Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

 Молдагалиева Гульнара Азаматовна
 Бастауыш сынып мұғалімі
 Ж.Молдағалиев атындағы №2 ЖОББМ

Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.

Сабақтың мақсаты:

1.Қосымша бірыңғай мүшелердің әрқайсысына немесе соңғы сөзіне ғана жалғанатынын байқату және олардың тыныс белгілерін таныту.

2.Оқушылардың танымын кеңейту, дәлелді сөйлеуін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

  1. Өз- өзіне сенімділіктерін арттыру, табиғат туралы сөйлемдер арқылы табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызбалар, үлестірмелі парақшалар, ойын- жаттығу, шығармашылық жұмыстар.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, жаттығу, іздену, жүйелеу,рефлексия.

Сабақтың барысы:

 І.Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлігін тексеру.

ә) психологиялық дайындық

Күндей нұрланып,

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен

Бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.  112бет, 4- жаттығу.

Төмендегі сөйлемдердің баяндауыштарын күрделі мүшеге айналдырып жаз:  1.Немересі әжесіне шай құйып берді. 2.Далада әсем гүлдер өсіп тұр. 3. Дәулет ертегіні қызыға тыңдап отыр. 4.Аспанда құстар ұшып жүр. 5. Кешке қарай жел соғып кетті. 6.Айсұлу кітапханаға бара жатыр.

Олай болса балалар,  балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
– Республикамыздың астанасы қай қала?
– Астана туралы не білесіңдер?
– Бүгін біз Астана қаласындағы өте тамаша жерлерге саяхатқа шығамыз.  Ең алдымен  «Бәйтерекке» басқышпен жоғары көтерілеміз?

Балалар бәйтерек туралы не білеміз?

“Бәйтерек” елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі, Астананың нағыз символы. Салмағы 1000т асады. 97м құрайды. 97 саны кездейсоқ  емес, ол астананың Алматыдан Астанаға ауысқан кезі. Бәйтерек ғимаратын Н.Ә.Назарбаевтың эскиз-нобайы негізінде өмірге келді. 

а)  Қазақ тілінде неше сөз табы бар? Оларды ата.

ә) Мәтіннің қандай түрлері бар?

б) Қазақ тіліндегі сөйлем мүшелерін ата ?

в) Сөйлемнің дара мүшесі дегеніміз не?

д) Сөйлемнің күрделі мүшесі дегеніміз не?

с) Күрделі мүшелерді тап:

*Алматы қаласы -Қазақстанның бұрынғы астанасы.

*Нанды бір қолмен үзуге болмайды.

*Айдынның қара ала күшігі бар.

III Жаңа сабақ

Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қайталаймыз.

Көркем жазу минуты:

Оқысаң көзің ашылады.

Балалар, келесі біздің саяхатымыз ханшатыр мен жалғасады.

Ханшатыр- Қазақстан астанасының жаңа нышаны. Әлемдегі киіз үй тәріздес ең үлкен ғимарат. Биіктігі 150м,салмағы 2300т металл қондырғылармен тұрғызылған. Оның ішінде ірі сауда орталығы, мейрамхана,кинотеатр, спорт кешені бар.

ә) Біліміңді тексер: «Ой- қозғау». Сөйлемдерді оқы, дәлелде.

1.Сиыр сүтінен құрт,май,ірімшік,қаймақ алынады.

2.Арша тау беткейлерінде, құмды жерлерде, орман арасында, далалы аймақтарда өседі.

  1. Сілеусін- азулы, тырнақты, мықты аң.
  2. Аружан кітапты да, журналды да қызыға оқыды.

5.Ол-әнші, суретші  және ақын.

Дәлелдеу:

*Олардың бәрі  бірдей сұраққа  жауап береді;

* Сөйлемде бір мүшенің ғана  қызметін атқарады;

*Бәрі бір сөз табынан болады;

*Бірыңғай мүшелер жеке сөзден де, сөз тіркесінен де жасалады;

*Егер да,де,та,те жалғаулықтары  сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің әрқайсысымен қайталанып келсе, арасына үтір қойылады;

*Бірыңғай мүшелер және, мен,  бен, пен жалғаулықтары арқылы байланысса, олардың арасына үтір қойылмайды;

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жаз: Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің астын сыз. Олардың қай сөйлем мүшесімен байланысып тұрғанын айт.

Келесі Астананың  Тәуелсіздік монументіне де келіп жеттік.

Тәуелсіздік монументі-биіктігі91м. 1991 ж егемендік алғанын бейнелейді. Мәрмәр монумент -кең байтақ қазақ жері мен оның халқының бірлігін, болашағы көркейіп,дамуының белгісі.

Шығармашылық жұмыс

Балалар, жыл мезгілдері дегеніміз не?

-Оларды ата.

-Бір жылда неше ай бар?

-Әр жыл мезгілінде  неше айдан бар, оларды ата.

1-қатар.  “Күз” тақырыбында мәтін жазу, ішінде бірыңғай мүшелері болу керек;

2-қатар.  “Көктем” тақырыбында бес жолды өлең құрастыру;

3-қатар “Жаз бен Қыс” венн диаграммасы (салыстырып жазу)

Балалар, сонымен қоса осы жыл мезгілдеріне  байланысты қандай қауіпсіздік ережесін білесіңдер?

Әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі бар.

“Нұр Астана” мешіті

Терме диктанты

Өлеңді түсініп оқып, бірыңғай мүшелерді теріп жаз.

Болмас үйге түспесек,

Шалап,сусын ішпесек.

Кірсең бәрі дайын тұр,

Көрпе,жастық,құстөсек.

Айналаңа қарасаң,

Бәрі-бәрі тамаша.

Түкті кілем,тұскиіз,

Түрлі түсті алаша.

Келесі бекет “Тәуелсіздік сарайы”

Тәуелсіздік сарайы ресми іс-шараларды, форумдарды, мәжілістерді, кездесулерді өткізу орны. Барлық іс-шараны өткізуге толық жабдықталған мекеме.

Сабақты қорыту.

– Бүгінгі сабақта не өттік?

– Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы не білдік?

Жақсы балалар, олай болса, келесі ЭКСПО-2017 бекетіне де келіп жеттік.

 

Елімізде Елордамыз Астана қаласында 10 -шы маусым  10-шы қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017  көрмесі  әлемдік деңгейде өткелі жатыр. Бұл көрмеге еліміздің түкпір-түкпірінен ұлт өкілдері қатысады. Сонымен қоса бұл көрмеде еліміздің егемендігі, тәуелсіздігі, жеткен-жетістігін әлем жұртына паш ету көрсетіледі.

Сол ЭКСПО-ға барайын деп жатқандарың барма?

Үйге тапсырма.

“ЭКСПО-2017-жарқын болашаққа бастама” атты мәтін жазып келу, ол жазған сөйлемдерің ішінде бірыңғай мүшелер болуы қажет.

115-бет, 5-жаттығу

Рефлексия

  • Бағдаршам туралы бірыңғай мүшелері бар сөйлем құрап көрейікші.
  • Бағдаршамның қызыл, сары, жасылкөзі бар.
  • Бағдаршам тоқтатады, жүргізеді.
  • Бағдаршамға адамдар да, көліктерде бағынады.
  • Олай болса, бағдаршамға қарап бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.
  • Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл–күйім жоқ,сондықтан да өзімді қызыл түспен бағалаймын!
  • Көңіл-күйім жақсы, сыныптастарымның көмегімен тапсырманы орындадым,жақсы қатынастым!
  • Мен бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл–күйім тамаша!

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.