Педагогикалық әдебиеттердегі бастауыш сынып оқушыларын дене қимыл қозғалыс арқылы дамыту бойынша теориялық көзқарастар


Урынбасаров Жалғас

учащийся 3 курса Западно Казахстанского инновационно-технологического университета
Руководитель: профессор, кандидат педагогических наук Даупаев Марат Оразалиевич

Біз әдебиетті талдау барысында адамның дене қимыл-қозғалыс белсенділігін бағалау мәселелерімен әр түрлі ғылымдардың өкілдері айналысатынын анықтадық: гигиена, медицина, физиология, психология және педагогика, сондықтан да зерттеудің басында «қозғалыс белсенділігі» ұғымын нақтылап алу қажет.

Авторлар ұжымы, В.И. Ильинич және т.б. (2005) кітаптарында қимыл қозғалыс белсенділігіне мынадай анықтама береді: «бұл адамның физикалық және психологиялық тұрғыдан табысты дамуын қамтамасыз ететін табиғи және арнайы ұйымдастырылған қозғалыс қызметі» [14].

Т.Ю. Круцевич және т.б. дене қимыл қозғалысы оқушылардың өмір салты мен мінез-құлқының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады, ол әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторлармен анықталады, дене тәрбиесін ұйымдастыруға, өсіп келе жатқан ағзаның морфоатқарымдық ерекшеліктеріне, жүйке жүйесінің түріне, бос уақыттың мөлшеріне, сабаққа ынтаға, спорт мекемелеріне және балалар мен жасөспірімдер демалатын орындардың қолжетімділігіне байланысты болады.

Алайда ең ықшам, әрі ақпаратты анықтама мынадай: қимыл қозғалыс — бұл ағзаның тіршілік әрекеті үдерісінде орындалатын қимылдардың жиынтығы. Бұл анықтама зерттелген әдеби дереккөздерде бәрінен жиі кездесежі [15, 16, 17, 18].

Қозғалыс қажеттілігі ағзаның жалпы биологиялық қажеттіліктерінің бірі болып табылады, және де адамның тіршілік әрекеті мен оның эволюциялық дамуының барлық кезеңдерінде маңызды рөл атқарады. Адамның дамуы белсенді бұлшықет қызметімен мызғымас байланыста жүреді.

Дене қимыл қозғалыс белсенділігі ағзадағы зат алмасу үдерістерінің деңгейі мен оның сүйек, бұлшықет және жүрек-тамыр жүйесінің жағдайын анықтайтын негізгі факторларға жатады. Ол денсаулықтың үш аспектісімен тығыс байланысты: физикалық, психикалық және әлеуметтік, олар адам өмірінде әр түрлі рөл атқарады [19, 20].

Ағзаның қозғалыс белсенділігіне қажеттілігі әркімде әр түрлі және көптеген физиологиялық, әлеуметтік- экономикалық және мәдени факторларға байланысты болады. Қозғалыс қажеттілік деңгейі көбінесе тұқым қуалайтын және генетикалық белгілермен анықталады. Ағзаның қалыпты дамуы мен қызмет етуі, денсаулықты сақтау үшін қозғалыс белсенділігінің белгілі бір деңгейі қажет. Бұл аралықта қозғалыс белсенділігінің ең төменгі, оңтайлы және ең жоғарғы деңгейлері болады.

Ең төменгі деңгейі ағзаның қалыпты қызметтік жағдайын сақтауға мүмкіндік береді. Оңтайлы деңгейде ағзаның атқарымдық мүмкіндіктері мен тіршілік әрекеті ең жоғары деңгейге жетеді; ең жоғарғы шек қатты шаршауға,

жұмыс істеу қабілетінің күрт төмендеуіне әкеп соқтыруы мүмкін шамадан тыс ауыртпалықты ажыратады. Мұндайда кәдімгі тіршілік әрекеті үдерісінде энергияны тұтыну деңгейімен және сипатымен анықтауға болатын дағдылы дене белсенділігі туралы сұрақ туындайды. Бұл қозғалыс белсенділігі екі – кәсіби және бейкәсіби тұрғыдан бағаланады. Дағдылы және арнайы ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігін ажыратады [21,22].

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасына сәйкес, дағдылы қимыл қозғалыс адамның табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қозғалыс түрлерін жатқызады. Бұған жеке гигиенаға, ас даярлауға бағытталған, өндірістік немесе оқу қызметіндегі әрекеттерді жатқызады[23,24].

Арнайы ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігіне дене жаттығуларымен шұғылдану түрлері, жұмысқа немесе оқуға құлшына жол жүру, ойын ойнау, серуендеу жатады[25].

Қимыл қозғалыс адамның дамуына елеулі ықпалын тигізеді, бұл – әр түрлі ғалымдардың ғылыми еңбектерінде көптеп келтірілетін даусыз шындық [26].

Бірақ бұл ықпал әр жаста әр түрлі болады. Бастауыш сынып оқушыларының қимыл қозғалысы дененің қалыпты дамуын анықтайды, оның әр түрлі ауруларға төзімділігін арттырады. Дене қимыл  қозғалысы мен ағза қызметінің мүмкіндіктерінің өзара байланысы барлық жас топтарында байқалады: жаңа туған нәрестеден қарияларға дейін. Қозғалыс тірек-қимыл және бұлшықет аппаратына, жүрек-тыныс алу жүйесіне, зат алмасуға, адамның иммунитетіне ықпал етеді [27,28,29].

Көптеген ғалымдар өздерінің ғылыми ізденістерін дене қимыл қозғалыс көріністеріне ынталандыру мәселелеріне арнады.

Зерттеушілер анықтағандай, ынталандыру аясының қалыптасуы балалық шақта басталалып, бұл үдеріске көптеген факторлар біріге ықпалын тигізеді [30].

Ағзаның қозғалыстарға қажеттілігін қалыптастыратын жетекші биологиялық факторлар – жас және жыныс. Әлеуметтік факторлар оқушылардың дағдылы қозғалыс белсенділігінің шамасына ықпал етеді: өмір салты, дене тәрбиесі. Оқушылардың дағдылы қозғалыс белсенділігін қалыптастыратын гигиеналық факторларға авторлар күн тәртіптемесін, әрекет түрлерін ауыстырып отыруды, қоршаған ортаның гигиеналық жағдайларын және т.б. жатқызады.[1, с.21].

Денсаулық пен қозғалыс белсенділігінің өзара байланысына назар аудармау мүмкін емес. Ағзаның бейімделу мүмкінщіктерін арттырудың негізгі құралы – қозғалыс белсенділігі [31].

Жалпы алғанда, қимыл қозғалыс көрсеткіштеріне көптеген факторлар біріге ықпалын тигізеді, мұнда дене тәрбиесі мен оңтайлы күн тәртіптемесі, әрекет түрлерін ұтымды ауыстырып отыру, баланың бос уақытын физикалық белсенді демалыспен толтыру маңызды рөл атқарады.

Денсаулық бұл – адамның ең ұзақ ғұмыры бойындағы әлеуметтік белседілігі мен тиімді еңбекке қабілеттілік дәрежесін, биологиялық физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы мен дамыту үдерісі.

Ендеше, жас ұрпақтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі, қоғамнан өз орнын дұрыс таңдай алатын, еркін ойлау қабілеті қалыптасқан, мәдениетті, іскер жеке тұлға тәрбиелеу ең алдымен, ата-анасына, одан соң мектепке және қоршаған ортаға байланысты [32].

Оқу-тәрбие үдерісінің сапасы мен нәтижесі ең алдымен алдымызда отырған өскелең ұрпақ пен оны өмірге жетелейтін мұғалім денсаулығына тікелей байланысты болатынын ескере келіп, денсаулығы төмен ұстаз бен шәкірттің берері де аз, нәтижесі де төмен болады. Олай болса, ең бастысы оқушы мен ұстаз денсаулығын сақтау басты міндетіміз деп, ұлы ойшыл Әбунасыр әл-Фарабидің: «Адам денесінің жетілуі – оның денсаулығы. Егер денің сау болса, оның денсаулығы. Егер дені сау болса, онда оны сақтамақ керек; – деген асыл сөзінен негіз аламыз.

Баланың денсаулығы – қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саналы жетістіктерін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің қатарына жатады. Қазақстандағы оқушылардың денсаулық деңгейлері қоғамның, әсіресе дәрігерлер мен педагогтердің арасында дабыл қағуда.

Ғалымдар Д.А. Фарбер, В.И. Козлова оқушылардың ми қыртысындағы сезім аймақтарының даму ерекшеліктерін зерттеп оның 14 жасқа дейін қалыптасатынын анықтады. Бұған қоса баланың зейіні 3-4 жаста қалыптаса бастап, 6-7 жаста зейін тұрақтанады да, 7-8 жаста ерікті зейін нашарлау болып, 9-10 жаста сыртқы ортаның әсерін терең және жан-жақты талдау қабілеті күшейетіндігін анықтаған.

Баланың денсаулық деңгейлерінің көрінісі көпшілік жағдайда балабақшаның жауапкершілігінде деп көрсетіледі.

Демек, баланың денсаулығы – ерекше де өзекті мәселе. Қазіргі таңда оқушылардың денсаулықтары өте нәзік, ауруға жиі ұшырайды және ата-аналардың да өмір ағымына байланысты бұл күрделі мәселеге түбегейлі берілуге уақыттары бола бермейді.

Мектептегі  оқу- тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында, баланың денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар баланы шынықтыру шараларын жүйелі өткізуде мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау кеңістігін құру маңызды болып табылады. [33].

Қазақстан Республикасының бүгінгі күнгі білім беру тұжырымдамасы мен білім беру жүйесін реформалаудың негізгі бағыттарындағы оқыту үрдісінің педагогикалық технологиялары ретінде және денсаулықты сақтауды ұйымдастырудағы жаңалық ретінде оқу – тәрбие үрдісіне денсаулық сақтау технологиялары енгізілуде. Оқыту мазмұнына жаңалық ендіру оқу үрдісіне қатысушылардан үлкен күш пен еңбекті талап ететін үрдіс. Ол өз кезегінде физиологиялық шаршау мен психоэмоциялық артық жүктеме түріндегі ағзаның функционалдық ахуалының әр түрлі ауытқуларын тудырады. Сол себепті де оқушыларда созылмалы аурулар, психиканың бұзылуы және стресстік жағдайлар көп болады.

Дене қимыл қозғалысын қалыптастыру  мақсатына оқытудың мынадай құралдары қолданылады:

1)   қозғалысқа бағытталған құралдар;

2)   табиғаттың сауықтыру күштері;

3)   гигиеналық факторлар.

Бұл құралдарды кешенді түрде пайдаланғанда ғана сауықтыру педагогикасы міндеттерін шешеді. Қимыл қозғалысқа бағытталған құралдарда сауықтыру технологияларының міндетін шешеді және оларға мыналар жатады:

–  қозғалыс;

–  физикалық жаттығулар;

–  сергіту минуттары мен үзілістегі бойжазулар;

–  эмоцияны басу мен «тыныштық минуттары»;

–  гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақтық, корригирация-лық, тыныс алу, салқын тиюдің алдын алу, сергітуге арналған);

–  емдік дене шынықтыру;

–  қозғалысты ойындар;

–  массаж, психогимнастика, тренинг т.б.

Табиғаттың сауықтыру күштерін қолдану оқытудың денсаулық сақтау технологияларының мақсатына жетуге үлкен септігін тигізеді. Таза ауада сабақ өткізу биологиялық процестердің белсенділігін арттырады, ағзаның жалпы жұмыс қабілеттілігін арттырады, қажу процесін тежейді.

Метеорологиялық жағдайды бақылап отыру (күн сәулесі, ауа мен су температурасының әсері, атмосфералық қысымның өзгерісі, ауаның қозғалысы мен иондануы, т.б.) бала ағзасындағы биохимиялық өзгерістерді анықтауға, оқушы денсаулығы мен жұмысқабілеттілігінің өзгеруіне соқтырудың жағымсыз факторларының алдын алады.

Күн және ауа ванналарын сауықтырудың өзіндік құралдары ретінде көрсетуге болады: фитотерапия, ароматерапия, ингаляция, витаминді терапия (тамақ рационына витаминдерді қосу, суды иодтау, жылына 2 рет (желтоқсан мен көктемде) глицин аминқышқылын оқушылардың есте сақтауын күшейту мақсатында қолдану) [46,б.25].

Білім беру мекемесінде фитобарлар, физиотерапия кабинеттерін ашу, педагогикалық оқушыны сауықтыру тренингтерін өткізу де жатады.

Дене қимыл қозғалысты дамыту мақсатына жеткізетін гигиеналық құралдарға мыналар жатады:

–  СанПин белгілеген санитарлық-гигиеналық талаптардың орындалуы;

–  Жеке бас пен қоғамдық гигиенаның сақталуы (тәннің тазалығы, оқу орнының тазалығы, ауаның тазалығы, т.б.)

–  Балалар болатын орынды желдету және дымқыл тазарту;

–  Күннің жалпы режимін сақтау, қозғалыс, тамақтану мен ұйқы режимін ұстану;

–  Балаларға қарапайым қол жуу дағдысын, түшкіру мен жөтелу кезінде беторамал қолдану сияқты дағдыларды үйрету, т.б.

–  Салауатты өмір сүрудің қарапайым тәсілдерін оқып үйрену, дененің бір жерін кесіп алғанда, денеге дақ түскенде, күю кезінде, жәндіктер шағып алғанда алғашқы көмек көрсетудің қарапайым дағдыларын үйрету, жұқпалы аурулардың алдын алу үшін егу жүргізуді ұйымдастыру, оқушыда зорығу болмас үшін оқу жүктемесін шектеу.

Гигиеналық талаптарды орындамау оқытудың денсаулық сақтау технологияларының тиімділігін төмендетеді [52,53].

Жоғарыда келтірілген құралдарды пайдалануға қойылатын бірден-бір талап оларды жүйелі, кешенді түрде пайдалану қажет.

Олар:

–         алдын алу әдістері қолданылатын сабақ түрінде;

–         функционалдық музыкаларды қолдану;

–         сабақты аудио сүйемелдеу;

–         жоғары мен төмен белсенділікті қажет ететін сабақтарды кезек қою арқылы;

–         қайта оралту іс-шаралары түрінде;

–         жаппай спорттық – сауықтыру іс – шаралары арқылы;

–         денсаулық мерекесі;

–         табиғатқа серуендеу;

–         экскурсия;

–         оқушының ата – анасымен жұмыс бағыттарында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ата-аналар жиналысында ұйымдастыру – теориялық, практикалық сабақтарды өткізу;

–         педагогикалық ұжымды оқып үйрету барысында қолданылуы мүмкін. Дене қимыл қозғалыс әдістеріне сауықтыру педагогикасы

міндеттерін шешетін тәсілдер жатқызылады. Оқыту әдісі (грек сөзі «бір нәрсеге барар жол») дегеніміз педагогтің оқыту мақсатына жету үшін жүйеленген іс-әрекеті [54].

Дене қимыл қозғалысын құрайтын әртүрлі сауықтыру іс-шараларының оқушы денсаулығына позитивті әсерінің тиімділігі әдіс-тәсілдердің сапасымен емес, оның қаншалықты сауатты жалпы жүйеге кіріктірілгені, бала мен педагог денсаулығына бағытталғандығы, тиімділігімен анықталады.

Дене қимыл қозғалыс жеке дара болуы мүмкін емес. Керісінше, дене қимыл қозғалыс ұғымы мектептің оқушы денсаулығын сақтау, қалыптастыру мен шынықтыруға бағытталған барлық жұмыстарын кіріктіреді.

Дене қимыл қозғалысты ғылым, өнер ретінде және оқушыларды келешекте өз балаларын дені сау, бақытты етіп өсіре алуда үлгі болуы үшін оқытып, тәрбиелеу міндеті ретінде көрсетуге болады.

Білім беру ұйымында дене қимыл қозғалыс жүйелі кезегімен қатыстыру төмендегідей жүргізіледі:

–             бала денсаулығына кері әсер ететін мәселелерін анықтап, оларды жылдам шешу керектігін түсінуі;

–             баланың денсаулық жағдайының сәтсіз болуына бүкіл педагог қауымы жауапты екендіктерін мойындауы;

–             қажетті дене қимыл қозғалыс игерулері;

–             игерілген дайындықты практика жүзінде бір-бірімен, медицина қызметкерлерімен, оқушылармен олардың ата-аналарымен бірлесе отырып іске асыру.

Мектеп әрекетінің басым бағыттарының бірі – әр баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға жағдай жасау, оқушылардың дұрыс эмоционалдық саулығын сақтау, әрбір баланың ерекшелігін сақтауға, педагогикалық сүйемелдеуіне жағдай жасау болып табылады. Осының бәрі – денсаулық сақтау кеңістігі немесе білім беру мекемесінің денсаулық сақтау ортасы деген түсінікке жатады.

Денсаулық сақтау ортасы дегеніміз – баланы икемді дамытатын, қысым көрсетпейтін орта, оның негізіне оқушылардың эмоционалды жайлы ортасы мен жағымды күн тәртібі жатады. Қазіргі кезде денсаулық сақтау кеңістігі әлеуметтік-гигиеналық және психологиялық-педагогикалық, әдеп-этикалық, экологиялық, денсаулықты сауықтыру білім беру жүйелерінің кешенді шаралары деп қарастырылады. Осы кешенді шаралар баланың отбасында, балабақшада, тұрмыстық ортада аман-сау дамуына, психологиялық және физикалық денсаулығына жағдай жасайды. [41].

Бастаушыш сыныпта адамның денсаулығының өмір бойы қалыптасуы орындалады. Бұл жаста дене тәрбиесінің ұйымдастырылуы баланың алдағы уақыттағы дамуына әсерін тигізеді. Осы жас аралығында баланың өзіндік қасиеттері, сабаққа қызығушылығы және баланың қабілеттері ашыла бастайды. Бұл жаста  дене шынықтырудың қалыптасуы оқу-тәрбие үрдісінде қоршаған ортаны танып білуде, жолдастарына және өзіне деген оң көзқарастық орнатады.

Дене шынықтыруды нығайтуды оқыту технологиясы баланың жинақтылығын, зейінін, ойлау белсенділігін және есте сақтау қабілетін қажет етеді.   Дене шынықтыруды нығайту үрдісінде оқушылардың ойлау қабілеттерін , рухани эстетикалық талғамдарын, өз денсаулығын, алға қойған мақсаттарын, ұйымдастырушылық және ақкөңілдік қасиеттері қалыптасады.

Дене тәрбиесі – дене мәдениетінің әрекетті бір саласы, тәрбиенің түрі. Өмірге қажетті қимылдың ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Дене тәрбиесі мен спорт саласында теориялық білім беру.

1. Қимыл – қозғалыс қаблеті дегеніміз – бұл адамның қозғалыс мүмкіндігі деңгейін анықтайтын жекелеген ерекшеліктері. Оған мыналар жатады:

А. Анатомия – морфологиялық (жүйке қасиеттері)

Б. Анатомия- физиологиялық (тұқым қуалаушылық)

В. Физиологиялық (жүрек қан тамырлар жүйесі, тыныс алу)

Г. Биологиялық (зат алмасу, бұлшық еттердің шапшаң жиырылу ерекшеліктері)

Д. Тәндік (дененің бой көрсеткіші және салмағы)

Е. Хромосомды (тектік-ген)

Дене қуат қасиеті мен қозғалыс үйлесімділігі. Бақылау сынамалардың көмегімен біз оқушылардың қимыл – қозғалыс үйлесімділігі қабілетінің абсалютті (анық) және қатыстық (жасырын, латентті) көрсеткіштерін анықтаймыз. Абсалютті көрсеткіш дегеніміз, яғни жүгіру жылдамдығы.

Ал   қатыстық   көрсеткіш   оның   дене   салмағына   қатысты   күш   көрсеткіші, яғни жылдамдықты есепке ала отырып, қашықтыққа жүгірудегі төзімділігі. Зергтеу нәтижелсрі денені жетілдіру қабілеттілігінің төмендегі түрлерін ажыратуға мүмкіндік туғызады: Арнаулы, спецификалық  және жалпы.

Арнаулы денені жетілдіру қабілеттілігі қозғалыс әрекеттерінің бүтіндей бір тобына жатады. Мысалы жүгіру, гимнастикалық снарядтарда жаттығулар, лақтыру қозғалыс әрекеттері, спорт ойындары. Қысқа, ұзақ, орта қашықтыққа жүігірудегі арнаулы төзімділікті (ажыратады) айқындап береді. Денені жетілдіру қабілеттілігіне тән көріністер туралы. олардың ішкі кұрылымын кұрайтын құрамы ретінде айтуға болады. Денені жетілдіру қабілеттілігінің (жылдамдық, үйлесімділік. күштілік. төзімділік. ептілік) әрбір негізгі    құрылымы-гомогенді    (біртекті)   болып    табылмайды.    Керісінше аталған қабілеттіліктің әрбір құрылымы – гетерогенді (әртекті) сонымен, адамның қимыл қозғалыс үйлесімділік қабілеттілігінің негізгі құрамы мыналар: бағдарлау қабілеттілігі. тепе-теңдікке. сезгіштікке. қозғалыс параметрлерін дифференциялауға; ырғаққа қабілеттілігі. қозғалыс әрекеттерін алмастыруға қабілеттілігі, дәлдікке, бұлшық еттерді еркін босаңсытуға қабілеттілігі. Бұл кабілеттер қимыл қозғалыс үйлесімділік қабілетіне тән.

Қимыл үйлесімділігі қабілеттілігін бағалау критериі мен әдістерін жасау өзара байланысты бірқатар міндеттерді шешу үшін кажет: әртүрлі жастағы және әртүрлі жынысты оқушылардың қимыл қабілеттілігіндегі даму деңгейін анықтау; байланысты анықтау; дене жағынан дамуды жетілдіру, кондиционды қабілеттермен, психофизиологиялық қызметпен; қимыл үйлесімділігі қабілетінің өзгеру ерекшелігіне спорттың әртүрімен шұғылданудың әсерін анықтау; қимыл үйлесімділігі динамикасына үйлестіру жаттығуларын қолдану әсері және техника тактикалык әрекеттер көрсеткіштерініц нәтижелілігі; оқушылардың спорттың сол немесе басқа түрімен айналысуға бағдар және алдын ала іріктеуде қимыл үйлесімділігі қабілеті жетістікке жетуде жетекші фактор болып табылады.

Қимыл үйлесімділігі қабілетін сынамалау үшін үш сұраққа жауап берген жөн:

1.  Қимыл үйлесімділігі қабілетһі қалай бағалау қажет ?

2. Қандай әдістер көмегімен (алдымен қозғалыс сынамалары) неғұрлым толық өлшеуге (анықтауға) болады ?

3. Қимыл үйлесімділігі қабілетін сынамалауды қалай ұйымдастыруға болады?

Қимыл үйлесімділігі қабілетін бағалаудың негізгі әдістері мыналар: бақылау әдісі. сараптамалық бағалау әдісі, құрылғылық әдістер мен сынамалау әдісі. Бақылау әдісі – бұрыннан келе жатқан ескі әдістердің бірі. Егер мұғалім тәжірибелі болса. оқушылардың қимыл үйлесімділігі қабілетінің даму сатысы туралы көп нәрсе аңғаруға болады. Мұғалім балалармен жүйелі түрде жұмыс жасай отыра, олардың әртүрлі қозғалыс әрекеттеріне (гимнастикалық, спорттық ойын) неғұрлым тез үйренетінін олар эстафеталар мен қозғалыс ойындарына қатыса отырып, өз қимыл -қозғалыстарын тез әрі нақты үйлестіретінін бірнеше мәрте бақылай алады;

Бақылау сапасын қимыл үйлесімділігі қабілетін бағалау критериіне арқа сүйей отырып арттыруға болады: дұрыстыкка, шапшаңдыкка. сапалық және сандық сипаты бар тиімділік пен тапқырлық. Оқушы үйлестіруге киын қозғалыс әрекеттерін баскару және реттеу барысында бір ғана критерий бойынша өзінің қозғалыс әрекетін үйлестіре алады. мысалы,

Бастауыш сынып  оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыруда және дене қимыл әрекетін белсендендірудеқолданылатын шынықтыру-сауықтыру шаралары мындай негізгі міндеттерді көздейді:

·        Баланың денсаулығын нығайту және сақтау;

·        Баланың дене тәрбиесінің сапалық дамуын, тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, оның өміріне қажет қимыл ептілігін қалыптастыру;

·        Баланың қиыл белсенділік талабын жүзеге асыруға жағдайлар тудыру;

·        Салауатты өмір салтының талаптарына сай тәрбиелеу;

·        Психологиялық және физиологиялық саулықпен қамту.

Осы қойылған міндеттерге, тек қана шынықтырудың барлық құралдарын кешенді түрде қолданғанда ғана жетуге болады.

Олар: Ұтымды күн тәртібі, тамақтану, шынықтыру (күнделікті, арнаулы шынықтыру шаралары) және қимылдар (ертеңгілік гимнастика, дамыту жаттығулар, спорттық ойындар, дене тәрбие сабағы).

Мектептерде дені сау баланы тәрбиелеуді қамтамасыз етуге бірнеше бағыттар құрастыру керек.

–  баланың физиологиялық даму және оқушылардың ауруларын төмендету үшін жағдайлар жасау;

–  мектептердегі  педагогтердің шеберліктерін және іскерлік біліктіліктерін жоғарлату;

–  медициналық қызметкелермен байланысты шынықтыру-сауықтыру міндеттерін кешенді шешу;

–  мектеп және жанұя жағдайларында бірігіп дені сау баланы тәрбиелеу;

–  оқушылардың дене тәрбиесінің толыққанды дамуына, қимылдау талаптарын жүзеге асыру үшін мектептерде арнайы жағдайлар туғызу;

–  топтарда шынықтыруға арналған бұрыштар, спорт залды дене тәрбие сабағына арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және мектеп алаңында спорт алаңы болу.

Осының барлығы баланың дене тәрбиесіне деген қызығушылықтарын жоғарлатады, сабақтың тиімділігін арттырады, оқушылардың барлық негізгі қимыл түрлерін жасауға мүмкіндік береді [55,46].

Құрал-жабдықтар:гимнастикалық саты, доғалар, көздеп атуға нысана, т.б.)

Балалармен  сауықтыру  және  аурудың  алдын  алу-емдік  жұмыстар жүргізу мақсатында жалпы балабақшада түзету және алдын алу-емдік жұмыстары:

1.          Уманскийдің әдісі бойынша нүктелі массаж

2.          Сабақ үстінде көзге арналған жаттығулар кешені

3.          Хатха-йога элементтерімен гимнастика

4.          Жалпақ табандықтың алдын алу кешені

5.          Сымбаттың бұзылуының алдын алу кешені

6.          (жастықсыз және майкасыз ұйқы)

7.          Тыныс алу жаттығулары

8.           Сабақ үстінде ақыл-ой шаршауын жою(релаксациялық үзіліс, сергіту сәттері, құлақ шеттерін уқалау)

9.     Серуендер + динамикалық сағат

10.     Тіс тазалау және ауыз қуыстарын шаю

11.     Кеңінен жуыну

12.     Рижский әдісімен шынығу (қылқаны бар кілемшеде, дымқыл, тұз ертіндісінде суланған сүлгінің үстін таптау + шөп тұнбасымен немесе йод-

тұз ерітіндісімен ауыз қуыстарын шаю)

Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың дене қимыл белсенділігін арттыру үшін қозғалыстағы қоңырау  әдісін қолдануға болады.  Қозғалыстағы қоңыру кезінде оқушылардың белсенді демалуын ұйымдастыратын жалпы басқарма дирекциясы қабылдап, тәрбие жөніндегі меңгеруші іске асырады. Меңгеруші сабақ режимінің атқарылуын бақылап, ұйымдастырушылық сұрақтарын шешуге көмектесіп, белгілі бір бөлмеде қозғалыстағы қоңыраудың жүргізілу кестесін құрастырады.

Қоңыру кезінде ойындардың тұрақты жүргізіліп тұруына жауапты сынып жетекшілері болады. Дене тәрбиесі мұғалімі сабақтан тыс жұмыстармен айналысатын меңгерушімен бірлесіп, әр сыныпқа қозғалыстағы қоңырау кестесін құрастырады. Педагогикалық кеңесте айына бір рет қозғалыстағы қоңыраудың жүргізілуі мен ұйымдастырылуы бойынша сөз қозғалады.

Оқушылардың қозғалыс белсенділігін, денсаулығын арттыру мақсатында таза ауада жаттығулар жүргізілу керек деген пікірге ешқандай ұстаз қарсы болмаған. Сондықтан мектеп ауласында арнайы ойын ауданын белгілеп алу керек. Ол өз кезегінде ауданы 20х 35 м, ұзындығы 16-20 метр болып, еніне белгі қою қажет.Мұнда қоңырау кезінде жиі қолданылатын жаттығулар, ойынджар жүргізіледі.

Қозғалыстағы қоңырауды ұйымдастырған кезде мектеп кеңсесінде жаттығулар спорт залдарында өткізіледі.Оқушыларды тез арада ұйымдастыру үшін қозғалыстағы қоңырауда неше түрлі ойындар ждүргізуге болады. Мысалы гимнастикалық орындықтан, обруч арасынан өту ойынын өткіземіз. Бұндай жаттығулар  негізгі ойынды бастар алдында дайындық ретінде жүргізіледі. Оқушыларды санақ бойынша, капитанды өз таңдаулары бойынша  топ- топқа бөліп, ойынды бастаймыз. Уақытты көп жоғалтпау үішн туларды, ленталарды, доптарды қолдануға болады.

3-4 сыныптарда топ- топқа бөлу үрдісі 2-3 капитанды таңдаумен жеңілденеді. Ал капитандар өз кезегінде ойыншыларды таңдау құқығына ие болады. Қозғалыстағы қоңыруды жүргізу сынып оқушылармен тәрбиелік жұмысты өткізуге мүмкіндік береді. Ұйымдастырылған қоңырау кезінде оқушыларға ойынның шарты түсіндіріліп, ойынға қойылатын талаптар айтылады.

Осындай жағдайда  ғана оқушыларға моральды және бостандық қырларына тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуге болады. Ойынды бастамас бұрын мұғалім ойынның атын және ойын шарты мен талаптарын түсіндіреді. Бұндай еске түсірулер қысқа және ұғынықты болу керек. Өйткені бастауыш сынып оқушылары ойынды тез бастап кеткісі келеді.Қозғалыстағы қоңырау кезінде оқушыларға мәлім, не болмаса жеңіл  ойындарды жүргізу  тиімді. Егер де жаңа

ойын, оқушылар білмейтін ойын ойналатын болса, ұстаз ойын шартын түсіндіргеннен кейін, қалай ойнау керектігін көрсетеді. Содан кейін ғана ойын өз шарты борйынша өткізіледі.

Оқушыларға салмақ түсіру  ісі былай жүргізіледі: басында салмақ түсіру ақырындап жүргізіледі, қоңыраудың ортасында негізгі тапсырма беріліп, кейін салмақ азайтылады. Қоңырау соңында назар аудару ойындарына көп көңіл бөлу керек.

Апта бойы салмақ түсіру ісі былай жүргізіледі. Аптаның басында жылдамдыққа назар аударылады, аптаның ортасында жылдамдық- күшке, аптаның аяғында беріктілікке көп көңіл бөлінеді. Әр қоңыруда негізні тапсырма, дайындық және қорытынды тапсырмалар өткізіледі.

Қозғалыстағы ойындарды ұйымдастыған кезде дене салмағына бақылау жүргізіліп, оқушының ойлау қабілетіне қандай әсерін тигізетінін ескеру қажет.

Қозғалыстағы қоңырау кезінде дене тәрбиесі бойынша мектеп бағдарламасының мазмұны мынаған сәйкес келеді: әр оүрлі  жылдамдықта жүгіру, секіру, керілу, гимнастикалық таяқшалармен жаттығулар орындау т.б. Осы жаттығулар қозғалыстағы ойындарда, сондай- ақ  қоңырау басында  және аяғында қолдануға болады. Дегенмен ұйымдастырылған қоңырудың негізгі мазмұны- қозғалыстағы ойындар болып табылады. Жаттығуларды орындаған кезде оқушыларда сүйікті ойындары айқындалады. Оларды күнделікті қолдануға болады. Дегенмен оқушыларға қазіргі таңда аса керекті ойындар ұсынылады. Оқушыларға ойындарды ұсынған кезде бұйыру сөздері қолданылмауы керек. Оқушылардың қызығушылығына сәйкес, сөйлесу формасын ұстанған жөн.

Әдебиеттер

 

1. Бойченко, С.Д. Классическая теория физической культуры /. С.Д. Бойченко – Мн.: Лазурок, 2002. -312 с.;

2. Бальсевич, В.К. Физическая культура для всех и для каждого / В.К. Бальсевич – М.: «Физкультура и спорт», 1988 – 208с.;

3. Гужаловский, А.А. Основы теории и методики физической культуры / А.А. Гужаловский – М.: Физкультура и спорт, 1986. – 352с.;

4. Еншин, М.М. Социология физической культуры и спорта / М.М. Еншин – Мн.: 1995, – 273с.;

5. Евсеев, Ю.И. Физическая культура / Евсеев Ю.И.- Ростов Н/д: Феникс, 2002.- 384с.;

6. Лубышева, И.И. Социология физической культуры и спорта / И.И. Лубышева – М.: «Академия», 2001. – 240с.;

7. Матвеев, Л.П. Теория и методика физической культуры / Учеб. Для ин-тов физ. Культуры.- М.: Физкультура и спорт, 1991.-543с.;

8. Матвеев Л.П. Теория и методика физического воспитания / Л.П. Матвеев- М.: «Физкультура и спорт», 1976.-255с.;

9. Матвеев Л.П. Введение в теорию физической культуры / Л.П. Матвеев – М.: «Физкультура и спорт», 1983,-128с.;

10. Морозов, В.И. Социология физической культуры и спорта / В.И. Морозов – Мн.: 1986, – 63 с.;

11. Матвеев, Л.П. Очерки по теории физической культуры / Л.П.Матвеев – М.: Физкультура и спорт, 1984. – 248с.;

12. Матвеев Л.П. Общая теория спорта и ее прикладные аспекты / Л.П.Матвеев – СПб.: Издательство «Лань», 2005. – 384с.;

13. Пономарев, Н.И. Социальные функции физической культуры и спорта / Н.И.Пономарев.-М.,ФиС,1974.

14. Холодов, Ж.К. Кузнецов, В.С. Теория и методика физического воспитания и спорта / Ж.К. Холодов, В.С Кузнецов – М.: Издательский центр «Академия»,2000.-480с.;

19. Шиян, Б.М. Теория и методика физического воспитания /Б.М.Шиян- М.: «Просвещение», 1968-224с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *