“Дыбыстар еліне саяхат”


Кожанова Махаббат Дюсенбаевна

Павлодар қаласының №37 балалар бақшасының мұғалім-логопеді

Жоспар

Сабақтың тақырыбы: « Дыбыстар еліне саяхат»

Мақсаты: қойылған дыбыстарды сөздерде, сөйлемдерде бекіту. Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру.

Міндеттері:

Коррекциондық:

-Артикуляциялық моториканы дамыту;

– қойылған  дыбыстардың артикуляциялық орнын нақтылау;

-Бағытталған ауа ағымын қалыптастыру;

-Фонематикалық есту қабілетін дамыту;

– байланыстырып сөйлеу тілін  қалыптастыру арқылы сөз қорын молайту.

– Жалпы және ұсақ қол моторикасын жетілдіру

Дамытушылық:

-Есту, көру, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік:

-Жаттығуларды орындау кезінде өзін – өзі бақылау дағдыларын сіңіру;

-Әдемі, дұрыс айтуға тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Логопед: Сәлеметсіздер ме, балалар! « Дыбыстар еліне» саяхатқа барайық па?

Балалар: Иә, біз саяхатты жақсы көреміз.

Логопед: балалар, Дыбыстар елінде өте көңілді және жылы. Қараңдаршы, қандай күннін көзі бізге күлімсіреп тұр. Слайд «Күннін көзі». Кәне, біздің қонақтарға көрсетейік біз қандай көңілдіміз және татумыз.

Балалар қолдарын жоғары көтеріп, алақандарын бір бірлерімен қосып сөздерге сәйкес қимылдар жасайды.

Күннің көзі өз алақандарын бізге созды

Күннің көзі сиқырлы саяхатқа шақырды

Күннің көзімен біз айналамыз

Дыбыстармен біз достасамыз

Логопед: Балалар, күннің көзімен амандастық, ал, саяхатқа біз немен шығамыз? Әуен шарларымен шығайық.

Баяу сазды әуен үнімен балалар көздерін жұмады, шарладрды қолдарына алып, кілемге отырады.

Логопед: Дыбыстар елі- ғажайып ел. Тыңдандаршы, бақтағы сайраған құстың дауысын! Сылдырлап аққан судың дыбысы естіледі. Беттеріңізге жылы жел лебі еседі. Аңқығын хош иісі келіп тұр. Сиқырлы Дыбыстар елінде гүлдер қандай көп! Әсем, әдемі гүлдер жайқалап тұр! Гүлдерге қарап күн күлімдейді.

Балалар көзерін ашып жан-жағына қарайды.

Логопед: Мұнда кішкентай  дыбысты-құртақандар мекендейді. Олар түрлі дыбыстарды әндетіп  айтуды ұнатады. Олармен дыбыстарды бірге айту үшін  дұрыстап тыныс алуымыз керек.  Көбелектерде гүлдердің иісің тамашалап отыр.Оларды ұрлеп ұшырып жіберейікші.

Балалар тыныс алу гимнастикасын орындайды.

Логопед: балалар, біз қандай елде жұргеңімізді ұмытқан жоқпыз ба?

Балалар: Дыбыстар елінде

Дыбыстар әуені қосылады. Экранда қызыл, көк түсті құратақандар шығады.

Логопед: дыбыстар қандай болады?

Балалар: дауысты, дауыссыз дыбыстар

Логопед: оларды қандай түстермен белгілейміз?

Балалар: қызыл және көк

Логопед: олардың айырмашылығы қандай?

Балалар: дауысты дыбыстарды айтқанда кедергі кездеспейді. Оларды әндетіп, созып айтуға болады. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда тіл, тіс немесе ерін кедергі болады.

Логопед: қарандаршы, құртақандарда қандай түсті?

Балалар:қызыл және көк түсті

Логопед: дұрыс айтасыңдар, балалар. Оларда біздің дыбыстарға ұқсайды. Олар не  айтып жатыр? Бірге айтып көрейік.

Балалар ашық және жабық буындарды логопед соңынан қайталайды

Ра-ра-ра- бал жинады ара                             ар-ар-ар-

Ры-ры-ры –күннің түсі сары

Ру-ру-ру-қазақ қызы ару

Әуен қосылады

Логопед: балалар, мына жерде не бар, қарандаршы!?

Балалар: бұл сандық

Логопед: саңдық ішінде дыбысты құртақандар бізге ойындар дайындап қойыпты. Көрейік, қандай ойындар?

Балалар: доптар

Логопед: доптар қандай түсті?

Балалар: көк және қызыл.

Логопед: доптарымызды алып қолдарымызғы массаж жасайық

Бала: айналдырған добымды

Қытықтасын қолынды.

Енді көтер партадан

Жаса солай қайтадан

Логопед:Тамаша! Құртақандарға ойын үшін рақмет айтып, өзіміз дайындаған ойынды көрсетейік.

Сергіту сәті «Құртақандар»

Ертеде құртақандар болыпты    қолдарымызды биікке көтеріп созылу және             отыру

Ғажайып үйде тұрыпты                 қолдарымен ұшбұрыш жасау

Әке құртақан –ағаш жарды           қимылмен көрсету

Бала құртақан-үйге тасыды

Ана құртақан-көже пісірді

Әже құртақан тоқыды

Тәте құртақан- кір жуды

Ата- терезені ашып қонаққа шақырды

Логопед: Тамаша! Балалар, қайтадан сандығымызды ашып, келесі ойынды ойнайық.

«Дыбысты моншақ» ойыны

Логопед: суреттердің бірінші дыбысын атап, қыстырғышпен қызыл немесе көк түсті жіпке ілеміз. Керемет!

Тағы ойын бар ма екен?! Кәне, қарандаршы.

Ойын «Ұлу»

Логопед: суреттерді бір бірімен байланысын тауып, сөйлем құрастыру керек. Тамаша! Рақмет сендерге, балалар. ойындар сендерге ұнады ма? Дыбысты-құртақандарға рақмет айтайық. Балалар, бізге балабақшаға қайтуымыз керек.

Саяхатымыз осымен аяқталды. Балабақшаға қайтайық. Әуен шарларды қолымызға алып көздерімізді жұмайық.

Әуен қосылады.

Сабақ қорытындысы

Логопед: Бүгін біз қайда саяхатқа бардық?

Балалар: дыбыстар еліне

Логопед: Дұрыс айтасыңдар. Сендерге ойындар ұнады ма? Не ұнады?

Балалар: Жауап береді

Логопед: Сендер бүгін керемет жұмыс жасадың. Барлық тапсырмаларды орындадың. Сол үшін сендерге дайындап қойған тосын сыйым бар.  «Құрғақ бассейінің» ішінен ойыншық тауып алады. Балалар тосын сыйын алады, сабақ аяқталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *