Жобалау технологисын қолдану әдістері


Тюлембекова Мейрамгуль Жаманкешовна

КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының әдіскері

“Кісіліктің өлшемі – білімділік. Педагогтар  тек білімге ұмтылу керек. Тəуелсіз мемлекетіміздің тұтқасын ұстау үшін де білімді болу керек. Ал бар ғылымның тоғысар арнасы, зəулім шырқау шыңы – қасиетті Құран кітабын оқуды аманат етемін. Ислам діні – ең таза, ғылымғы негізделген.Исламның бір үлкен парызы – ғылым. Ата – бабамыздың қастерлеген сол дінді қадірлеп, имандылыққа бет бұрған ұрпақтарымның ертеңгі өмірі арайлы болатынына сенемін. ”

Бұл айтылғадардың барлығы Ақажан Машанидың “Исламның ғылыми негіздері” атты қолжазбасында баяндалған екен.

Еліміздің ертеңгі болашағы – бүгінгі мектепке дейінгі  білім нəрімен сусындаған балаларымыз, бүгінгі студенттер. Сондықтан, балаларға сапалы білім берудің тиімді жолдарын іздестіру өзекті мəселелердің бірі болып қала береді, қазіргі кезде оқу орындарында жаңарту жұмыстары жүргізіліп, оқыту, тəрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіншіліктері ашылуда, соның нəтижесінде жаңа технологияларды оқыту үрдісінде кеңінен қолдану жан-жақты насихатталуда. Ендеше, оның көрінісі неде?

Жаңа технологияларға ынтымақтастық педагогикасы, білім берудің ізгілендіру технологиясы, түсіндіріле басқарып озат оқыту технологиясы , деңгейлік саралап оқыту технологиясы, модульдік технологиясы жəне жобалап оқыту технологиясы кіреді. Оқу технологияларының басқа да түрлері баршылық: əр деңгейлі оқу, толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, икемдесе оқу, жобалап оқу, авторлық оқу технологиясы (мысалы, В.Ф. Шаталов технологиясы) жəне т.б.

Жобалап оқыту технологиясына тереңірек үңілсек, дəстүрлі сабақ беру жүйесінде баланы тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін еместігіне көз жеткіземіз. Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кəсіби, моральдық, рухани, азаматтық жəне басқа да сапалы қасиеттерін қалыптастырып отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей əсер етеді. Ең алдымен оқу барысында баланы өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп , дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет.21- ғасырда əлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы  негізгі басымдылықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол балалардың неғұрылым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тəрбиелеуге бағытталған. Мектеп қабырғасында оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру жəне жоба жұмысын жасауға маұрсатты əрі жүйелі түрде бағыттау керек екен- бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Бұл технология əлемдік педагогикада жаңалық емес. Ағылшын тілінен аударғанда “cooperative learning” – бірге үйрену деген мағынаны білдіреді. Түсіндірме сөздікте оған төмендегідей анықтама беріледі: Жобалау технологиясы – педагогтардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім.

Жобалау технологиясы 19 ғасырдың 2-ші жартысында АҚШ ауылшаруашлығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін қалаған – Джон Дьюи атты психолог жəне педагог , философ. Дьюидің ілімін жалғастырушы- Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау – бұл технологияның негізі. “Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе – бұл мысал жобалау технологиясының нағыз титік үлгісі” – деген үлкен Хилпатрик.

Кеңес үкіметі кезіндегі мектептердегі жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ -та, Канадада, Англияда, Австралия жəне Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты. Европанын да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады. Əрине, уақыт өткен сайын бұл технологияда бірқатар өзгерістерге ұшырап отырады. Еркін тəрбиелеу ойынан туындаған жобалау əдістемесі біртіндеп “тəртіпке бағынып” , білім беру əдістемесі құрамына табыс пен еніп отыр.

Бірақ оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде болса да қала бермек-баланың  білім алуға жəне сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат – балалардың  қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыра отыра  тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы баланы болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін  көрсете білуге бейімдеу.

Егер педагог  жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс тұлға болып қалыптасады. Əр түрлі жағдаяттарды дұрыс шешім қабылдап отырып, əр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, əр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, педагогтың  ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға , шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мəселелерді шеше білуге , тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.

Жобалау технологиясы негізінде – педагогтардың  жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Педагогтардың  жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарғыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.

Жоба жұмысы кезеңдері.

Жұмыстың мазмұны.

Педагогтың  тəрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-əрекеттері.

Педагогтың іс – əрекеттері.

  1. Дайындық кезеңі

Жоба тақырыбын анықтау.

Бір бағыт төңірегінде педагогтарды  тақырып таңдауға ынталандырады. Топтағы əрбір баланың  пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауға үйретеді. Əр педагог өмірлік тəжірибесіне (егер ол болса) , сүйене отырып, өз ойын ортаға салады, бірігіп жобаның мақсаты анықтайды.

  1. Жоспарлау

Топқа бөлу. Ақпарат жинау жəне талдаудың жолдарын көрсету. Əрбір топ мүшесі алдындағы жұмысын анықтау. Педагог  өз бетімен акпарат жинауды бағыттайды. Əрбір топ мүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды, қажет болса өз ойымен бөліседі. Топ арасында əркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарын анықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап , бірінші нəтижеге жету уақытын белгілейді. “Қоғамдық “тапсырманыорындауғадайындығынкөрсетеді.

  1. Зерттеу жұмысы.

Ақапарат жинау, аралық нəтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары: сұқбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау. Педагог күнделікті жұмысын бақылап, əрбір жетекшісімен топ мүшелерімен жеке – жеке сөйлесу , талдау, нəтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағыт беру. Жеке жəне жұптық жұмыс , анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болса сценари жазу, қоғамдық ұйымдар мен қарым қатынас қалыптастыру.Білімін əр  салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады, шығармашлық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойында қалыптастырады.

  1. Нəтиженіталқылау.

Ақпаратты талдау , шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінін жоспарлау. Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жек е педагогтардың   еңбегін бағалай отырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққа шақырады. Тұсау кесерге келгетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудио- видо техниканы жабдықтайды. Топ арандағы əркімнің рөлін анықтап, алынған ақпараттың арасынан ең негізгіні белгілеп жазады. Проблемалардысұрақтардыанықтап, оныбіргешешугедайындалады.

  1. Жұмыстың тұсау-кесері .

Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, педагогты  сөйлетуге мүмкіндік жасайды. Алынған нəтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеу мəнерін ескере отырып, бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.

  1. Бағалаужəнежоспарлау.

Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдыңғы үлкен мақсаттарға жетелейді. Ұжымды талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс құрайды.

Технологиядағы жобаның түрлері:

Ғылыми жоба;

Шығармашылық жоба;

Ойын түріндегі жоба;

Ақпараттық жоба жəне т.б түрлері бар.

Мерзіміне қарай қысқа мерзімді жоба болып бөлінеді.

Сонымен, педагогтарға  дайын өнімді қабылдайтын ғана емес, өз бетімен ізденетін, дербес іс-əрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жобалау технологиясының негізі. Нақты тақырып төңірегінде педагогтың  алдында əр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-əрекеті. Конфуцийдің естігенімді-ұмытамын, көргенімді-есте сақтаймын , өзім істегенімді – меңгеремін дегені – бұл технологияның негізгі ұстанымы.

Қолданылғанəдебиеттер: 1. Дьюи Дж. “Школа и общество ” (1925) – цит. “Педогогогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе ” /Спец.прилож. к журналу “Лицейское и гимнзическоеоброзование” , вып. 4, 2003-с. Е.Г. Сатарова “Метод проектов в трудовой школе” (1926) – цит. по Педогогогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе ” /Спец.прилож. к журналу “Лицейское и гимнзическоеоброзование” , вып. 4, 2003-с. 12. Килпатрик У.Х “Метод проектов . Применение целевой устоновки в педагогическом процессе” (1928)-цит по Педогогогическая лоция. 2003/04 учебный год. Метод проектов в школе ” /Спец.прилож. к журналу “Лицейское и гимнзическоеоброзование” , вып-4 , 2003- с . 6. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования/ под.ред. Е.С. Полат – М.:2000 Пахомава Н.Ю. Проектное обучение-что это?// Методист, №1, 2004-с. 42.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *