“Қазақстанда орта бизнесті дамыту жолдары” реферат


 Жақсылық Гульжанат Айтпаевна – 21  жыл
Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің IV курс «Мемлекетті және жергіліқті басқару» мамандығының студенті
Жетекшісі: Уразова Бакит Адилгереевна
Батыс-Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің аға оқытушы

Орта және шағын бизнестің даму мәселелері біздің еліміздің басшылығы үшін әрдайым басымдықты мәселе болып табылады. Мемлекет тарапынан қолға алынған, жеке кәсіпкерлікті қолдау шаралары ТМД елдерінің арасындағы ауқымы бойынша теңдессіз болып табылады. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында шағын және орта бизнестің дамуын – еліміздің экономикалық саясатының басымдықты бағыттарының біріне жатқызған. Шағын және орта бизнесті дамыту – Қазақстанның ХХI ғасырдағы индустриалдық және әлеуметтік жаңаруының басты құралы болып табылады. Біздің экономикамыздағы шағын және орта бизнестің үлесі қаншалықты көп болса – Қазақстанның дамуы да соншалықты тұрақты болады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуының заманауи шарттары – нарықтық ортада жұмыс істеуге барынша дайын болуы тиіс кәсіпкерлердің контингентін жаңарту қажеттілігін анықтайды. Отандық экономиканың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, шағын және орта кәсіпкерлік секторы үшін мамандарды ұдайы даярлауды жүзеге асырып отыру қажет, ал бұл – тұрақты оқыту-сабағаттық құрылымдар жүйесін құруды тұспалдайды. Оқыту-сабағаттық орталықтардың жұмысы – шағын және орта кәсіпкерлікке арналған білікті кадрларды даярлауға жағдай жасайтын дәстүрлі және арнайы оқыту әдістемесін қамтитын, кадрларды даярлау және қайта даярлау үдерісін ерекше ұйымдастыруға негізделуі тиіс.

Қазіргі уақытта Қазақстанның білім беру жүйесі – әрбір аймақтың экономикалық даму спецификасының ескерілуімен бизнесті ұйымдастыру саласында жоғары білікті кадрларды әзірлеу үлгісін іздеуде. Бұл – кәсіпкерлік пен шағын бизнеске бағдарлана отырып оқытушыларды даярлауға; үздік отандық және шетелдік тәжірибені Қазақстан аймағына трансферт жасауға; қашықтан бизнес-білім беруді дамытуға; оқыту орталықтары мен сабағаттық орталықтардың тармақталған желісін қалыптастыруға қатысты. Кәсіпкерлікті дамыту агенті ретіндегі білім беру жүйесінің артықшылығы – тұрғындарға кәсіпкерлік білім беру міндеттерін шешудің синергиялық көбейткіш қабілетінде болып отыр: қысқа мерзімнің ішінде кәсіпкерлікке қатысты бірнеше жүздеген педагогтарды даярлаудың өзі жеткілікті, және олар жыл сайын мыңдаған шәкірттердің бойындағы кәсіпкерлік мәдениетін жыл сайын екі еселеп отырады. Бірақ педагогтар мен шәкірттер тек теория жүзінде ғана емес, сонымен қатар тәжірибе жүзінде – «жаттығушылық» ұжымдық кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны маңызды. Мектеп, кәсіптік училище, колледж және жоғары оқу орны шәкірттер үшін бизнес-инкубатор, технопарк болуы тиіс, кәсіпкерлік білім беруге арналған қолдағы өндірістік және оқу аумақтарын барынша тиімді пайдалануы тиіс. Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру. Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына жайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру – экономикалық шаралар жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Шағын кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы-қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты құралдардың бірі. Осындай кәсіпкерліктің болмауынан осы ресурстар пайдаланылған болатын еді.

Шағын және орта бизнестің дамуындағы жетістік көп жағдайларда мемлекет құратын шарттармен анықталады. Қазақстан тәуелсіздігінің екі онжылдығы ішінде тартымды бизнес-климетты құру жолында маңызды қадамдар жасалды, және халықаралық деңгейдегі бағалау мен шағын және орта бизнес секторының едәуір өсуі – осының куәсі болып табылады. Шағын және орта бизнес секторы экономиканың нақты «қозғаушы күшіне» айналуы үшін, мемлекет бірінші кезекте оның қатысушыларының қалауын ескеретін кешенді қолдауды әрі қарай жалғастыруы тиіс.

Үкімет шағын және орта бизнестің дамуына айрықша қолдау көрсетуде. Аталған саланы дамытуға бағытталған көптеген жобалар іске қосылды.

Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлеуметтік-экономикалық саланы одан әрі жетілдірудің басты көрсеткішіне айналды.

Сонымен қатар, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға бірдей еңбек қоғамына жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында мемлекеттік әлеуметтік саясаттың 20 басымдығы тұжырымдалды [2].

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы мемлекеттің жаңаруының стратегиялық бағытын анықтайтын негізгі құжат болып танылды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2012 жылдың 14 желтоқсанындағы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан–2030» стратегиясының ережелеріне тұжырымдамалық баға бере отырып, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі дамуына перспективті көзқарасын білдірді. Шағын бизнестің дамуы ел экономикасының дамуы.

Республикамызда шағын бизнесті дамыту үшін мынадай шараларды жүргізу керек:

– салық салу базасын жетілдіру;

– салықтың түрлерін анықтауға қатысты салық заңдарына өзгерістер енгізу;

– қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;

– несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;

– шағын бизнесті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.

Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты – олардың әлеуметтік- экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету.

Жаңа жұмыс орындарын шағын кәсіпкерлік пен бизнес арқылы қалыптастыру – халықты кәсіпкерлік қызмет саласына да белсенді түрде тартуға мүмкіндік береді. Мұның өзі аймақтардағы өмір сүру деңгейін көтеруге ықпал етіп, ондағы тұрғындардың жұмыссыздық салдарынан ірі қалаларға көшуін тоқтатады. Осыған орай жергілікті атқарушы органдардың шағын кәсіпкерлік пен бизнесті қолдау және дамыту үшін нақты іс – шараларды дайындаумен қатар, алдағы жылдардағы оның даму стратегиясын үкімет стратегиясы негізінде әзірлеуі тиіс. Шағын кәсіпкерлік пен бизнесті дамытуда мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау – кәсіпкерлік тәуекел дәрежесін төмендетумен қатар, оның нарық талаптарына сәйкес жоғары нәтижемен жұмыс істеуіне көмектеседі.

Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру. Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына жайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру – экономикалық шаралар жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Шағын кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы-қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты құралдардың бірі. Осындай кәсіпкерліктің болмауынан осы ресурстар пайдаланылған болатын еді.

Шағын кәсіпкерлік бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейінде монополиялық экономикасы жағдайында бірінші кезекте тұратын маңызды ерекшеліктерінің бірі. Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рөль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80 % келеді. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескертетін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорынға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат керек етеді.

Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері: шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамтамасыз ету, оның әлеуметтік проблемаларын шешу және еңбекке деген ынталығын дамыту, тұтыну нарығын мол ассортиментті товарлармен және қызмет етумен толтыру. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері: Қазақстан азаматтарының кәсіпкерлікпен айналысуына қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатымен мынадай шаралар көзделген: – жеке адамның және семьялық кәсіпкерліктерін, шаруашылық қожалықтарының істеріне мемлекет ұйымдарының заңсыз араласпауына кепілдік беретін заңдармен қамтамасыз ету; – шағын бизнес субъекттерін мемлекеттік тіркеудің жеңіл тәртібін енгізу. Бұл тіркеудің мерзімін және ақысын қысқарту, қажетті жоғарғы қорының көлемін азайту, шағын кәсіпкерлер меншігіне мемлекеттік меншікті ақысыз беру; – мемлекеттік бақылау ұйымдарының шағын бизнес субъекттерінен қосымша ақы алуға мүмкіндік беретін қазіргі күші бар заңдылық нормативтер мен жағдайларды жою. Бұған тек заңда бекітілген айыптар, өсімдер және басқа санкциялар жатпайды; – материалдық өнімдер өндірісімен шұғылдалатын шағын бизнес субъектілеріне салық және кеден ақысын төлеуге жеңілдіктер беруді өрістету.

Шағын бизнес-ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі шағын бизнестің үлесіне кіреді. Елімізде 20 ғасырдың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада шағын бизнестің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *