Аспаптардың атасы – қобыз.


Омарова Гулжихан Кайрбековна

Рудный қаласы әкімдігінің “№19 орта мектебі” музыка пәнінің мұғалімі

Мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға қобыз аспабын таныстыру. Ықылас Дүкенұлы «Жезкиік» шығармасын тыңдату.
2. Тәрбиелік. Оқушыларға қазақтың ұлттық аспаптарын дәріптеу. Қазақтың халық композиторларынан мағлұматтар беру.
3. Дамытушылық. Оқушылардың музыкалық сауаттылығын дамыту. Музыканың ырғағына, көңіл – күйіне көңіл бөлу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Көрнекіліктер: слаид, күйтабақ, қобыз, домбыра, сазсырнай, жетіген аспаптары
Барысы:
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Жетіген аспабы қандай аспапқа жатады?
Неше шегі бар?
Қалай пайда болған?
Жетіген аспабы туралы қандай аңызды білеміз?

Жетіген аспабы – ішекті аспаптардың бірі. Ағаш тақтайшадан жасалады. Көп ішекті аспап. Жәшік тектес ұзынша келген. Беті жұқа тақтайшамен жасалады. Бетінде үн беретін ойықтар бар. Жасалуы да ойналуы да күрделі аспап. Ертеде жетігеннің шегін аттың қылынан жасаған. Жетігеннің құлақ күйін тиектеріне байланысты келтірген. Асықтарды әрлі – берлі жылжытып отырған. Жеті шегі бар.
ІІІ Жаңа сабақ.
Қобыз – таңқаларлық пішінді, ғажайып сазды аспап. Ең көне аспаптардың бірі. Екі шегі бар. Ішегі аттың қылынан керілген. Сондықтан да ол қылқобыз деп аталған. Ысқышпен үйкеп ысқылап тарту арқылы дыбысы шығады. Әу баста қобыз бақсылардың құралы деп танылған. Сондай бір түсінбеушіліктің кесірінен қобызға ХХ ғасырдың басында көп шығарма жазылмай қалды. Қылқобыз ескіліктің қалдығы саналып, жойылып кетуге шақ қалды. Әкеден балаға мұра боп келе жатқан қасиетті өнеріміз, ұлттық салт – санамыз үзіліп қалды.
Классикалық қобыз мұрасының хас шебері – 19 – шы ғасырдың ортасында дүниеге келген Ықылас Дүкенұлы. Жойылып кетуге қалған қобыз аспабы қайта оралып, керемет шығармалары жарық көрді. Ықылас Дүкенұлы 1843 жылы Қарағанды облысы, Жаңарқын ауданында дүниеге келген. Қазақтың күйші – композиторы, қобызшы. Атасы шебер ұста болған. әкесі – Дүкен күйшілік өнерімен танымал болған. Ықылас 7 – 8 жасынан күй тарта бастап, 15 жасынан бастап көпшілік алдында өнер көрсеткен.
Тамаша күйлер шығарған. «Кертолғау», «қоңыр», «ықылас», «қазан» күйлері бар.

IV Ықылас Дүкенұлы. «Жезкиік» күйін тыңдату

Күйді зейін қойып тыңда
Әуендеріне көңіл бөл
Қандай аспапта орындалды?
Күйді естігенде не елестеттің?
Суретін сал

V Жезкиік туралы аңыз
Бір күні аңшы жігіт аңға шығады. Ол өте мерген жігіт екен. Аңшы жігіт алдынан шыққан киіктердің бәрін атып, қызығына түсіп кетеді. Сөйтіп ол көп киікті босқа атып өлтіреді. Бір уақытта алдынан күнге жарқырап жез киік шығады. Оған жігіттің атқан оғы дарымайды. Сол уақытта жез киікке тіл бітеді. «Ей, аңшы жігіт. Сен бостан – босқа киіктерді қырып тастадың. Енді сенің атқан оғың бірде – бір аң мен құсқа дарымайды» дейді. Осы оқиғадан кейін әлгі жігіттің атқан оғы ешбір аңға тимейтін болыпты.

VI Слайд шоу. Қазақтың ұлттық аспаптары

VII Топқа бөлу. Сұрақтар
1. алғашқы аспаптар қалай пайда болды?
2. домбыра аспабы қалай пайда болды?
3. сазсырнай аспабы неден жасалады?
4. шаңқобыз аспабы неден жасалады?
5. сыбызғы аспабының шығу тарихы?
6. қобыздың қандай түрлері бар?
7. қобыз бен домбырада неше шек бар?
8. қандай үрлемелі аспаптарды білесің?
9. қандай ұрмалы аспаптарды білесің?
10. Ішекті аспаптарды ата?

VIII «Әуенді тап» ойыны
IX Аспаптарға байланысты сурет салу
X Дауысқа жаттығу жасау
XI Әндерді қайталау
XII Бекіту. Қорытынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *