«Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама»


Анарбекова Насипкуль Тулегеновна

КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кейіпкерлер: Жүргізуші,
Ертеңгілік өткізуге қажетті құрал-жабдықтар: Безендірілген әсем зал, гүлдер, құмыра, сыйлықтар, әсем әндер жазылған үнтаспа, т.б

Тәрбиеші: – Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін «Ана» деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару – ана, Ару – асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару – өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Аққу» тобының  бүлдіршіндерінің «Жүрегімнің жылуын сыйлайыншы анама» ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Тәрбиеші:Адам үшін ең аяулы, ең қастерлі жан –Ана.Ол бала дүниеге келгенен бастап өзінің жұмсақ алақаның ыстық құшағы мен мейірімін махаббатын арнайды.Ана махаббаты адамға қанат бітіреді,күш береді, рухтандырады.

Бізді өсірген анашым

Еңбегіңіз зор екен

Құтты болсын Анашым

Құтты болсын мерекең!

Әуен ойналады балалар кіреді.

«Журек ұстап кіреді.қыздар билейді» жарты шеңбер болып тұрады.ән айтып болған соң орындарына отырады.

Ән: «Ақ мамам»

Тәрбиеші:Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр сендер соған жауап бересіңдерме?

Балалар:Иа

-Үйдегі алтын қазық кім?

-Ана!

-Ашты тоқ,жоқты бар ететін кім?

-Ана!

-Ана! Ана! Не деген қастерлі,қасиетті сөз едің!Осынау үш әріптен тұратын ұлы сөздің түбірінде қаншама ұлы сезім ұлы құдірет жатыр десеңізші.Ендеше анавларымызға арналған тақпақтарымызды қабыл алыңыздар.

Тақпақтар:

Нұрын төккен маған,

Шуағымсын сен.             Яссина

Айналайын мама,

Қуаңышынмен.

 

Аялаймыз ананы,

Құрметтейміз,бағамыз.  Нұрмұхаммед

Сіздер үшін аналар,

Шырқап тақпақ айтамыз.

 

Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы тақпағым.      Алуа

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де!

 

Менің әжем , бұл әжем,

Айтқан сөзі дәл әжем.    Мадияр

Аман болса көреді

Қызығымды әлі әжем.

Сенен өскен балалар,

Батырлармен даналар.   Дәрия

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті аналар!

Жүргізуші: Ақ қар еріп, су көбейіп
Сай салада ағады
Бүршік шашып
Жапырақ  ашып
Гүл бәйшешек басады…
Мал маңырап, төл  жамырап,
Жайлау малға толады.
Айтыңдаршы достарым
Бұл қай кезде болады?

Балалардың жауабы: Көктемде!

Жүргізуші: Олай болса балалар көктем ханшайымын қарсы алайық.Көктем ханшайымын қарсы алайық.Көктем ханшайымынсыз мерекеміз өтпес.

Музыка әуенімен залға Көктем кіреді.

Көктем:Армысыздар балақайлар,

Әзиз әже, назды апайлар.

Мол шуақты ала келдім

Қуаныңдар балақайлар

Мен құлпырған бәйшешекпін

Келіп жеттім көктемменен

Шаттаныңдар мейірімді аналар

Бұл мереке сіздерге арналар.

Жүргізуші:Рахмет Көктем біздің балалар сізге сыйлық ретінде дайындаған тақпақ әндері мен билері де бар олай болса алғашқы көктем мерекесіне арналаған «Көктем» әнің қабыл алыңыз.

Ән: «Көктем»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *