Жыл басы – Наурыз!


   Искакова Назгуль Сериковна
КМҚК №134 “Гауһар” балабақшасының тәрбиешісі 

Сценарий мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сценарий көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық бұйымдар.
Сценарий барысы:
І Кіріспе
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады. Ұлағатты сөздер:
«Наурыз құтты болсын!»
«Жыл басы – наурыз!»
«Наурыз құт әкелсін!»
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты
болсын!

Жүргізуші:

Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

Жүргізуші:

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Жүргізуші:

Ұлы күнде халайық,

Қалай қарап қалайық,
Сәйгүліктей ағайық,
Жасын болып жанайық.
Қыдырдай атамызды
Ортаға шақырайық.!

Қыдыр ата:

Ау, аман ба, жарандар!
Алтын таңға қараңдар!
Ерте жайнап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
(Әжесі мен Қызыр ата ортаға келеді. Әжесі шашу шашады)

II.бөлім.

Жүргізуші:Құрметті қонақтар жоғары шығыныздар. Енді біздің тобымыздың осы мерекеге арналған өнерлерін тамашалайық.

Балалардың тақпақтары.

Ән. «Наурыз жыры».

Жүргізуші:

Жаңа күн ол ― жыл басы,
Жиырма екісі наурыздың.
Наурыз айда ― төл басы,
Бүршік атар бау біздің.- дей келе сегіз қырлы, бір сырлы жігіттеріміздің өнерін тамашалайық.
Батырлар биі.

Алдар көсе мен бай.шағын көрініс. (Ата-аналармен ойын).

Жүргізуші:Ал байеке ,Алдар қонақтарымызды біраз сергітемін деп шаршап қалған

шығарсыздар.Төрге шығып демалыныздар.

Біздің ұлдарымыз бен қыздарымыз сіздердің айтыстарын естіп,оларда айтысқысы келеді.

Ендеше ортаға Кәусар мен Еркеұланды шақырайық.

Жүргізуші

Ұлы күні кәрі – жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!- дей келе
Бүлдіршіндердің дайындаған «Татар»биін тамашалаңыздар!

Жүргізуші:

Кел, балалар келіңдер.
Наурыз тойын тойлайық..
Баянды боп мереке,
Әсем әнді шырқайық
Ән «Наурыз»

Жүргізуші:: Наурыз тойы құтты болсын,
Ел ырысы құтқа толсын.
Бақыт әкеп Ұлыс күні,
Бұзылмай ел тыныштығы
Бақыт құсы баққа қонсын!- дей келе келесі кезекті «Достық» биіне берейік.

Жүргізуші:

Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз. Көжеден дәм татыңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *