Қызыл телпекпен саяхат.


Тюлембекова Мейрамгуль Жаманкешевна
КМҚК №134 “Гауһар” балабақшасының әдіскері

Білім беру салас:”Таным”.”Шығармашылық”.”Әлеумет”

Бөлім:Көрке әдебиет,Қарапайым математика,Мүсіндеу.

Мақсаты:Балаларды табиғатпен ,орман тіршілігімен таныстыру,тақпақ,жұмбқтар арқылы балалардың тілін,білімдерін жетілдіру,қарапайым математикалық ұғымдарын,ойлау қабілеттерін арттыру.Ойлау қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру және тұлғаны қалыптастыру,ертегілер еліне саяхатқа шығуын елестету арқылы қиял болжамдарын дамыту,сөздік қарымқатынастарын нығайту. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін  арнайы жаттығулар қолданып ,дыбыстарды қабылдап,ажыратуға үйрету.Бір-біріне деген достық қарым-қатынас сезіміне тәрбиелеу.

Қос тілділік:Қызыл телпек-Красная шапочка-Red riding hood

Әдіс-тәсілдер:Елестету,сахналау,көрсету,ойын,сұрақ-жауап,санау,бағалау,қорыту.

Құрал-жабдықтар:Ертегі киіпкерлерінің киімдері,суреттер,үнтаспа.

Тәрбиеші:-Балалар,бүгін ерекше күн.Бізге бүгін қонақтарын келіп отыр.Олай болса қонақтармен амандасып алайық.Шаттық шеңбер.

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты!

Жарқырайды күніміз!

Жайнап түсті даламыз!

Қайырлы  таң балалар!

Қайырлы таң апайлар!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Тәрбиеші:

-Балалар бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.

-Аспанымыз ашық болсын!Достарымыз көп болсын!Аналарымыз қасымызда болсын! Балабақшамыз гүлдене берсін!

-Міне,балалар,сендер тату-тәтті дос екендеріңді  білдіріп,бір-біріңе жақсы тілек айттыңдар.Тілектерің қабыл болсын!

-Балалар,қане бәріміз көзімізді жұмып,ертегілер еліне ойша саяхат жасаймыз.Айналамызызда толған сап-сары әдемі жапырақтар,құстардың жылы жаққа ұшып бара жатқан үні естіледі.

Күз мезгілінде ғажап ертегі кейіпкерлері бір-бірімен дос болып,тату-тәтті өмір сүруде .Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.Ертегілер еліне саяхат ұнады ма?

Балалар:-Ұнады.

Тәрбиеші:- Балалар бірінші тілімізге артикуляциялық жаттығу жасап алайық “Ат шауып келеді”-ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру-айыру немесе тайдайларын қақызу.

Тәрбиеші.- Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар?

Күз екенін қайдан білдіңдер?

Балалар :- Жылдың қазір күз мезгілі.Күз мезгілінде үш ай бар,

қыркүйек айы,қазан айы, қараша айы.

Күз де,жаңбыр жауады ,күн суытады т.б.
(Осы кезде әуен сазымен Қызыл телпек кіреді)

Қызыл телпек:Амансыңдар ма,балалар!Мені таныдыңдар ма?

Балалар:-Иә.

Тәрбиеші:-Міне қызық балалар. Біз жаңа ғана ертегілер елі туралы айтқан едік.Ал,сонымен мына әдемі қыз қай ертегі кейіпкері екен?

Балалар:-“Қызыл телпек ертегісінің кейіпкері”.

Қызыл телпек:- Балалар мен сендерді ормандағы әжемнің үйіне қонаққа шақырамын.

Тәрбиеші:  -Қызыл телпек бізді әжесінің ормандағы үйіне қонаққа шақырып келіпті,бірге орманға саяхатқа барамыз ба?

Балалар:-Иә.

Қызыл телпек:-Балалар менің әжемнің үйіне бару үшін тапсырмаларымды орындауға дайынсыңдарма.

1.тапсырма-Тақпақ айту білесіңдер ме?

-Йә.

Тәрбиеші:-Олай болса жолымыз қысқарсын.Қызыл телпекке тақпақтар айтып берейік.

Катия:Күзім-ау,күзім-ау.

Мінезің бұзық-ау

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

Аяулым:Берекесін сыйлауға.

Өлкемізге күз келді,

Жемістері жыйнауға.

Шақырады біздерді.

Майя: Миновало лето,
Осень наступила.
На полях и в рощах
Пусто и уныло.
Птички улетели,
Стали дни короче,
Солнышка не видно,
Темны, темны ночь

Арғын: Down, down!

Yellow and brown

The leaves are falling

Over the town.:

Қызыл телпек:Ой,жарайсыңдар балалар,ал енді жұмбақ шеше білесіңдер ме?

Балалар:-Йә,шеше аламыз.

Қызыл телпек:Жұмбақ жасырады.

1.   Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұр шашады.

Ол не?(Күн)

 

2. Ағайынды бәрі,шықса жасыл,түссе сары.Ол не ?( Жапырақ)

Тәрбиеші:-Балалар,біз Қызыл телпектің тапсырмасын орындап жүріп, орманға  да жетіп қалыпыз.Қараңдаршы балалар,орман тыптыныш.

(Осы кезде орман ішінен қу түлкі шығады)

Тәрбиеші:-Балалар мынау не?

Балалар:-Түлкі.

Тәрбиеші:- Дұрыс айтасыңдар,ол қандай ертегіде кездеседі?

Балалар:”Бауырсақ” ертегісінде.

Түлкі: – Балалар, менің ішім пысып тұр.

Тәрбиеші: – Түлкіжан олай болса,келе ғой біздің балалармен ойын ойнайық.

Тәрбиеші:-Ғылымый тұрғыда балалардың тілі жіңішке қол арқылы дамыйды,сондықтан балалар түлкімен “моншақты тізбектеу”ойынын ойнайық.

Осы кезде қасқыр келеді.

Тәрбиеші: -Балалар мынау не?

-Балалар:-Қасқыр.

Қай ертегіде кездеседі?

Балалар:-“Бауырсақ”, “Қызыл телпек” ертегісінде.

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар.-Балалар қасқыр неге ойланып тұрғанын сұрайықшы.-Ой қасқыр сен не ойланып тұрсың?

Қасқыр: -Балалар, білесіңдер ме,мен себетімде қанша саңырауқұлақ бар екенін білмей тұрмын.

Тәрбиеші: -Қасқыр сен өзің санау білесің бе?

Қасқыр:- Жоқ,деп ұялып қалады.

Тәрбиеші:-Қасқыр сен ұялма,біздің балалар саған санауды үйретеді. -Балалар санауды үйретеміз бе?

Балалар:-Йә.

Тәрбиеші: -Олай, болса балалар қасқырдың себетіндегі саңырауқұлақтарын жолақшаларға қойып тура және кері санауды үйретейік.

Балалар:- Жолақшаға бір-бірлеп себетіндегі саңырауқұлақтарын   қойып тура және кері санауды үйретеді.

Қызыл телпек: -Балалар біз әжемнің үйіне жақындап қалдық,мен  әжеме бауырсақ пісіріп әкелемін дегенмін маған көмектесесіңдер ме?

Балалар: -Әрине,көмектесеміз.

Тәрбиеші: -Балалар жұмысымызды бастамай тұрып,саусақ жаттығуын жасап алайық.

Саусақ жаттығуы:”Бала,бала балақай”

-Балалар Қызыл телпекке бауырсақты жасап береді,сол кезде орманнан әже шығады.

-Әже: Сәлеметсіңдер ме,балалар!Сендер менің немереммен орманда серуендеп жүрсіңдер ме?

Қызыл телпек: -Йә,әже біз сізге бауырсақ істеп әкелдік,оны жасауға балалар маған көмектесті.

Тәрбиеші: -Әже, біздің ұлттық тағамымыздан ауыз тиіңіз,балалар мына табақты  өздерінің бос уақытында еңбектеніп жасады.

Әже:-Рахмет.- Балалар  еңбектерің жана берсін,отанымыздың мақтанышы болыңдар.

Тәрбиеші мен балалар: Әже мен Қызыл телпекпен қоштасып, топққа оралады.

Қорытынды: -Ал, балалар,бүгінгі саяхатымыз сендерге ұнады ма?

-Бізге қонаққа кім келді,неге келді?

-Біз орманда қандай аңдарды  кездестірдік?

-Түлкіні,Қасқырды.

-Олармен біздер не істедік?

-Түлкі мен ойнадық,-Қасқырға санауды үйреттік.

Жарайсыңдар балалар, сендерге рахмет.

-Балалар сендер әрқашан да осылай көмек көрсетуден жалықпаңдар,халқымыздың әдемі ұл-қызы болыңдар.

Күтілетін нәтиже:Меңгерді: Балалар жыл мезгілінің ерекшеліктерін,5-ке дейін тура және кері санап,киіпкерлерді танып,ертегі аттарын атай білді.Тақпақтарын үш тілде айта білді,жұмбақтың шешуін таба білді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *