«Менің педагогикалық тәрбиешілік ұстанымым»


Молдабаева Назерке Ораловна
КМҚК №134 “Гауһар” балабақшасының тәрбиешісі

Ел есінде бір жыл қалғын келсе – ас бер, он жыл қалғын келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғын келсе – бала тәрбиеле дейді халық даналығы. Мен үшін ең қастерлі, қасиетті мамандық ол – тәрбиеші. Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл атқаратыны белгілі. Бірінші – өз үйі жанұясы, екінші – өскен ортасы. Ал отбасынан алған тәрбиені дұрыс өрбіту балабақшаның міндеті. Ол міндетті орындауға басты тұлға балабақшаның жүрегі – тәрбиеші. Тәрбиеші – берген білім, үйреткен тәрбиесімен  мәртебелі.  Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны мұғалім, ұстаз. Ұстаз қандай болса, мектебі де сондай болмақшы» деп айтқандай, менде осы мамандықт иесі атанарда қиыны мен жеңілі,қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалықтәрбиешілікұстанымым-үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр бүлдіршіннің бойына жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу еді. Жас бүлдіршіндер қоғамға қосылып, өз алдына жеке тұлға болып тәлім-тәрбие алуы педагог-тәрбиешілер үшін үлкен мәртебе. Адамның жаратылысынан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген бүлдіршіндерді өмір сүруге дайындау. Бұл –  қиынның қиыны. Себебі әр адам қайталанбас тұлға деп ойлаймын. Оның жан дүниесі – өзінше жеке бір әлем. Ал педагог сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Менің педагог ретіндегі  басты ұстанымым жан-жақты біліктілікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық деп, осы педагогикалық еңбегімде мен әрі әсем сөз маманы, әрі суретші, әрі әртіс әр баланың жан дүниесін  түсіне алатын психолог ретінде бүлдіршіндерді тәрбиелеуде халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан құндылықтарды бойларына сіңіріп, ойларына тәрбиені ұялатуға тырысамын.

Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз оқу «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман», -деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім беру ісінде баланың білімге құштарлығын арттыру,өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жалпы бала бойына жауапкершілік сезімін қалыптыстыру, ешқашан күн тәртібінен түспейтін тәрбиешілерге қойылатын басты талап. Балабақшадағы бүлдіршіндергедұрыс жолда тәрбие беру нәтижесі тәрбиешінің ұстанымына байланысты.Ұстаным дегеніміз не? (Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланстырады. Соцологтар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы есебінде алып көрсетеді.)  Педогогикалықтәрбиешілік ұстаным-бұл педагогтың өзінің тәжірибелік іс-әрекетінде және мінез-құлқын басшылыққа алатын негізгі, бастапқы жағдайлары.

Қоғам үшін, ел болашағы үшін ұстаздық жолды таңдаған адамдарға терең теориялық біліммен қатар, оған ерекше қабілет пен асқан біліктілік, балаға деген сүйіспеншілік қажет. Жалпы педагогикалық тәжірибеде қандай білім беру саласында боламысн әр оқу қызметінің тартымды, сәтті шығуы тәрбиешнің бала назарын еріксіз оқу қызметіне аудару, қарым-қатынасты шебер ұйымдастыра білуі қажет. Көбінесе оқу қызметінің негізгі бөлімдеріне ғана назар аударылып, ұйымдастыру бөлімінде өткізілетін психологиялық тренингтер, оқу қызметтерінің арасындағы сергіту сәттерінің алатын орны ерекше. Бала зейінің аударудың тиімді жолдары, алдыма келген жас бүлдіршіндердің ғажайып әлемінің тылсымына ендіру, маған үлкен ляззат сыйлайды. Педагогикалық шеберліктің мәні алдымен қызықтыру, сонан соң үйрету деген тұжырымдамасын негізге аламын. Негізгі мақсат балаларға жақсы көңіл-күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы білім беру. Өзімді әр оқу қызметінде балаларға бағыт беруші, жол сілтеуші рөліне қоямын. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып, оқу-қызметіне деген тұрақты зейін қалыптастыруға, қызығушылығын оятуға жағдай жасайды. Баланың жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін алдымен тәрбиешінің өзінің жеке басы осы айтылған сынға сай болуы тиіс. Орыс педагогі К. Ушинский былай деген екен: «Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да оның орның баса алмайды». Шыңдығына келгенде, тәрбиешіңін өзі де өзгеге үлгі боларлықтай болуы қажет деген сөз. Бүгінгі таңда ұстазда, тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәлтәрбиешіге қойылатын талаптардай қоймайды. Осындай қиыны мен қызығы, талабы мен жемісі қатар жүретін өз мамандығымды қатты жақсы көремін. Өйткені бұл мамандық менің жүрек қалауымен келген мамандық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *