Баланы мектепке дайындаудағы қиындықтарды шешу жолдары және ата-анамен байланысты орнату.

Магрупова Қырмызы Жумагелдыовна

КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Білім беру және ғылым саласына елеулі өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш буын арасындағы сабақтастық
Қазіргі таңда Қазақстандық білім беру жүйесінде қарқынды дамуда.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауларында ел тарихындағы маңызды салалардың бірі, әрі бірегейі ретінде білім саласына басты назар аударып отырады.Себебі, білімді ұрпақ – ел келешегі. Білімді ұрпақ болашағының жарқын болуында негізгі орын алатын балабақшалар мен мектептерде білім мен тәрбие берудің бүкіл жүйесін қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.

Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі ретінде мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш білім берудің сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені сабақтастық туралы мәселе өткір қойылып отыр. Бұл мәселені ғалымдар, білім беру мекемелерінің жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр.

Жалпы  сабақтастық   түсінігіне   тоқталып  өтсек,  энциклопедиялық   сөздікте сабақтастық  дегеніміз, біріншіден, екі буын  арасындағы ортақ  мақсат  міндеттер, ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі  сатылы дамыту,  бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау, екіншіден білім берудің  әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімділігі.

Энциклопедиалық сөздікте сабақтастық: табиғатта, қоғамда және білім саласындағы даму құбылыстарының арасындағы байланыс. Қоғамда әлеуметтік мәдени құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізуді сипаттайды.

Ожегов сөздігінде: сабақтастық – бір жүйеден екінші жүйеге бірізділікпен, ретімен ауысу, жүзеге асырылу делінген.

Кузнецова сөздігінде: сабақтастық – қандай да бір құбылысқа тікелей негізделген, біріншіден екіншіге ауысу кезінде белгілі тәртіппен, реттілікпен жүру делінген.

Ушакова сөздігінде: сабақтастық – мұрагерлік, құқықпен анықталатын сабақтастық тәртіп, қандай да бір құбылыстың сабақтастық реті делінген.

Ә. Бидосов былай деген:“Сабақтастық дегеніміз – мектеп жасына дейінгілер мен бастауыш мектептегі пәндерді оқытудың әр түрлі сатысында балалардың білімдерінің арасында қажетті байланыстар мен қатынастар орнату”.

Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс формаларының сабақтастығын екі өзара байланысты аспектіге бөлуге болады: ақпараттық – ағартушылық және тәжірибелік.

Бірінші аспект, мұғалімдер мен тәрбиешілердің оқу – тәрбие жұмысының міндеттерімен өзара танысуын, балабақшаның жоғарғы топтары мен мектептің бірінші сыныбы бағдарламалар мазмұнын зерттеуді болжайды. Осы мақсатқа байланысты мынадай формалары мұғалімдер мен тәрбиешілердің біріккен педагогикалық кеңестерінде балалардың мектепке дайындығы мәселесі бойынша қатысуы, дәрістермен өзара алмасуы және т. б. жұмыстарды жүзеге асыру керек.

Екіншісі аспект, бір жағынан мұғалімдердің балабақшада өздерінің болашақ оқушыларымен алдын ала танысу, екінші жағынан, тәрбиешілердің бұрынғы тәрбиеленушілерді бақылап отыруымен бейнеленеді. Берілген мазмұнды жүзеге асыру формалары: мұғалімдердің болашақ оқушылармен танысу үшін балабақшадағы дайындық топтарға жүйелі қатысуы, олардың іс – әрекетін бақылау, балалардың диагностикаларының нәтижелерімен және мінездемелерімен танысу.

Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс жүргізу бала дамуының бірыңғай кеңістігін жасаудың белсенді бағыты ретінде де қаралуы тиіс. Өйткені, ата-аналардың көпшілігі бала тәрбиесіндегі педагогикалық талаптардан бейхабар болуы мүмкін. Сондай-ақ баланың физиологиялық-психологиялық даму ерекшелігінен де назардан тыс қалатын жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған қосымша — ата-аналармен жұмысты одан әрі жетілдірудің тың жолдарын қарастыра отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.

Мектепке дейінгі мекеме, бастауыш буын мен ата-ана арасындағы сабақтастық сақталғанда баланың мектепке жалпы, арнай және психологиялық жағынан қамтамасыз етіледі. Сондай — ақ, бастауыш сыныптағы оқыту мен тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып, мектепке дейінгі балалық шақтан жүйелі оқытуға кедергісіз көшу үшін жағдай жасалады.

 

Әдебиет:

  1. Федотова А.Ю.Курс: психология семейных отношений. – М, 2000
  2. БҰҰ балалар құқығы туралы конвенция. (БҰҰ балалар құқығы туралы конвенция. 20 қаңтар, 1989)
  3. Бизакова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. – Астана, 2010

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.