балалар  өзіміздің картамызға  тыйым белгіерін белілеп алайық.

-Балалар теледидарға назар аударайықшы!(слайт көрсету)

-Не көрдіңдер?

 

 

 

-Бұлай істеуге бола ма?

 

 

Балалар суретке зер салды.

-Суреттен өсімдіктерді, жануарларды, ағаштар,құстарды, тау, суды,  адамдарды көріп тұрмыз

-Экология.

-Табиғатты қорғау деген сөз.

Балалар қуанды.

Балалар айтты.

-Табиғат-природа-nature

 

 

 

 

 

-Тірі табиғатқа:

адамдар, өсімдіктер, жануарлар, жатады.Олар өседі, қоректенеді, тыныс алады, көбейеді.

-Өлі табиғатқа : ауа,су,тау,тас,топырақ.Олар тыныс алмайды,қоректенбейді.

 

 

 

 

Балалар саяхатқа шығатынына қуанды.

Балалар «Табиғат жаңашырына» таңдана қарады.

 

Балалар «Табиғат жаңашырына» таңдана қарады.

 

 

 

 

Балалар қуана келісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар әуе шарына отырды.

Балалар дауысқа таңдана қарайды.

 

 

Балалар із бойымен жүрді.

 

-Жануарлар мекеніне келдік,із осы жануарлардікі.

-Құстар,аңдар,балықтар, жәндіктер.

Балалар қуана келісті.

 

 

 

Балалар ойынға белсене қатысты.

 

 

 

 

-Білеміз.

-Қасқыр қоянмен қоректенеді.

-Сиыр шөппен қоректенеді.

-Қоян сәбіз жейді.

-Түлкі тауықты жейді.

Балалар жыртқыштар мен шөп қоректілердің өзіне тән ерекшелігін ажырата білді.

Балалар ойынға белсене қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Жұмбақтың жауабы:т үлкі.

 

 

 

-Жұмбақтың жауабы:балық.

 

 

 

-Жұмбақтың жауабы:бал арасы

 

 

 

-Жұмбақтың жауабы:қоян.

 

 

 

-Жұмбақтың жауабы:тауық.

 

Балалар айтты.

Жануар–животное-animal,жәндіктер-насикомые-insects, құстар-птицы-birds, балық-рыба-fish,

 

 

-Жануарлар аялдамасы.

Балалар карталарына белгіледі.

 

Балалар әуешарына мінеді.

 

 

 

 

Балалар қуана келісті.

 

 

-Өсімдіктер мекеніне келдік.

 

 

 

-Гүлдерді басуға болмайды.

 

Гүлдер,ағаштар,шөптер,бөлме гүлдері.

 

-Бізге ауа береді.

-Күн ыссыда көлеңке береді

-Гүлдер әдемілік береді.

 

 

 

 

Балалар жасыл желектерге арнап өздерінің тақпақтарын айтты.

Орманды,жап –жасыл орманды.

Орманды- отаушы болмандар!

Отан мен орман жұп,бір ұғым.

Орманды-

Отандай қорғандар!

 

-Бір тал кессең ,он тал ек.

 

Балалар қайталады.

 

-Өсімдіктер-растение-plant, ағаш-дерево-tree,гүл-цветы-flower

 

 

Балалар карталарына белгіледі.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін қимылмен орындады.

 

 

-Ағып жатырған судың дауысы шығып жатыр.

Балалар сулардың түрлерімен танысты,оларға тән ерекшелігін айта білді.

-Көлдер,өзендер,мұздықтар,жер асты сулары.

Балалар қайталады.

-Су-вода-water

Сөз сағасы –құлақ,

Су сағасы-бұлақ.

 

Судың да сұрауы бар.

Жер қазына,су гауһар.

-Суды ішемі,сумен жуынамыз.

 

-Жоқ, бір ыдыста лас су. Екінші ыдыста таза су.

 

Балалар алдарында тұрған ыдыстағы суға тәрбиешімен бірге тәжірибе жасады.

 

-Су тазарды.

-Ол кірледі.

-Мөлдір,дәмсіз,иіссіз.

 

-Өзендердегі суды тазарту арқылы жерасты сулары арқылы келеді.

 

-Суға қоқыстарды лақтырмау.өзенге  кір жумау.

 

 

 

Балалар  картаға белгіледі.

 

 

 

 

-Ағаштың бұтағын біреу сындырып кетіпті.

-Құстың ұясын құлатып тастапты.

-Айналада қоқыстар толып жатыр.

-Адамдар.

 

 

Балалар  ағашты  матамен байлады.

 

 

Балалар қоқыстарды жинады.

 

-Ұяны орнына қойуымыз керек.

 

-Табиғатты бүлдірмей таза ұстаумыз керек.Қорғауымыз керек.

 

-Ағашты  сындырма.

-Гүлді жұлма.

-Құстың ұясын бұзба.

-Құстың  жұмыртқасын ұстама.

-Қоқысты лақтырма.

-Құмырсқаның илеуін бұзба.

 

Балалар картаға белгіледі.

 

Балалар теледидарға назар аударды.

-Адамдар ағаштарды кесіп жатыр,түтіндер шығып жатыр,суды ластап жатыр.

 

-Айналаны ластауға болмайды.

Рефлексивті-

Қортындылаушылық:

 -Жарайсыңдар,балалар«Экология еліне» саяхатымыз аяқталды.Әуе шарымызға мініп тобымызға қайтайық.

-Балалар бүгінгі оқу қызметінде қайда бардық?

-Саяхатқа немен бардық?

-Қандай аялдамалар болды?

-Бұл саяхаттан қандай қызықты нәрселер үйреңдіңдер?

 

 

 

-Қандай тыйым сөздер үйрендік?

 

 

 

-Бізге кім карта ұсынды?

 

-Карта арқылы бізге Табиғат жанашыры не айтқысы келді.

-Балалар ,жарайсыңдар барлығың саяхат барысында белсене қатыстыңдар.  Еліміздің жас экологтары деген атқа лайықсыңдар.Мына алқаны сендерге беремін.

 

 Балалар әуе шарына мініп топқа келеді.

-«Экология еліне»саяхатқа бадық.

-Әуе шарымен бардық.

-Жануарлар, орман, зертхана,

жақсы істер аялдамасы.

-Суға тәжірибе жасау арқылы қалай суды тазартатынын білдік.Табиғатты қалай қорғайтынын білді.

-Құстың ұясын бұзбауды,  құмырсқаның илеуін бұзбау, гүлді жұлмау керектігін,  ағашты сындырмау керектігін үйрендік.

-Табиғат жанашыры картаны  ұсынды.

-Әрқашан табиғатқа қамқор болып,күтіп баптау керектігі.

 

 

 

 

Балаларға «Жас эколог»алқасы тағылад.Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:

Бала білуі керек:Табиғат  туралы тақпақ, тыйым сөз,мақал-мәтелдерді білді.

Баланың игере алуы: табиғи құбылыстарының ерекшеліктерін тәжірибе жасау арқылы игере алды.

 Бала меңгеруі тиіс: табиғат ережесін сақтап оны қорғауды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *