«Білімге саяхат»


Қуат Жанар Балғалиқызы  

                   Ақтөбе қаласы  №32 «Қуаныш» МДҰ-ның тәрбиешісі   

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Математикалық түсініктері туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.

Дамытушылық:Сөз жұмбақ шешу,сауат ашу,дыбыстықталдау жасау, буынға бөлу, логикалық ойлауқабіллеттеріндамыту.

Тәрбиелік:Ермексаздан білім кілтінжасай отырып,балаларды ұқыптылыққа,тазалыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: Сұрақ – жауап, сергіту сәті.

Көрнекіліктер:Слайд, ермек саз, таяқша.

Ұйымдастыру: Балаларды кіргізу. Есік түртіп, ішкеБуратино кіреді.( Әуен қосылады)

Буратино:Салааматсыздар ма, балалар!

Саламатсыздар ма, қонақтар!

Балалар: Саламатсыз ба!

Тәрбиеші: Саламатсыз ба, балалар бізге қонаққа  кім келді?

Балалар:Бізге қонаққа Буратино келді.

Буратино: Менің келген себебім, алтын сандықты іздеп жүрмін, ішінде білім кілті бар. Білім кілтін мыстан кемпір ұстап отыр. Сендер менімен дос болып, бірге алтын сандықты іздеуге көмектесесіндер ме?

Балалар: Көмектесеміз.

Тәрбиеші:Олай болса балалар Буратиномен бірге шаттық шеңберін орындайық.

Шаттық шеңбері:

Біздің топта балалар

Тату тәтті ойнайды.

Дос көңілі әрқашан

Тек жақсылық ойлайды.

Дос болайық бәріміз

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз

Атсын күліп таңымыз.

Тәрбиеші: Рахмет балалар, отыра қойыңдар. Буратино сенде қатарымыздан орын ал. Енді біздің достымығыздың арқасында алтын сандықпен білім кілтін табатынымызға сенімдіміз.

Балалар, айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір жылдың көктем мезгілі.

Тәрбиеші: Өте дұрыс, көктем мезгілінің ерекшеліктерін кім айтады ?

Балалар: Көктемде қар ериді. Күн жылына бастайды. Адамдар еңбекпен айналысады, ағаш егеді. Жан- жануарлар төлдейді. (слайдтан көрініс көрсетеді )

Буратино: Жарайсыңдар, балалар.Енді менің сиқырлы күшімді пайдалана отырып, қане көзімізді жұмайық.

Балалардың барлығы көздерін жұмып отырады.(осы кезде слайд қосылады)

Тәрбиеші:Балалар, енді ақырын көзімізді ашып, бейне тақтаға қарайықшы. Не көріп тұрмыз ?

Балалар : Ағаш қақпа. Алдында мыстан кемпір тұр.

Тәрбиеші: Балалар мыстан кемпірдің тапсырмасын орындасақ ол ағаш қақпаны ашады. Тапсырмасын орындаймыз ба?

Балалар: Иә, орындаймыз.

Тәрбиеші:

1.     «Көршісін тап»  тапсырмасы, яғни Қ.М.Ұ.Қ. ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен  екен.

2.     Есептер шығыру.

3.     Санамақ  1-10 сан аралығын тура және кері санау, билингвизм.

Балалар тапсырмаларды дұрыс орындадық па ?  Қане қарайықшы. Жарайсыңдар, балалар әрі қарай тапсырманы қарайық.

Екінші тапсырма күміс қақпада Дәу шығып, балаларға тапсырма ұсынады. Сөзжұмбақ шешу.

Өзі аппақ ұлпа

Тоқысаң болар мата

 

Бір мен үштің көршісі

Басы имек білсеңші

 

Қабат-қабат қаптама

Ақылың болса аттама.

 

Өзі бір қу

Жүрген жері айғай да шу.

 

Күнде тәртіп бұзыпты

Балаларды сүзіпті

Жемістерді үзіпті

Мүйізіне тізіпті.

Мазаны ала бердің деп

Мүйізін қағып алыпты.

 

«П»-дан өзі басталар

Бала оны жастанар.

Балалар табу арқылы торкөздің ішін толтырып жазады.

Тәрбиеші:Енді осы сөзжұмбақтың шешулерін буынға бөлейік. Дәудің келесі тапсырмасы дыбыстық талдау. Қанекей, мына әріптерге дыбыстық талдау жасайық:  А, Қ, М, Е, К, Н, О,Т.

Өте  жақсы балалар, біздер Дәудің тапсырмаларын орындадық.

Буратино: Жарайсыңдар, балалар бәріміз бір шеңберді тұрып, бойымызды сергітіп алайық. (әуен жіберіледі)

Сергіту жаттығуы: « Ұлы тау» ( Слайдпен).

Тәрбиеші: Қане, қараңдаршы енді алдымызда алтын қақпа. Оның алдында Алдар көсе отырады. Үшінші алтын қақпаны ашуға дайынбыз ба?

Балалар : Әрине,  дайынбыз.

Тәрбиеші: Алдар көсенің тапсырмасы «Күн тәртібі» (Б  алалар тақпақ айтуға ортаға шығады.)

Тәрбиеші: Өте тамаша. Ал балалар айта қойыңдаршы 1 аптада неше күн бар?

Балалар : 1 аптада жеті  күн бар.

Тәрбиеші: Өте дұрыс. Қане  апта күндері келе қойыңдар. ( Ортаға жеті бала шығады.)

Буратино:Балалар, біздер үш қақпаның тапсырмасын орындадық. Енді бізде «Алтын сандығымыз» ашылмай тұр. Сандықты ашу үшін кілт жасауымыз керек. (Балалар ермексазды пайдалана отырып, кілтті мүсіндейді. Осы кезде кілтпен сандықты ашады. Ішінен білім кілті мен кітаптар шығады.) Рахмет балалар сіздердің арқаларында білім кілтін тауып алдық ал енді мен кетейін, қош сау болындар.

Балалар: Сау болыңыз, Буратино!

Тәрбиеші. Міне балалар біз бүгін Буратиноға білім кілтін табуға көмектестік. Алдағы мектеп табалдырығын аттар қадамдарыңа сәттілік тілеймін. Сабақтарыңды тек беске оқуларыңа тілектеспін. Осымен ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *