«Елбасы-ел тірегі»


Сүйінбаева Жанаргүл  Қазтөреқызы

Ақтөбе қаласы №32 «Қуаныш» МДҰ-ның тәрбиешісі 

Мақсаты:                                                                                                                                                                                         Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру. Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық  сезімдерін арттыру. Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктерсуреттер, баннер, ойын атрибуттары, шарлар.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап

1-жүргізуші:

Алаулаған алабынан нұр тамып,

Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.

Көк байрағың желбірейді төріңде,

Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады)

2-жүргізуші:

Қайырлы күн, сүйікті де, сүйкімді балалар!

Бүгінгі 1 желтоқсан-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Елбасы-ел тірегі» атты мерекелік іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:

Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды.

– Балалар,  Н.Ә.Назарбаев кім?

Балалар: Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.

Ән: «Қазақстаным-Отаным»

2-жүргізуші: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.

        Балалардың тақпақтары

1-жүргізуші: 

Қазақ елі, желбіреп көк байрағың,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.

2-жүргізуші: Балалар мен сендерге сұрақтар қойғым келіп тұр, жауап бересіңдер ме?

Біз қандай елде тұрамыз? Қалай аталады?

-Біздің елбасымыз кім?

Біздің бас қаламыз қалай аталады?

-Астана сендерге ұнайды ма? Неге?

Ән: «Отан-Ана»

Ойын: «Шаңырақ»

Н.Ә.Назарбаевтың «Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан балалардың жаттаған нақыл сөздері:

1-бала:

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-тәуелсіз Қазақстан.

2-бала:

Көп ұлтты ел болуымыз-біздің байлығымыз, мақтанышымыз

3-бала:

Салтанатты жарасқан қаласы бар, ұшан- теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!

Ән: «Бақытты балалық шақ»

Ойын: «Қазақстан қалалары»

1-жүргізуші: 

Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.

2-жүргізуші: 

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.

Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.

Ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар-дей келе  «Елбасы-ел тірегі» атты мерекелік іс-шарамызды аяқтаймыз.

Мерекелік марш: «Атамекен»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *