Тоғызқұмалақ ойынында оқу жатты кезеңдерін жетілдіру


Куспанов Нурбол Сагиндикович
старший преподаватель, магистр физической культуры и спорта Западно Казахстанского инновационно-технологического  университета

Спорттық – сауықтыру кезеңі

Жаттығудың негізгі мақсаты:тоғызқұмалақ кәсібін таңдауды бекіту және ойын техникасының негіздерін меңгеру.

Негізгі міндеттері: балалардың денсаулығын нығайту және ағзасының дұрыс дамуына ықпал ету; ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру және тәрбиелеу     ( еске сақтау, логикалық ойлау, назар қабілетін дамытуға бағытталған ); келешекте тоғызқұмалақпен айналысатын дарынды балаларды іріктеу.

Жаттығудың негізгі бағыттары: спорттық-сауықтыру дайындығы кезеңі келешекте тоғызқұмалақ ойынын жетілдіру мақсатын көздейді.  Бұл ретте келешекте спортпен шұғылданатын балаларды іріктеу жүргізіледі, себебі спорттық шеберлікті меңгерудің негізі осы  кезде қаланады.

Жаттығудың негізгі құралдары мен әдістері. Бұл жас шамасындағы балалармен сабақ өткізудегі негізгі құрал-түрі логикалық ойындар болып табылады. Жас ойыншыларды техникалық және дене дайындығымен қамтамасыз етуде дұрысы кешенді ойындарды қолдану ( шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ), бұл жаттығу сабақтарын мақсатты әрі жақсы ұйымдастырып өткізуге мүмкіндік береді. Кешендерді жарыстық партияларды өткізумен біріктіру тиімді.

Дайындық кезеңінде тоғызқұмалақ ойынының техникасын меңгеру таныстырушылық сипатта болады және негізгі элементтерді: дебюттерді, ойын қағидаларын, жүрісті санауды есептеу әдістерін үйрету негізінде жүзеге асырылады.

Спорттық-сауықтыру кезеңіндегі үйретудің ерекшеліктері. Үйрету жалпы әдістемелік қағидалар негізінде жүзеге асырылады. Көбінесе көрнекіліктер пайдаланады. Жаттығу әдістері: ойындық және жарыстық.

Жиналған ақпараттар негізінде бапкер соған сәйкес жаттығу үрдісінде өзгертулер енгізуі қажет.

Алғашқы дайындық кезеңі

Жаттығудың негізгі мақсаты: Тоғызқұмалақ кәсібін таңдауды бекіту және ойын техникасының негіздерін меңгеру.

Негізгі міндеттері: Ақыл-ой қабілеттерін дамытуға, еске сақтау, логикалық ойлау, сараптаушылық пен интуициялық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған тоғызқұмалақ ойынының спорттық дайындық жүйесіне балалар мен жасөспірімдерді барынша көп тарту.

Өздігінше ойлау қабілетін тәрбиелеу, жалпы дене дайындығын және тоғызқұмалақ ойынының негізгі техникасын меңгерту, жеке тұлғаның ерік және адамгершілік-этикалық қасиетін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау , денсаулығын нығайту және жасөспірімдер денесінің жан-жақты дамуын қамтамасыз ету; белгілі бір спорт түрімен біртіндеп мақсатты дайындалуына жағдай жасау; тоғызқұмалақ ойынының техникасын үйрету.

Жаттығулардың негізгі бағыттары: Бастапқы дайындық кезіңі – аса маңызды кезеңдердің бірі, өйткені бұл кезеңде таңдалған спорт түрінен келешекте спорттық шеберлікті меңгерудің негізі қаланады. Аталған кезеңде жаттығу кезеңдерін есепке алу мақсат емес ( дайындық, жарыстық және т.б), өйткені бастапқы дайындық кезеңінің өзі спортшының көпжылдық дайындығының жалпы құрамындағы белгілі бір дайындық кезеңі болып табылады.

Оқытудың ерекшеліктері: Жас спортшылардың ақыл-ой қабілеттері таңдалған спорт түрінде табыстарға жеткізетін дене қабілеттерінің дамуымен бірге қалыптасуы  керек. Бастапқы кезден-ақ есте сақтау,логикалық ойлау, сараптаушылық пен интуициялық ойлау қабілетін дамытуға күш жұмсау қажет. Өздігінше ойлау қабілетін тәрбиелеуді,техника негіздерін оқытуды, жеңілдетілген жағдайларда өткізген дұрыс.

Оқу – жаттығу кезеңі

Жаттығудың негізгі мақсаты: Тоғызқұмалақ ойынының техникалық-тактикалық құралдарын терең меңгеру.

Негізгі міндеттері: Тоғызқұмалақ ойынында спорттық шеберлікті қалыптастырудың негізгі талаптарын орындауды жүзеге асыру, бұған денсаулық жағдайы, тез ойлау, есте сақтау әдістеріне, тоғызқұмалақшының ойлау үрдісіндегі естің маңызына бағытталған ақыл-ой қабілеттерін әрі қарай дамыту жатады.

Зейін, ерік және эмоция. Зейін естің жағдайын анықтайтын психикалық белгі сияқты. Зейін тоғызқұмалақшының ойлауымен байланысты. Еріктің ынтаны реттеуші ретіндегі маңызы. Ұзақ уақыттық көңіл аудару қабілеті мен зейін қою. Эмоциялық тұрақтылық және тоғызқұмалақшының оны сақтауы.

Тоғызқұмалақ ойынының техникалық-тактикалық құралдарын жетілдіру, спорттық жетістіктерді арттыру  мақсатында жарыстардан тәжірибе жинау, арнайы психикалық қабілеттерді тәрбиелеу.

Жаттығудың негізгі бағыттары. Оқу-жаттығу кезеңінің негізгі бағыты позициялық ойын біліктіліктері мен тәжірибелерін жетілдіруге, еліміздің алдыңғы қатарлы ойыншыларының партияларын қолдануға, партияларды талдауға, шабуыл жасаудық жалпы қағидаларына, қорғануды ұйымдастырудың маңызды қағидаларына, тұзақтардың ойындағы орыны мен маңызына, күрделі нұсқаулық комбинацияларды, мүмкіндіктері бар позицияларды шешу мен ойнауға жұмсалады.

Бақылау әдістері. Дайындық кезеңдерінің барлығына бақылау кешенді болуы тиіс. Оқу-жаттығу кезеңіндегі бақылау жүйесі жас спортшылардың дайындық үрдісін жоспарлау жүйесімен тығыз байланыста болуы тиіс. Ол бақылаудың негізгі: қазіргі кездегі, кезеңдік, жарыс жағдайларындағы түрлерін қамтиды.

Педагогикалық бақылау тоғызқұмалақшылардың техникалық-тактикалық дене дайындықтарының тиімділігін анықтайды. Бақылау-ауыстыру көрсеткіштерінің  және міндетті бағдарламаның негізінде педагогикалық  бақылаулар өткізіледі.

Мамандардың алдында таңдалған спорт түрін ала отырып, соған сәйкес жаттығу құралдарын дұрыс таңдау міндеті қойылған.

Бұл кезең жаттығу жүктемелерінің көлемін үнемі арттырумен және қарқындылығымен сипатталады. Арнайы дене, техникалық және тактикалық дайындықтардың мөлшері барынша артады.

Оқу сабақтарын жоспарланғанда материалды бөлуді қадағалау принциптерін сақтау керек себебі, сабақтарда ұзақ уақыттық үзілістер болғаны дұрыс емес.

Жаңа материалды меңгеруді бастағанда оқытуда туындайтын негізгі қателіктерді және оларды түзетудің жолдарын білу керек.

Дәрігерлік бақылау ең басты және принциптік жағдайды – балаларды жаттығулар мен жарыстарға қатысуына рұқсат беруді қарастырады.

Жарыстарға қатысу жас спортшының дайындық деңгейіне, жарыстардың күнтізбесіне, спорттық дәреже талаптарын орындағанына байланысты.

Жарыстық тәжірибенің негізгі міндеті ретінде өзінің біліктіліктері мен барлық мүмкіндіктерін жарыс жағдайында  іске асыра білуді санаған жөн. Жарыстық кезеңнің  негізгі міндеті –  бақылау және негізгі жарыстарға қатысу, белгілі бір нәтижелерге жету. Жарыстарда табысты нәтиже көрсетуді оқушылардың жалпы және арнайы  дайындықтарын тұрақты жоғары деңгейі  қамтамасыз етеді, сондықтан дайындық құралдары жарыс деңгейіне сәйкес келуі тиіс. Жарыстарға қатыспай, жоғары нәтижені көрсету мүмкін емес. Бұл жаттығу кезеңінде жарыстық партиялар саны едәуір көбейтіледі. Бұл оқыту кезеңінде жаттығу партияларына көп назар аударылады, өйткені оқушылар ресми жарыстарға қатыспайды, жарыстық тәжірибені топ ішіндегі жарыстардан жинайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *