«Ерлік мәңгі есте»


Жакупбаева Айнур Муратовна

КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының музыка мұғалімі

Мақсаты: Ұлы Отан соғысы,оның зардаптары,Ұлы жеңіс туралы мағлұмат беру.Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың,сқғыстан оралған,қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып,оларды құрметтеуге тәрбиелеу.Балаларды адамгершілікке,Отанын сүюге,оны қорғауға баулу.Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,оларға патриоттық тәрбие беру.

Көрнекілігі: Слайд

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар,балалар,бүгінгі мерекелік кешіміз Қ.Р. Қарулы күшіне және Ұлы Жеңіс мерекесіне арнайы «Ерлік мәңгі есте» деген атпен ертеңгілігіміз өткелі отыр.

Ұмыт болғанғұмыт қалған жоқ ешкім,

Ешбір адамұмытпайтын мәңгі есім,

Ұрпақ үшін тозбайтұғын,бітпейтін

Ардагерлер-естелігі соғыстың

Дәл осынау жадыраңқы жай күні

Болса дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басын иіп бір минут

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Балалар,енді Отанымыз үшін жанын қиып соғысқан батыр аталарымызды 1 минуттық үнсіздікпен еске алып,гүл шоқтарын қояйық.

2-жүргізуші:

Әйгілі!Тоғызыншы мамыр бүгін.

Алғаш күні шаттықтың

Соңғы күні қайғының

Ұлы кешке сеңген күн

Фашистерді жеңген күн

Қырмызы гүл,қызыл гүл

Құшақтарға еңген күн

Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да біраз жыл өтті.Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін,тарихта мәңгілік қалатын күн.

Ән: «Әрқашан кін сөнбесін»

1-жүргізуші:

Адамзат баласын қорғаған ардагерлерімізге,арналған балалардың тақпақтарын қабыл алыңыздар.

 

Болмасын соғыс!

Тілегі солай ата-ананың

Жарақат алып қорғаған елін,Ұлы Отанын

Көшеде егер балдақты кісі кездессе

Жүрегім сғып ойланып бара жатамын

Бақтарды басып,танктің тажал табаны

Қандарға бөгіп бала-бақшалар алаңы

Жауыңгер болып от атып жап-жас жігіттер,

Атпаса екен шашынан сүйреп,Ананы!

 

Болмасын соғыс!

Жасасын Жеңіс – мамыр – ай!

Қозы -лақ шапсын енесін еміп жамырай

Тау азаматтар жарақат алып жатпасын

Ажалын тауып қорғасын оқтан тарыдай

О,мейлі,қарын ашығып,сәл ғана

Жаралы елді артпай-ақ қойдық арбаға

Күн күліп,гүл өсіп тұрсын далада

Қан қызыл оқтан жараланбасын ақ дала.

 

Жасасын Жеңіс!

Еңбегі барлық солдаттың

Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың

Қаншама адам ерліктер жасап майданда

Қазақтың атын,халықтың атын самғаттың!

 

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!

Тәуелсіз болып болашағына жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегелсін!

Слайд: Балалар бір сәтке экранға көз салып өткен күндері еске алайық.

Ән: «Қазақстан туы»

Армиямыз айбынды

Армиямыз қаһарман

Күзетеді ай нұрлы

Күн сәулесі Отанды

 

Шекарада күзетте

Қас қақпайды ағалар

Балбыраймыз төсекте

Біз алаңсыз балалар.

Би: «Теңізшілер»

2-жүргізуші:

Мың құбылып тұрса-дағы бар маңы

Адамзатты алға бастар Ар заңы!

Мір оғындай Момышұлы Бауыржан

Туа біткен туралықтың тарланы.

1-жүргізуші:

Дұшпанға қарсы күрескен

Халқымның батыр ұл-қызы

Қазақтың қызы Мәншүгім

Шығыстың қос жұлдызы!

Көрініс: «Мәншүктің жұлдызды сәті»

1-Мәншүк Мәметова (Айлана)

2-генерал Галицкий (               )

3-подполковник Баймолдин (                  )

4-жауынгерлер

Үнтаспадан соғыс даласында жүріп жатқан үндері естіледі.Генерал Галицкий дүрбімен майдан даласын қарап тұрды.Жанында подполковник Баймолдин.Атқышта ротасының оңқанатымен жүріп отырып,аға сержант Мәметованың пулеметшілері бөлімшесі алға жылжып барады.

Г.Галицкий: Жарайсың комкондир.Қараңдар жақсы бастап барады.Өзі кіп-кішкентай екен.

Подполковник Баймолдин: Жолдас Генерал сіз қазір көріп тұрған бөлімшені қыз бастап барады.Ол-пулемет бөлімшесінің командирі,аға сержант Мәншүк Мәметова.

Генерал Галицкий: Солай ма?Оны маған таныстырыңыздар!

Подполковник Баймолдин: Бөлімше сапқа тұрыңдар!(Мәншүк бастаған бөлімше сапқа тұрады)

Генерал Галицкий:Сәлеметсіздер ме жауынгерлер!(сапқа таяп келіп)

Жауынгерлер: Саулығыңызды тілейміз жолдас Генерал.

Генерал Галицкий:Жарайсыңдар жолдастар.Барлық жауынгерлерге алғыс жариялаймын.

Жауынгерлер: Отаңға адал қызмет етеміз.

Генерал Галицкий: Жолдас Мәметова бері келіңіз.

Мәншүк:(генералға таяап)

Рахмет саған,қазақ халқының қызы,сен жақсы пулеметші екенсің!

Мәншүк: Отаныма адал қызмет етемін.

Жасың нешеде? Сен майдаңға қалай тап болып жүрсің?

Мәшүк: 20 жастамын,жолдас генерал,майдаңға өз еркіммен келдім,ал өзім Алматы қаласындағы мидицина институтында оқыдым.

Ал пулемет ісін қайдан,қай жерден үйреніп жүрсің?

Мәншүк: Осында жолдас генерал.

Генерал Галицкий: Алдағы шайқастарда саған табыс тілеймін.

1-жүргізуші:

«Бәріде Жеңіс үшін!!!»Шығыстың қос шынары!!!Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта да есінде сақтайды.Олар Отан үшін,ел үшін құрбан болды.

2-жүргізуші:

Әлия,Мәншүк, қайсар қызы қазақтың

Ерлігінде таңдамайтынғажап тым

Желбірейді бейбітшілік жалауы

Орындалып жас ұрпақтың қалауы

Әлия,Мәншүк жүрегі боп жанып тұр

Мәңгілік от ескерткіштің алауы!

Би:

1-жүргізуші:

Жау жеңіді ақыры

Атты бейбіт таң күліп

Жиырма сегіз батырын

Ұмытпайды ел бүгін

Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады,

Ақ сүт берген анасын қорғады,

Самал ескен даласын қорғады.

Тақпақтар:

Жауға басын имеген

Жауыздықты сүймеген

Ісіңе аға еліктеп

Ерлігіңді үйренем.

Соғыс бұлты төңгенде

Серік болып ерлерге

Жаудың бетін тойтарған

Елдің кегін қайтарған.

 

Қуантамыз ән сап жұртты

Келе берсін бақыт таңы

Жеңіс күнің болсын құтты.

Батырлардың ұрпақтары.

Ән: «Катюша»

Би:

Зеленеют весенние дали

В майский вечер салюты гремят

В честь солдат,что за Родину пали

В честь живых, чьи медали горят

 

Ветераны войны,ветераны

Вас немного осталось в строю

Помнят вас континенты и страны

За великую доблесть в бою.

Ойын: «Сымсыз телефон»

Цветок,в росинках весь,к цветку приник,

И пограничник протянул к ним руки

А немцы,кончив кофе пить,в тот миг

Влезали в танки,закрывали люки

Такою все дышало тишиной

Что вся земля еще спала,казалось

Кто знал,что между миром и войной

Всего каких-то 5 минут осталось!

Атылған автомат үні:

1-жүргізуші:

Міне,соғыс.Отан үшін Алға,Алға тек қана Алға!!!Олар өздеріне сенімді,аман-есен елге оралатындарына.

Музыка: Балалар сапқа тұрады.

1-бала: Өкінбе солдат,Жеңіс біздікі!

2-бала Ал қане достым,қайда сенің гармоның?Қане бір серігіп қалайық!

3-бала Қолына гормонды алады.

1.Ты сыграй,сыграй моя гормошка

Да на полный разворот

Как россиские солдаты

Взяли немцев в оборот

2.За свою страну родную

Грудью встаним как один

Будь уверена моя подружка

Мы фашистов победим.

1-жүргізуші: Төрт жыл бойы Совет халқы Отан үшін,жеңіс үшін күресті.

2-жүргізуші: Міне,көптен күткен Жеңісте келіп жетті!

Алақай,алақай

Сүйінші,сүйінші

Жеңіс келді далама

Қуан,шаттан

Құтты болсын бұл мейрам.

Би: «Сарбаздар»

Барлығы:

Аналардың тілеуінде бейбітшілік

Бөбектердің тілеуінде бейбітшілік

Балдырғанның бал тілінде бейбітшілік

Көгершін боп қалқы күнде бейбітшілік

Ойын:

Бейбіт күні орнасын

Елімізде әрқашан

Тыныш өмір сүрейік

Достығымыз жарасқан

Ақ көгершін,көгершін

Шарла барлық әлемде

Бейбітшілік үнімен

Ән саламыз әдемі.

 

\Соғыс отын жақпандар

Балаларды бақытынан қақпандар

Жер бетінде тіршіліктің тәңірі

Жалғыз ғана тыныштықты сақтаңдар

Би: «Солдаттар»

Жасасын Жеңіс!

Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!

Болмасын соғыс!

Болмасын!

Осы тілекпен барша халайық түрегел!

Қорытыңды:

Тәрбиеші:

Балалар,Отандарыңды сүйіп,қастерлей беріңдер,ата-баб дәстүрін,әдеп-ғұрпын берік ұстанып,үлкенге ізетті,кішіге ілтипатты болыңдар,халқымның ерлігімен,батырлығымен,қайсарлығымен келген,тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын!Отанын сүйетін,қорғай білетін нағыз азамат болып өсе беріңдер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *