Мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін тұтығу мәселесінің психологиялық ерекшеліктері


Халикова Ботагоз Тулегеновна
Батыс Қазақстан Инновациялық-технологиялық университеті, педагогикалық факультетінің педагогика және психология магистрі, аға оқытушысы

Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балалардың арасында сөйлеу тілінің бұзылыс түрлері жиелеп барады. Сондықтан ол қазіргі қоғамда өзекті мәселе болып отыр.

Қазіргі кездегі логопедияда тұтығу сөйлеу аппараты еттерінің дірілдеп тырысу салдарынан болған сөйлеу шапшаңдығының бұзылуымен анықталады. XIX ғасырдың аяғында психиатор И.А. Сикорский алғаш рет тұтығудың  2 мен 5 жастағы балалардың арасында жиі кездесетіндігін  анықтап, осыған байланысты оны «бала ауруы» деп атады. Шетел ғалымдарының мәліметтері бойынша жалпы балалардың 2 пайызы тұтығады.

Тұтығу (кекештену) – сөйлеу аппаратының бұлшық еттерінің тартылуынан болатын сөйлеу бірқалыптылығының бұзылуы. Әдетте, бұл сырқат балаларда 2-6 жастар шамасында басталады. Тұтығу – сөйлеу қабілеті тез дамыған балаларда сөйлеу функциясына күш түсуден, жарақаттанудан немесе, сөздік дамуы тежелген балаларда орталық жүйке жүйесінің белгілі бір құрылымдарының зақымдануынан болады.

Тұтықпа адамдардың сөйлеуі дыбыстардың, буындардың немесе сөздердің қайталануымен, дыбыстардың ұзаруымен немесе сөздер мен дыбыстардың үзік-үзік болуымен, сондай-ақ, сөз арасында қосымша дыбыстар мен сөздердің қыстырылуымен сипатталады. Тұтықпаның түйілген сөзі, әдетте, соған сәйкес түрлі қимылдарымен қосарласа жүреді.

Тұтығудың  пайда болу себептері.  Этиологиялық белгілері бойынша тұтығу екіге бөлінеді:

·        Функционалды тұтығу жиі кездеседі. Ол 2-ден  5 жасқа дейін балаларда сөз тіркесінің байланыстырып сөйлеу тілі қалыптасу кезінде пайда болады. Көбінесе ашуланшақ, күйгелек балаларда кездеседі.

Тұтығудың бұл түрі орталық және перифириялық шеткі жүйке жүйесінде сөйлеу механизмінің органикалық зақымдануы болмаса да пайда болады.

·        Ал органикалық тұтығу орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануынан жарақаттану, нейроинфекция т.б. болады. Бұл барлық жастағы адамдарда кездесуі мүмкін.

Функционалды тұтығудың себептері түрліше болады. Көп тараған себептерінің бірі олар үшін әлі келмейтін  сөйлеу жүктемесі, қиын сөздер мен түсініксіз сөздерді қайталау,  көлемі үлкен, мазмұны ауыр өлеңдер, баланың жасы мен дамуына сәйкес келмейтін әңгімелер мен ережелерді есте сақтау болып  табылады.  Мұндай жағдайда баланың жүйке жүйесіне шамадан тыс салмақ түсіру және сөздерді қиындық пен айтылуы қосылып сөйлеуінің тосынан толуына немесе дыбыстар мен буындарды қайталауына әкеп соғады. Одан балаларда әрқашан солай болуы керек деген сенімділік пайда болады.  Патологиялық  тітіркендіргіштік  жасалады фиксация, өзін-өзі сендіру тұтығу пайда  болады.

Тұтығудың білінуі: Тұтығу кейде аяқ астынан пайда болады, кейде білінбей жүріп, бірте-бірте күшейе береді. Ол ішкі және сыртқы тітіркену мен жүйе ауруларының сипатына байланысты кезекпен бірде бәсеңдеп, бірде күшейеді.

Сөйлеу жағдайы жалпы денелік және эмоционалдық ортасымен тығыз байланысты. Сөйлеу кезінде тыныс алу, дыбыстың  немесе артикуляциялық  аппаратында  пайда  болған  тырысу  тұтығудың  негізгі сыртқы  белгісі   болып  табылады.

Тұтығудың белгілері: Тұтығудың негізгі белгісі сөйлеу процесі кезінде тырысу болып табылады. Тырысу формасы бойынша клоникалық, тоникалық, аралас, таралуы бойынша дем алу, дыбыс шығару, артикуляциялық, аралас және жиілігіне қарай сипатталады. Тоникалық тарауда бұлшық еттердің жиырылып тырысуының салдарынан сөз басында немесе ортасында ұзақ тоқталып қалу байқалады.

Тұтығу күшейіп ауыр түріне айнала бастаған кезде ілеспелі жалғас қимылдар байқалады.  Ілеспелі жалғас қимылдар  – сөйлеу кезінде бетте мойында, денеде, аяқ-қолда пайда болатын дірілдеп тырысу құбылыстары.

Жалпы сөйлеу тілі толық жетілмеген балаларда өз ойын айту үшін грамматикалық сөз тіркестері мен элементарлы сөздік қорының жетіспеушілігінен тұтығу жиі болады.

Сөйлеу тез және тосынан болғандықтан да тұтығу  болуы мүмкін: бала өз ойын тез жеткізуге асығады, сөйтіп кейбір дыбыстарды кідіріп қалады да, тұтығу басталады.

Бала тәрбиесіндегі бұрыс жағдайлар, балаға қатал жазалау,  қорқыту да тұтығуға душар етеді.

Тұтығуға тән белгілердің бірі – сөйлеу алдындағы қорқыныш, үрейлену. Тұтыққан адамда ойын жеткізу үшін қиын сөздерді немесе дыбыстарды айтар кезде үрей пайда болады. Бұл құбылыс логофобия деп аталады.

Тұтығу үш дәрежеге ажыратылады: жеңіл, орташа, ауыр түрі. Тез сөйлегенде немесе орташа сөйлеген кезде ғана тұтықса – ол жеңіл түрі; тұтыққанның орташа дәрежесінде бала сөзіне таныс ортада жеңіл сөйлеп аз тұтығады,  бөтен адамдар арасында тұтықпа көбейеді; ауыр түрінде бала барлық сөйлеу түрінде тұтығады,  ылғи да қимыл – қозғалыстар байқалады.

Түзету жұмыстарының негізгі  принциптері

Мектепке дейінгі жастағы балалардың тұтығуын түзету қажеттілігі. Қазіргі кезде тұтығу пайда болған уақытта бірден түзету шараларын қолдану керектігі көпшілікке мәлім. Әдетте бұл кемістік бастапқы сатысында жеңіл түрде болады, бірақ жеңілде әрең байқалатын тұтығу бірте-бірте күшейе түсуі мүмкін. Тұтығуды басталған мерзімінен көп уақыт өткен сайын, баланың мінез-құлқының өзгеруіне себепкер болатын ауыр да, тұрақты кемістікке айналады. Сонымен қатар ол баланы қалыпты қарым-қатынастан айырады  және жақсы оқуына жиі кедергі жасайды. Сондықтан аталған сөйлеу кемістігін баланың мектепке келмей тұрған кезінде түзету керек.

Тұтығуға кешенді әсер ету мынадай бағыттардан тұрады:

1.     Дәрігерлік әсер ету. Ол баланың жүйке жүйесін қалыпты жағдайда болуына мүмкіндік жасайды және психотерапия мен логопедиялық жұмыстар үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

2.     Пихотерапиялық әсер ету барлық логопедиялық жұмыс кезінде жүргізіледі. Ол баланы тұтығусыз сөйлей алатынына сендіру.

3.     Логопедиялық әсер ету. Бұл ұзақ уақыт бойына  (8-9 ай), жүйелі түрде жүргізілетін жүйелі сабақтар курсы. Бұл сабақтың негізгі мақсаты өмірдің кез – келген жағдайында тұтығудың жеңіл түрінен бастап, күрделі, қиын түрлеріне дейін балаларды дұрыс және еркін сөйлеуге дағдыландыру болып табылады. Сабақты бірте-бірте күрделендіре отырып, балалардың дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыруға болады. Сонымен, тұтығуды жою үшін барлық сабақтар негізгі дидактикалық принциптің кезектілігіне және жүйелігіне бағынуға тиіс.

4.     Логопедиялық  ритмика (ырғақ). Ол әр түрлі жаттығулар мен ырғақтар немесе балалардың сөйлеуіне байланысты қозғалыс ойындарынан тұрады. Мұндай жаттығулар мен ойындар жалпы және сөйлеу моторикасының дамуына ықпал етеді, сигнал бойынша әрекет жасауға, өзін-өзі меңгере білуге, ырғақты сезінуге тәрбиелейді, қозғалыс координациясын дамытады.

5.     Тұтығатын баланың жеке басына қоршаған ортасының әсер етуі. Бұл түзету – тәрбие жұмыстарының барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.

Тұтықпа сөйлеу кемістігінің ішінде ең күрделісі болғандықтан тексеруді жан-жақты, кешенді жүргізу қажет. Олар дәрігерлік, логопедиялық және психологиялық.

Логопедиялық тексеру мынадай бағытта жүргізіледі:

1.     Тұтығудың  себептері мен түрін анықтау (түрі, дәрежесі, ілеспелі қимыл-қозғалыстың болуы, болмауы, логофобия, тұтығудың барысы).

2.     Баланың  сөйлеу жылдамдығын анықтау (баяулығы, шапшаңдығы, секіріс түріндегісі).

3.     Ата-анасымен әңгіме барысында баланың сол қолымен істеуімен тиым салғаны, оның қолымен істеуге үйретуі туралы мағлұмат алуыға болады.

4.     Көңіл бөлудің бұзылуын тексеру.

5.     Баланың сөйлеу тілі мен жалпы дамуының тарихын білу: оның алғашқы сөзі қашан пайда болды, қай уақытта сөйлей бастады, одан әрі дамуы қалай болды т.б.

6.     Баланың айналасындағы сөйлеу ортасын білу: жақындарының  ішінде сөйлеу кемістігі бар адамдар бар ма, жанұясын да екі тілде сөйлейтіндер бар ма, айналасындағылардың сөйлеу жылдамдығы  қандай, тұтығатын үлкен немесе балалармен (байланыс) қарым-қатынаста болды ма т.б. анықтау қажет.

7.     Жанұядағы қарым-қатынас сипаты (баланы шектен тыс еркелету немесе керісінше қатал ұстау, бірде аймалап, бірде жазалап, бірде рұқсат бермей, еркіндік беру, бірде ұрыс сияқты жағдайларға көңіл аудару).

8.     Отбасы жағдайымен  танысу: (ұрыс-керіс, келіспеушілік жоқ па. Бала оған қалай қарайды).

9.     Тұтығудың басталған мерзімін, дамуын, барысын анықтау.  Ата-анасының тұтығудың пайда болуы  мен күшеюі қандай жағдай мен байланыстыратын білу. Тырысудың  формасын, орнын, жиелігін анықтау. Сөйлеу қабілетінің сақталуы.

10.    Тұтығуына баланың өз реакциясының қалай екендігін білу (тұтығу кедергі жасай ма, қинай ма немесе оны өзі аңғармай ма, сөйлеудің тоқталуынан қорқа ма, әлде көңіл аудармай ма).

11.    Дыбыс шығаруындағы кемшіліктердің пайда болуы. Егер осы кемшіліктер табылса, артикуляциялық аппаратын мүшелерінің қозғалысы мен құрылысын қосымша тексеру қажет, сол сияқты барлық фонемалар кемшілігі мен фонематикалық  қабылдауын анықтау.

12.    Тұтығатын баланың сөйлеу тілі дамуының жалпы деңгейін белгілеу (оның сөздік қоры жасына сәйкес пе, грамматикалық қатарының дәрежесі жектілікті қалыптасқан ба, т.б.).

2-4 жас аралығындағы балалардың сөйлеуді үйрену мезгілінде мөлшермен 5% балада тұтығу құбылысы пайда болады. Мұның 40% тұтықпасы мектеп табалдырығын аттаудан бұрын табиғи жоғалады, ал қалған 40% жастық мезгілге барғанда ғана жоғалады. Мұны қатерсіз тұтықпа дейді, сондықтан, 80% баланың тұтықпасы табиғи түрде жоғалады.

Балалық дәуірде пайда болған тұтықпа есейгенге дейін жалғасып, қалпына келмесе, мұны жетілу сипатты тұтықпа деп атайды. Мұндай ауруға шалдығу мөлшері дүние жүзі бойынша 1% айналасында болады. Тұтықпаның ер-әйел ортасындағы салыстырмасы ¼ болады. Әдетте, тұтықпаны зерттеу және емдеудің қамтитын көлемі негізінен жетілу сипатты тұтықпа мен жетілу сипатты тұтығушы болады. Мұнан басқа бір түрлі өте аз ұшырайтын тұтықпаны жүре пайда болған тұтықпа деп атайды. Тілі қалыпты жағдайда жетілген ересек адамдардың миында ауру өзгерісі себебінен (сыртқы жарақат, қабыну немесе қан тамырдағы аурулар) пайда болатын тұтықпаны қайталау сипатты тұтықпа деп атайды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Айтбаева А. Коррекциялық педагогика негіздері оқу құрал – 2008 Алматы.

2.     Тебенова К.С  Дамуында ауытқуы  бар балалар,  әдістемелік құрал. Қарағанды -2003.

3.     Основы спецальной псхологии /Л.В.Кузнецова, Л.И.Переслени, Л.И.Солнецева и др. М., 2005.-480 с.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *