(Тәрбиеленушілердің, оқушылардың және студенттердін) балалардың жетістіктері қазақстандық интернет-көрмесінің өткізу туралы ережесі
Өткізу мерзімі: 2017 жылдың 03 қазаннан бастап 2017 жылдың 30 қарашаға дейін.
Тіркеу төлемінің мөлшері: 500 теңге.
Көрменің мақсаты: (тәрбиеленушілердің, оқушылардың, студенттердің) балалардың шығармашылық, жобалау, зерттеу жұмыстарын жариялау үшін жалпы ашық ақпараттық кеңістігін ұйымдастыру.
Қатысушылар: мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, орта жалпы білім беретін ұйымдарының, бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру мекемелерінің, түзеу мекемелерінің, балаларға қосымша білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілері, оқушылары, студенттері. Қатысуы жеке немесе бірлескен мүмкін.
Көрме бағыттары:
- рефераттар мен зерттеу жұмыстары
(- гуманитарлық – археология; биология; география; тарих; өнертану; өлкетану; мәдениеттану; лингвистика (қазақ тілі); лингвистика (орыс тілі); лингвистика (ағылшын тілі); педагогика және психология; саясаттану; социология; философия; экология; юриспруденция; этнография,
– жаратылыстану ғылымдары – астрономия және космонавтика; математика; медицина; физика; химия; экономика);
- оқу жобалары
(- әлеуметтік жобалар – мәдениет, өнер, қоғамдық өмір, білім саласындағы әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобалар.
қайырымдылық жобалар – жетім балаларға, мүгедектерге, қарт адамдарға, ардагерлерге және басқа да топтарға бағытталған көмек.
тарихи-мәдени жобалар – мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруге бағытталған.
табиғатты қорғау жобалары, экологиялық жобалар – табиғатты қорғауға бағытталған, аумақты абаттандыру және .т.д.
ағартушылық жобалар – білімді насихаттауға, салауатты өмір салтын насихаттауға және т. б.)
- техникалық шығармашылық, өнертапқыштық (өнертапқыштық, авиация, космонавтика, аспаптар, станоктар, құрал-жабдықтар, бастауыш техникалық құрал-жабдықтар, авиа-, авто-, кеме-, ракетомоделирование, технологиялар, техникалық дизайн)
- ақпараттық технологиялар
(- жүйелік программалау – кез келген программалау тілде программалық әзірлеу,
қолданбалы программалау – (MsOffice, CorelDraw, Adobe Photoshop, Illustrator, 3dStadio, MAPLE, MathCAD және басқа да) қолданбалы бағдарламалар пакеттердің негізінде жасалған білімге, ғылымға, техникаға, экономикаға, басқаруға, өнерге құрылған бағдарламалар,
интернет-беттер.
компьютерлік графика және анимация);
- әдеби шығармашылық (поэзия, проза, публицистика, журналистика);
- көркем шығармашылық (кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер);
- фото – және видеоөнер (жанрлық фотосуреттер; фотокескіндеме; фоторепортаждар, ғылыми-танымал фильмдер, публицистикалық деректі фильмдер, ойын фильмдер, мультипликациялық кино, анимациялық кино);
- музыкалық шығармашылық (өздері шығарған музыкалық шығармалар мен әндер).
Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.
Көрмені жүргізу үшін сайтта «Балалардың жетістіктері интернет-көрмесі» айдары ашылды. Онда барлық алынған материалдар жарияланады.
Көрме екі кезеңде өткізіледі:
1 кезең: жұмыстарды қабылдау;
2 кезең: материалдарды сайтта жариялау, марапаттау материалдарын дайындау.
Қатысу шарттары.
- Қызықты номинацияны таңдап, көрменің ережелерін мұқият оқып шығыңыз.
- Таңдалған номинацияға сәйкес келетін жұмыстарды дайындаңыз.
- Қатысу үшін ұйымдастыру жарнасын төлеңіз.
- Қатысу үшін тіркеу жарнасы әрбір қатысушыға 500 теңге, бір номинация бойынша бір жұмыс.
- Қатысу үшін өтінішті толтырыңыз. Ақпаратты толтырғанда абай болыңыз.
Көрменің корытындысы.
Көрменің корытындысы http://oqu-zaman.kz/ сайтында жарияланады.
Барлық қатысушыларға таңдап алған номинацияға байланысты марапаттау құжаттары беріледі – Шығармалылық табыстары үшін диплом. Жұмыс жетекшілері көрме қатысушыларын дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталады.
Әрбір жұмысқа жеке өтініш жасалады, онымен бірге төлем құжатының көшірмесі тіркеледі.
Өтінішті алғаннан кейін 5 күннің ішінде марапаттау құжаттары электронды нұсқада беріледі.
1 қосымша
(Тәрбиеленушілердің, оқушылардың және студенттердін)
Балалардың жетістіктері қазақстандық интернет-көрмесінің өтініші
1 | Автордың толық аты-жөні | |
2 | Тобы/сыныбы | |
3 | Білім беру мекемесінің атауы | |
4 | Жұмыс жетекшісінің толық аты-жөні | |
5 | Қызметі | |
6 | Жұмыс орны | |
7 | Телефон | |
8 | Жұмыстың тақырыбы | |
9 | Бағыты |
Материалдарды, автор туралы мәліметті түбіртегінің көшірмесін oqu.kz@mail.ru мекен жайға жіберуіңіз қажет.