«Алтын күз!» Музыкалық мереке

 Сарбасова Асель Маратовна
 Музыкалық жетекші
 Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы «Ақжелкен» бала бақшасы

«Алтын күз!»

 

Мақсаты: Балаларды күз әлемімен таныстыру. Күз мезгілінде болатын    ерекшеліктерді сахналандыру. Балаларды күз байлықтарымен, күзгі еңбекпен таныстыру. Табиғатты сүю, қорғауға тәрбиелеу.

 

(балалар әуенмен кіреді)

 

Тәрбиеші: -Балалар, біздер күзгі орманға келдік. Күзгі орманның жапырағы қандай екен? Қане, қарайықшы. Жапырақтары сары, қызғылт, қызыл. Өте әдемі екен?! Солай ма балалар? Ал орманды кім әдемілеп қойғанын білесіңдер ме?

Балалар: – Сиқырлы күз әдеміледі.

Тәрбиеші:  – Дұрыс балалар. Тыңдаңдаршы, жел соғып жатыр. Қане, бәріміз желмен бірге үрлейік. (Үф –ф… үрлейді) Ал енді қолымызға бір – бір жапырақ алып

«Күз келгенде» әнін айтып берейік.

 

ӘН: «КҮЗ КЕЛГЕНДЕ»

 

Ясмина.  Алтын, сары, қызыл, көк –

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

 

Мади. Сап – сары маңай,
Сап – сары тоғай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.

 

Мадина. Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді,
Жемістерді жинауға,
Шақырады біздерді.

 

Дастан. Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ.

 

Арулана. О, алақай тамаша!

Шашу шашты жапырақ,

Бақтың іші алаша,

Аунар ма едім, жатып ап?!

 

 

БИ: «ЖАПЫРАҚТАР»

(Билеп болғаннан кейін жапырақтарды жерге жашып кетеді. Ойын ойналады. Көп жинаған бала жеңімпаз болып есептеледі)

 

ОЙЫН: «КІМ ЖАПЫРАҚТЫ КӨП ЖИНАЙДЫ»

 

 

 

Тимур. Қуандырып біздерді

Мерекелі күз келді

Кел, жемісті алтын күз

Кемелденсін халқымыз.

Жанайым. Көк майсалы көрікті

Алқаптағы көк егін

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлегін.

Аян.   Алтын суық күз келді

Жел мен жаңбыр әкелді
Құстар ұшып кетеді
Ән салмайды өтеді

 

Ақсауле. Алтын күзге шырайлы.
Ауласында жиналды.
Берекелі күз келді,
Мерекелі күз келді.

Тоғжан.  Птички улетели,

Стали дни короче.

Сольнышко не видно,

Темны, темны ночи.

Аружан.  Попевает брусника,

Стали дни короче.

И от птичьего крика,

В сердце стало грустнее.

 

 

Алтын күз. Сәлем, өрен достарым

Алақанды тос бәрің

Қымбатты сый алыңдар,

Қызығыма қаныңдар.

Ән салыңдар, күліңдер

Жайнап гүлдей жүріңдер,

Кел, күз тойын тойлайық

Би билейік, ойнайық!

 

-Сәлеметсіздер ме балалар! Дауыстарың қандай әдемі! Сендер мен туралы әндетіп жатырсыңдар ма? Мереке басы ән болар, береке басы дән болар,- дейді халқымыз. Мен көктемде еккен мол астықты жинап, қамбаларды алтын дәнге толтырдым. Сондықтан халық мені «Жомарт күз»,- деп  атайды.

 

«ҚАНДАЙ ЖАҢБЫР» ОЙЫНЫ ОЙНАЛАДЫ.

(Алтн күз «Жай жаңбыр» дегенде, балалар  қолды жай соғады. «Қатты жаңбыр» дегенде, балалар қолды қаттырақ соғады.)

 

БИ. «ЖАҢБЫР»

 

 

Тәрбиеші.  Күз арқылы білеміз

Жомарттықтың салтын біз

Біз өзіңді сүйеміз.

 

Балалар.  – Рахмет, саған Алтын күз!

 

ӘН: «КҮЗ ЖОМАРТ»

 

Алтын Күз. – Балалар, мен ағаштарды сары түске бояп келе жатқанымда мына сары, әдемі орамалды тауып алдым. Бұл сиқырлы орамал. Осы орамалмен ойын ойнайықшы. Кәрзеңкенің бетін жапырақтар жауып тұрады. Ал жапырақ  астынан  алма шығады. Күз балаларға алма үлестіреді. Балалар күзге рахметін айтып қоштасады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.