Қуант бізді, Жаңажыл!


Касыкбаева Айбану Ергалиевна

КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі 

Ән: «Шырша»                                                                                                                            Жүргізуші:                                                                                                                                                                   Кел, жаңа жыл, жаңа жыл.
Төрле, төрле жеріме,
Құт береке боп келгейсің Қазақстан еліне,
Үміт артып армандарға жетеле.
Қуант бізді, Жаңа жыл!
Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасанып, жайнайды.
Құбылып, құлпырып айналаЖүргізуші: Ал, бүгін балалар, қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл!
Жүргізуші: Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық

Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Жүргізуші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді.

Зере:                                                                                                                                    Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.
Мансұр:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Жүргізуші: Балалар, естідіңдер ме, біреу келе жатыр. Олай болса сол қонақпен біздер тығылыспақ ойнайық. Кәнеки, бәріміз шыршаның арғы жағына тығылайық. ( Балалар тығылады, Ақшақар келеді)
Ақшақар: Мен балабақшаға  балалардың Жаңа жыл мейрамына келе жатыр едім. Енді мен қайда келдім? Осы жаңа ән естіген сияқты едім,балалардын дауысын естіген секілді едім, ал енді ешкім жоқ, қызық екен. (Балаларды іздейді. Мысықтың даусы шығады). Жоқ ол жерде мысық екен, әрі қарай іздейін (жақындаса иттің дауысы шығады). Жоқ ол жерде ит екен, әрі қарай іздейін (Балаларды табады).Таптым,таптым!!!! Сәлеметсіздер ме балалар! Балабақшаның  қасынан өтіп бара жатып әдемі әнді естіп қалдым, сіздерге мейрамға келдім.
Балалар: Сәлеметсіз бе Ақшақар! Жүргізуші: Сәлеметсіз бе Ақшақар! Біз саған өте қуаныштымыз, төрлет. Біздің қонағымыз бол! Ақшақар, қарашы қандай әдемі шырша, қаншама ойыншықтар.

Ақшақар:балалар азя ата келмеген бе мен меркеге аяз атадан бұрын келіп қойдымба?Ал неге шыршада шамдары сөніп тұр? Балалар шыршамен ойнайықшы, өз шамдарын жақсын, сөндірсін. Шамдарды жағу үшін біз шапалақтаймыз,өшіру үшін үрлейміз.
Ойын:«Шырша» (Балалар шапалақтайды) шамдар жанады. Ал енді шамдарды сөндірейік, қатты, қатты үреміз. ( үреді, шамдар сөнеді) ойын 2-3 рет ойналады.

Жүргізуші:Ақшақар мүмкін сіз аяз атаға қоңырау соғарсыз.Ол біздің балабақшаны таппай жүрген болар.

Ақшақар:Арине соғайын. (Аяз атаға звандайды дауысы шығады.)

Жүргізуші:Құрметті ақшақар сіз аяз ата келгенше әдемі ұлпа қарлармен би билесеңіз.

Ақшақар:Арине ортаға шығып би билейік.

Би: «Қарша қыздар»

Жүргізуші(шыршаның жанына жақындап келіп) бәрекелді, қараңдар балалар, шыршаның астыңда бірдеңе тұр! Сыйлықтар! Сыйлық алу қандай тамаша, келіңдер, балалар, сыйлықты ашып көрейік. (көңілді муз. Ойнайды, қорапты ашады, оның ішінен Аққала атып шығады.)
Аққала: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмің. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап – қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жалды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойынды ойнайыншы!                                                                                                        Жүргізуші: Балалар Аққала мен ойнаймыз ба?                                                                       Ойын: «Қар домалату»

Жүргізуші: Балалар мынау шыршаның түбінде кім бар екен?
Ақшақар: Қорықпаңдар балалар, ол аю. Қыста аю ұйықтайды, Аюдың үйіне келіп оны оятып жібереді. (Аюдың қасына барып) Аю оян, Жаңа жыл келді. (Аюдың дауысы шығады). Оянғысы келмейді. Аю, сен Жаңа жылды көргім келеді деп айтатын едің, тұр, Жаңа жыл келді. Аяз ата келеді(Аю оянды).
Жүргізуші: Сәлеметсіз бе аю. Бізбен ойнашы.
Аю: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар. Сәлеметсіз бе Ақшақар. (Көзін уқалап, аузын ашып, керіліп) мен сендермен ойнамаймын, одан да мен ұйықтаймын (шыршаның алдына жатады да ұйықтайды).

Жүргізуші:Балалар аюды ояту үшін «Аюды оятайық» атты ойын ойнайық.
Ойын «Аюды оятайық». Балалар аюдың қасына жаймен барып топылдатады. Аю балаларды қуады да қайтадан жатады. Ойын 2 рет ойналады.
Аю (оянып): Ақшақар, Ақшақар, ал Аяз Ата қайда?
Ақшақар: Аю Аяз Ата қазір келеді жұмыс көп қой: шыршаны әдемілеу, балалардың барлығына сыйлықтар дайындау.
 ішке қасқыр мен түлкі сыйлыққа таласып кіреді

Қасқыр:Жоқ түлкі мына сыйлық менікі.

Түлкі:Жоқ сыйлық менікі мен таптым менікі менікі.
Ақшақар: Тоқтатыңдар бұл не масқара неге дауласып жатырсыңдар жаңа жылда ұрысуға болмайды.

Жүргізуші:Тоқтаңдар достар мен бұл не қылған айқай шу.
Қасқыр:Біз жолда келе жатып сыйлық тауып алдық соны бөлісе алмай жатырмыз.

Ақшақар:Қане сыйлықты маған беріңдер бұл аяз атаның балаларға дайындаған сыйлығы болу керек.Аяз ата келгенде қайтарып береміз.

Жүргізуші: Аю,түлкі қасқыр жаңа жыл болса келіп қалды сендер оданда біздің балалармен би би ойын ойнаңдар аяз ата келгенде сендерге сыйлық береді.

 Қасқыр: О, жаңа жыл дейсің бе? Бізде қарсы аламыз ба? Жарайды екеуміз дос боламыз.

                                                   Би: «аңдар»

Жүргізуші:Балалар тыңдаңдаршы аттың дыбысы естілетін сияқты аяз ата келіп қалды.Қане баріміз аяз атаны дауыстап шақырайықшы.

Ақшақар:Балалар мүмкін аяз атаны бәріміз дауыстап шақырып көреміз біз көппіз даусымызды аяз ата естіп қалар.

Балалар атаны шақырады уш рет қатты айқайлайды аяқтарымен топылдатады.

Ортаға музыкамен аяз ата келеді.

АязАта:Сәлеметсіздермебалалар! Сәлеметсіздермеқонақтар! (Балаларамандасады).
Естіпжатырмын, естіпжатырмын,
Кележатырмын, кележатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өміргүлім, шағыным.
Тілегенімжылбойы,
Сендердің денсаулығың.
Амансың ба, ұлдарым,
Аппақ ару қыздарым?
Мен сендергеәкелген,
Құттыболсын жылдарың!
Ақшақар:Қізді қош келдіңіз ата біздің балалар сізді көп күтті,сізді сағынды Балалар сізге өз өнерлерін көрсетеді.

Ән: «Мереке»

Жүргізуші:Ата балалардың сізге арнап жаттаған тақпақтары бар.

Аяз ата:Қане құлындарым бері жақын келіп айтыңдар.

Е. Айша:

Келіндер, келіңдер,

Тақпақ айтып беріңдер.

Жомарт аяз атадан,

Сыйлық алып көріңдер.

Дияр:

Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны,

Сағындым аяз атаны.

Жансезім:

Тамаша сый алып,

Келді аяз атамыз.

Шаттанып, қуанып,

Шырқап ән айтамыз.

Аружан:

Келді міне жаңа жыл,

Қарсы алайық бәріміз

Күліп ойнап би билеп

Ән салайық бәріміз.

Б. Айша:

Қараңдар мынау шыршамыз

Неткен әсем көрікті

Жаңа жылдық думанға

Аяз ата келіпті.

Арайлым:

Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып

Келді алыс сапардан

Аяз ата оранып.

 

Жүргізуші:Аяз ата біздің балалармен бірге би билеңіз.

                                         Би «Хоровод»

Аяз ата: жарайсыңдар балаларым сендерге көп рахмет

Ойын: «Қатыру»

Жүргізуші: ата балалар сіздің сыйлығыңызды көп күтті.

Балаларға сыйлықтарын тарату.Аю қасқыр түлкіге де сыйлықтар береді.

Аяз ата:Ал балаларым біздің басқа балабақшаға барып балаларға сыйлықтарын таратуымыз керек келсі жылы кездескеншесау болыңдар балаларым.

Жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мәртебесін Қазақстаның елінің биікке асыр.
Міне, жаңа 2017 жыл да келді. Ал 2017 жылы да елімізге тыныштық болып ырыс-құтымыз арылмасын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *