«XXI ҒАСЫР ПСИХОЛОГИЯСЫ» студенттік қолданбалы – практикалық конкурсын ұйымдастырудың әдістемесі


Баймуханова Балжан Кадыргалиевна
Ора қаласы, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің, педагогикалық факультетінің аға оқытушысы

Конкурс  мақсаты:

–          психологиялық білімі мен практикалық іскерлігімен ерекшеленген студенттерді  анықтау және марапаттау;

–          студенттердің бойында ғылымға деген қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қалыптастыру;

–          психология ғылымындағы арнайы білімдер жинағын кеңейту және тереңдету;

–          жеке және ұжымдық зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістерімен таныстыру;

–          оқу процесінде қол жеткізген білімдерін бекіту және тереңдету, ғылыми ойлау, ғылыми өзбеттілік дағдыларын қалыптастыру;

–          қазіргі заманғы ғылым жетістіктерін өз тәжірибелік зерттеулерінде тиімде және шығармашылықпен пайдалана білуге үйрету;

–          студенттердің әзірлік деңгейінің сапасын көтеру;

–          студенттердің негізгі, ізденушілік және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға тарту.

Конкурс міндеттері:

–          студенттердің психология сферасындағы ғылыми және кәсіби іс-әрекеттерін қолдау;

–          студенттерге ғылыми-зерттеу іс-әрекетіне белсене қатысуға бағыт-бағдар беру;

–          қатысушылардың өз психологиялық білімдерін көрсету, марапатқа ие болу мүмкіндіктерін жүзеге асыру;

–          дарынды және талантты студенттерді анықтау, білім беру процесінің тиімділігін арттыруға әсер ететін өзекті міндеттерін кеңейту мақсатында олардың шығармашылық және потенциалдық мүмкіндіктерін қолдану;

–         кәсіби тәжірибені таратуды жүзеге асыру;

– студенттерді ғылыми конференциялар, конкурстар, ғылыми семинарларға қатысуға ынталандыру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

1. Конкурс ЖОО ішілік болып табылады

2. Конкурс 12-13 сәуір күндері ұйымдастырылады

3.Конкурсқа «Педагогика  және психология», «Психология» мамандықтарының 2-3 курс күндізгі бөлім студенттері команда негізінде қатысады

4. Әр команданың құрамында 4 студенттен болуы тиіс

5. Конкурс екі тілде өтеді (орыс және қазақ тілдерінде)

6.Конкурсқа қатысушы командалар 10 сәуірге дейін өтініштерін білдіру керек

 

Конкурстың ұйымдастырылуы және өтуі

 

I кезең

 

I. «Визитка» конкурсы

Мақсаты: команда студенттерінің психологиялық позицияларын, имиджін, психология сферасындағы психолог кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсіне білу қабілеттерін анықтау.

Орындалу уақыты – 10 мин.

Қатысушылар келесі тапсырмаларды ұсынулары тиіс:

–     команданың атауы;

–     команданы презентациялау;

–     девиз; эмблема.

Бағалау өлшемдері:

–     өзгешелігі;

–     айқындығы;

–     әсерлілігі.

II.Психологтың қызмет бағыттары бойынша әдістемелік жұмысты ұйымдастыру

Әр команда ұжымдық-әдістемелік  жұмыстың толық өңдеуін ұсынады. Конкурсқа тек қана қолданыста жүрген нақты тәжірибелік қорытындысы бар әдістемелер ұсынылуы тиіс.

Орындалу уақыты – 30 мин.

Бағалау өлшемдері:

–         Әдістемелік жұмыстың талапқа сай болуы;

–         ӘЖ қатысушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыра білу деңгейлері;

–         ӘЖ мазмұнының іріктелу сапасы;

–         Жалпы психологиялық және педагогикалық білімдарлығын пайдалана білу қабілеттері;

–         Әдістемелік талаптарға сай болуы;

–         ӘЖ безендіру сапасы.

Тақырыптары:

1.Мүмкіндігі шектеулі балалармен психологтың жұмыстану ерекшеліктері

2.Қарттар үйіндегі психолог қызметінің мазмұны мен ерекшеліктері

3.Травмалық зақым алған пациенттермен жүргізілетін психолог жұмысының түрлері

4.Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі психолог қызметі

5.Табиғи апаттан зардап шеккендерге көрсетілетін психологиялық жұмыстың ерекшеліктері

6. МДҰ- дағы психолог қызметінің ерекшеліктері

 

II кезең

 

III. Таңдалған тақырып бойынша далалақ зерттеу  жүргізу конкурсы (үй тапсырмасы).

Конкурстың мақсаты – таңдап алынған проблема бойынша айтатын ақпаратты дұрыс жеткізу, атап айтқанда: тақырыптың негізгі бөлігін толық және тұтас аша білу, қорытындылау; ғылыми терминолгияны дұрыс қолдану; аталған проблема бойынша негізгі сұрақтарға жауап бере алуын анықтау; өзекті мәселелерді талқылау; студенттердің шығармашылық әлеуетінің көрінуі, өздерінің ұстанымдарын ашық көрсетуі.

Далалық зерттеу процесі, нәтижесі ролик түрінде көрсетілуі керек. Мультимедия құралдарының, музыкалық көркемдік сүйемелдеу элементтерін пайдалану құпталады. Жұмысты ұсынғанна кейін команда қазылар алқасының сұрақтарына жауап беруі тиіс.

Орындалу уақыты – 15 мин.

Конкурстың бағалау өлшемдері:

–            таңдалған мәселенің өзектілігі;

–            зерттеуді қисынды жобалай білу;

–            психологиялық білімдердің кірігуі;

–            алынған нәтижелерді рәсімдей білуі;

– безендірудің талғампаздығы және жарқын, образды жеткізілуі.

Тақырыптары:

1. Қоғамдағы әлеуметтік нормалар бұзылған кезде адамдар қалай реакция білдіреді?

2. Вербальды және вербальды емес қатынас бір-біріне сәйкес келмегенде адамдар қалай реакция білдіреді?

3. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамға бейімделуі, қолдау мәселелері

4. Сенім, айналадағы адамдарға, болашаққа сену мәселелері

5. Әлеуметтік желілер арқылы виртуалды қарым-қатынас адамдарды неғұрлым жақындастырады деген пікірге  көзқарас

 

IV. «Ерте, ерте, ертеде…» конкурсы.  Халық ауыз әдебиетіндегі ертегі кейіпкерлері мен оқиғаға психологиялық талдау жасау.

Конкурстың мақсаты – студенттердің психологиялық теорияларды пайдалану арқылы талдау жасау, психологиялық кеңес беру дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтау және жүзеге асыру.

Орындалу уақыты – 10 мин.

Конкурстың бағалау өлшемдері:

–         жағдаяттың психологиялық негізін түсінуі;

–         ондағы мәселені анықтау;

–         кейіпкерлерге психологиялық сипаттама беру.

 

Қорытынды және марапаттау рәсімі

Конкурс соңында жюри мүшелері мен тәуелсіз эксперттер қатысушы командалардың жұмыстарын  бағалап, нәтижесін айтады. Әр номинация бойынша конкурс жеңімпаздары анықталып, дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болады.

 

Конкурс номинациялары:

1.  «Үздік командалық презентация»

«Лучшая командная самопрезентация»

2. «Үздік әдістемелік бағдарлама»

«Лучшая методическая разработка»

3. «Үздік мультимедиялық жоба»

«Лучший мультимедийный проект»

4. «Шебер психоаналитиктер»

«Лучшие психоаналитики»

«Педагогика және психология» кафедрасында «XXI ҒАСЫР ПСИХОЛОГИЯСЫ» студенттік қолданбалы – практикалық конкурсы өткізілді.

Конкурс студенттердің бойында ғылымға деген қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қалыптастыру; психология ғылымындағы арнайы білімдер жинағын кеңейту және тереңдету; жеке және ұжымдық зерттеу жұмыстарын жүргізудің әдістемелерімен таныстыру; оқу процесінде қол жеткізген білімдерін бекіту және тереңдету, ғылыми ойлау, ғылыми өзбеттілік дағдыларын қалыптастыру; қазіргі заманғы психология ғылымының жетістіктерін өз тәжірибелік зерттеулерінде тиімде және шығармашылықпен пайдалана білуге үйрету; студенттердің әзірлік деңгейінің сапасын көтеру; студенттердің негізгі, ізденушілік және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға тарту; психологиялық білімі мен практикалық іскерлігімен ерекшеленген   студенттерді  анықтау және марапаттау мақсатында ұйымдастырылған болатын.

Конкурстың қорытындысы есебінде келесі номинациялар тағайындалып, марапатталды:

1.  «Үздік командалық презентация»

«Лучшая командная самопрезентация» номинациясы бойынша «Жалын» командасы,

2. «Үздік әдістемелік бағдарлама»

«Лучшая методическая разработка» номинациясы бойынша «Мега мозг» командасы,

3. «Үздік мультимедиялық жоба»

«Лучший мультимедийный проект» номинациясы бойынша «Психея» командасы,

4. «Шебер психоаналитиктер»

«Лучшие психоаналитики» номинациясы бойынша «Бірлік» командасы.

Конкурс болашақ кәсіби мамандардың білімдерін шыңдап, біліктіліктерін арттыруда, құзыреттіліктері мен қажетті дағдыларын қалыптастыруда маңызды орын алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *