Ашық сабақ “Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы “Мен -қазақпын”поэмасы (қазақ әдебиеті 11-сынып )


Көкшетау қаласы білім бөлімінің

«№17 орта мектебі» мемлекеттік

коммуналдық мекемесі

жоғарғы санатты

қазақ тілі мен әдебиеті

мұғалімі Мусайф Гулжанат

Сабақтың мақсаты: Білімділік Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығымен танысу. Ақиық ақынның «Мен қазақпын » поэмасына талдау жасау . Ж.Молдағалиевтың қалам өнеріндегі асқан дарынын, шеберлігін таныту, ақынның шығармашылығына сүйіспеншіліктерін арттыру, оқушылардың поэзия туралы түсініктерін дамыту.

Дамытушылық мақсаты: шығарманы жан-жақты талдау арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын байыту, ізденіс- шығармашылық дағдыларын дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды елін, жерін сүюге,Отанға деген сүйіспеншілік сезімге баулу, халқын қастерлеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақ міндеттері:

1) поэманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық меңгеру.

2) оқушыларды поэманы әдебиет теориясы тұрғысынан талдауға үйрету.

3) өз бетінше ізденуге баулу.

Сабақ типі: талдау сабағы.

Сабақтың әдісі : сын тұрғысынан ойлау стратегиясы, жобалау, топтық , ұжымдық, ізденіс- шығармашылық , баяндау, талдау, жинақтау, зерттеу.

Көрнекі-құрал: Ж.Молдағалиев туралы деректі фильм, слайд-презентация, « Жаужүрек мың бала» бейнетаспасы , Ерболат Құдайбергеновтың «Мен қазақпын» әнінің клипі.

Техникалық құралдар: үнтаспа, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, география,музыка, тарих. е

Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушыларды түгендеу, зейінін сабаққа аудару.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық теренинг өткізу “Мінезің қалай?”(түстер арқылы топқа бөлу )

Сабақ мақсаты мен міндетттерімен таныстыру.

Тұңғиықтан маржан терейік

Үй тапсырмасы: Ж.Молдағалиев өмірі, шығармашылығы.

1 топ: Ж.Молдағалиев өмірі. хронологиялық карта толтыру

2 топ: Ж.Молдағалиев шығармашылығы.

3 топ: “Мен -қазақпын” поэмасы

ІІІ Жаңа сабақ Жұбан Молдағалиев «Мен -қазақпын» поэмасы

Сабақ эпиграфы : «Жазбаймын уақыт өтсін, ойлансын деп,

Жазамын, Абайша айтсам, ойлансын деп,

Ойлансын өзі жайлы – заман жайлы,

Көргенді қиялымен байласын тек.».
Ж. Молдағалиев.

Оқытушының кіріспе сөзі . Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы — “Мен — қазақпын” поэмасы (1964).

«Жұбан шығармашылығынан қазақтың нағыз ұлттық поэзиясын көреміз. Қазақ жері мен суынан , желі мен көгінен нәр алған даладай тынысты , пәрменді поэзияны танимыз.» М.Базарбаев.

Осы жерде қазақ жері қандай жер?/ Қазақ жері географиялы орны , табиғаты туралы айтады/.

Мұғалім Қазақ жерінің кеңдігі туралы аңыз айтып өту.Қазақ халқының шығу тарихына тоқталу

Қазақ деген қандай халық?

Қазыбек бидің қалмақ ханы Қонтажыға айтқан сөзі

Біз қазақ деген  мал баққан елміз,
Бірақ, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Елімізден кұт-береке    қашпасын деп,
Жеріміздің шетін   жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз!
Ешбір дұшпан  басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді   асырмаған елміз!
Досымызды сақтай білген елміз,
Дәмі, тұзын ақтай  білген елміз,
Асқақтаған хан болса,
Хан ордасын таптай   білген елміз!
Атадан ұл туса, құл боламын  деп тумайды,
Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды,
Ұл мен қызды қаматып  отыра  алмайтын елміз!

«Мен қазақпын» әр топтан 1- оқушыдан өлеңнің 2 шумағын жатқа мәнерлеп оқиды.

Сыр сандықтағы сан сұрақ

Сұрақ -жауап тақтадан оқыту

-Поэманың жанры қандай ? /лирика -публицистикалық стилде жазылған поэма/.

– Қалай ойлайсыңдар бұл поэманың басты тақырыбы не? Ұлт, халық

– Негізгі идеясы қандай? Халықтың өлмес тарихы , бастан кешкен кезеңдері, ұлттық тәуелсіздік жолындағы күресі.

-Тәуелсіздікті аңсаған, сол жолда күрескен ұлтымыздың мақтанышы, азаттық жолындағы күрескер азаматтарымыз кімдер? Асан қайғы , Исатай , МахамбетӨтемісұлы, ШоқанУәлиханов , Абай Құнанбаев туралы айтады

-Өзгерген дала азаматтары кімдер? КүләшБәйсейітова,

Сәкен Сейфуллин,Жамбыл Жабаев,Қаныш Сәтбаев туралы айтады.

-Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.«Мен қазақпын» поэмасында қандай кезеңдердегі оқиғалар сипатталады және қандай ғасырларды қамтиды?

Көне тарих сыр шертеді

Жоба қорғау. Топтан бір оқушыдан шығып жобаны қорғайды 1-топ « Жаужүрек мың бала»,2-топ Слайд бойынша, 3-топ « 21- ғасырдағы Қазақстан» деректі фильм қолданады

1топ 15-17 ғасыр

2топ 18-19 ғасыр

3 топ 20-21 ғасыр

Түртіп алу стратегиясы

Сөздік жұмысын жүргізу. (мұғалім көмек көрсетеді)-

Жезтырнақ – ертегі кейіпкері

Түндік – шаңырақтың үстіне жабылатын киіз

Шапағат – жақсылық

«ұзын құлақ» – сыбыс, өсек әңгіме

Барымта –қайтарылатын қалың мал, төленетін құн үшін, құныкер адамның малын немесе затын, жалпы өзгенің жеке меншігін тартып алу. 

Тәубаға кеп- райынан қайту, тура жолға түсу

Теориядан тереңбіз

1-топ .Композициялық талдау

Басталуы: бесіктегі пәк сәби, ұлт

Дамуы: «Ақ табан шұбырынды».

Байланысуы: Россия Адамы. Дала мұңы.

Шиленісуі: Өмірдің жарық төрі үшін күрес

Шарықтау шегі :Бесжылдықтар белесі

Шешімі: Байтақ ел азаматы

циялық құрылысына талдау.

2-топ .Өлең құрылымына талдау

1 бөлім 18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

2 бөлім 19 шумақ 76 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

3 бөлім18 шумақ 72 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

4 бөлім 30 шумақ 120тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең, шұбыртпалы ұйқас.

5 бөлім 38 шумақ 152 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

6бөлім 20 шумақ 80 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

7 бөлім 45 шумақ 180 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

8 бөлім 44 шумақ 176 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

9 бөлім 20 шумақ 80 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы

10 бөлім 29 шумақ 116 тармақ 3 бунақ , 11 буын қара өлең ұйқасы талдау жүргізеді.

3-топ .Поэманың тілдік көркемдік ерекшелігі ,троп түрлеріне талдау. (оқулықпен жұмыс.»дәптерде орындалады )

Теңеу : Руым көп солардың аттарындай,

Мінезім бар таулардың қатпарындай.

Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,

Әжімім бар бейнеттің таптарындай.

Аппағынан жарылған дастарқандай

Хауанадай көңілшек түздеп тудым

Оқи алсаң кітаптай, сүртіп қанын

Ол үн мөлдір өзеннің сылдырындай,

Шат күлкінің саф күміс сыңғырындай.

Самал өпкен егіннің сыбдырындай,

Шабыттанған ақынның тың жырындай.

Ол миллион жүректің дүрсіліндей,

Тасқын атқан таулардың гүрсіліндей.

Ол үн жаңа ерліктің дабылындай,

Эпитет: ажалсыз анамын ,қара көз сұлумын, сайтан қызбын, «Ақ табан шұбырынды», Қыран бүркіт, қанпезер Жошы хан, бал бұлағын

Метафора:Татьяна – қазақтың ақ Баяны».

Мен – бұл кезде Шоқанмын, Абайлармын Даяшымын, байекпін, ең кішімін,

Демесе кім «мен тақсыр, мен күштімін».

Риторикалық сұраулар:

«О, ақ патшам, саған еш ем қонбады,

Жатқа неге жеріміз жем болғаны?

Жер-дүниенің эфирден даусын берген,

Қалай ғана Поповтар таусылды елден?

Ақыл-ойдың дәуі ғой дәусінбеген.

Сорлы боп па соларды туған халық?

оқушылар интерактивті тақтада талдайды.

Сергіту сәті ” Мен қазақпын ” әні Ерболат Құдайбергенов

Галереяны шарлау әдісі Қазақ халқының тұрмысы бейнеленген суреттер салып әкелу, суреттерді тақтаға іле отырып, қазақ халқының өмірін көз алдарына елестету

Поэзия сәті

…………………………………………… шөбіміз,

……………………………………………. көгіміз

……………………………………………. қарсы алған

………………………………………….. төріміз

Кестені толтырады.

Білетінмін Білдім Білгім келеді.

Сонымен бүгінгі сабақта қазақ жері, қазақ халқы , оның өткен тарихы, бастан кешкен бел -белестері туралы білдік

Үй жұмысы Шығармашылық жұмыс, ойтолғау

1 топ «Біз қазақ деген елміз»

2топ «Қазақ тілі – рухани негізіміз»

3топ «Болашақтағы қазақ елі»

  1. Бекіту кезеңі Жұбан Молдағалиев қандай ақын? (5-жол өлең )
  2. «Жұбан поэзияда оңай жолды іздемейтін, өз творчествосына барынша қатал, жалпы қазақ

әдебиеті алдындағы жауапкершілікті айнытпай ту етіп көтерген қалам қайраткері».
С. Шаймерденов

Мұғалім сөзі ; «Мен — қазақпын» поэмасы оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, «құласа да қайта тұрып» өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Осы поэма туралы бір оқырман :

Мен – ҚАЗАҚПЫН! Неткен керемет, неткен тамаша жазылған поэма. Бұл поэмада қазақтың барлық басынан кешкен азаптары, қайғы-мұңы жазылған. Осы поэмада нағыз қазақтың бейнесі көрсетілген. Мен қазақ екенімді мақтан тұтамын!!! Және әлемге паш етуге әзірмін!!!
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында

  1. «Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз,бір халықпыз»
  2. «Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.»
  3. Бағалау Бағалау парағы бойынша
Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *