Ойнай білген – ойлай біледі.


Оспанова Гульбахит  Серикпаевна

Ақтөбе қаласы  №32 «Қуаныш» МДҰ-ның орыс тілі мұғалімі

Елбасы Н.Ә. Назарбаев өз жолдауында «Бізге  қоғам қажеттіліктеріне сай  келетін осы  заманға  лайықты азамат, азаматша  тәрбиелеу – балабақшадан басталады» – деп көрсетеді. Балабақшадағы  тәрбиелеу – оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын  дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану әрі оны күнделікті іс – әрекет кезіндегі тілдік қарым – қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезіндегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі тілі дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, қасиеті мен сапасын,түр – түсі және пішінін ажырата білуге өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып белсенді түрде тілдік қарым – қатынас жасай білуге үйретеміз.

Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы қоғамдық тәжірбиені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала ойынында да қоғамдық, ұжымдық сипат болады. Мәселен, кез – келген бала еш уақыта жалғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды, сол арқылы бір – бірімен өзара қарым – қатынас жасайды. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып өзіне таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды.

Қай бала болмасын ойынмен өседі,  өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Сондықтан да ойын – балалардың дүние тану жолы, олар ойынмен өмір сүріп бәрін өзгерте алады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне тәрбиешінің балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап анықтап әрі байытып отыру басты міндет саналады.Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі  сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулар орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев; «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психалогиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады.Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әр түрілі құбылыстарымен үлкендердіңтүрілі іс – әрекетіне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, сол мақсатқа жету жолындағы іс – әрекеттер бала үшін қызықты. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезінеу, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрілі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші басты құбылыстың бірі деуге болады. Былайша айтқанда болашақ қайракердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді.

Мектеп жасына дейіңгі  баланы дамытатын, өсіретін әрі  тәрбиелейтін де негізгі іс-ірекет – ойын. Ойын арқылы бала өзін  қоршаған  ортамен, табиғатпен, қоғамдық  құбылыстармен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың өміріндегі ойының атқаратын қызметі туралы: «Үлкендер  үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай  болса, балалар үшін  ойынның маңызы да сондай  болады», – дейді.

Біз  балалардың ойнап  жүріп  анасының, әкесінің, дәрігердің, жүргізушінің, мұғалімнің, тәрбиешінің, құрлысшының сатушының және тағы басқалардың қызметін, атқарып  жүргенін  байқаймыз.

Егер ересектер  тарапынан баланың ойына көңіл  бөлінсе, дұрыс бағыт  берілсе, ойының бала  дамуына тигізер  әсері  көп. Ойын арқылы  баланың болашаққа көзқарасы қалыптасады. Кішіге  қамқор көрсету, әлсізді қорғау, ренжетпеу, жолдастарымен ойын  барысында бірлесе  шешім қабылдау, үлкендерді сыйлау, басқа  адамның еңбегін  бағалай білу  дегенді олар күнделікті ойын  негізінде сезінеді.

Сәби  бойында  жағымды қылықтардың қалыптасуына, өмірлік  танымының кеңеюіне сюжеттік-рөлдік ойындардың тигізер  ықпалы ерекше. Мұндай  ойындарды  ата-аналар үйде  немесе табиғат  аясында ұйымдастыруына әрі өздері  сол ойынға  қатысып, балалардың балабақшадан  алған әсерін, үйренген тақпақ, өлеңдерін, би  элементтерін қайталата  отырып, олардың білім, даму  деңгейін анықтауларына мүмкіндік  алады. Сондай-ақ ата-аналардың ойынға  қатысуы сәбилер  үшін қуаныш  сыйлары  сөзсіз. Әрине, мұндай  бірлестікте өткен  ойындардың тәрбиелік  мәні  ерекше.

Қандай ойын  түрі  болсын, дидактикалық па, сюжетті ме әлде  драмалық  болсын, баланың  ой-өрісін дамытады, сөздік  қорын  молайтады,  адамгершілік  қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау,  есте  сақтау қабілеттерін  жетілдереді. Ал сюжеттік-рөлді  ойының тағы  бір  жағымды жағы, баланы өз  құрбы-құрдастарымен дұрыс  қарым-қатынас жасай  білуге  бейімдейді, ұжыммен, яғни көпшілікпен санаса  білуге  дағдыландырады.

Қандай тәрбие  жұмысы  болсын, балалардың  білім  деңгейіне, іс-әрекетіне, қабілеттерінің жалпы  дайындықтарына қарай  түрлердіре ұйымдастыруды  көздейді. Мысалы: сюжеттік-рөлдік «Емхана» ойыны.

Балалардың ой-өрісін шығармашылық қабілетін ойын  арқылы  кеңейту; дәрігер  мамандығын сүюге  баулу, еңбегін  қадірлей  білуге үйрету. Ұжыммен  бірлесе әрекет  жасауға ықпал  ету, сәбидің сөздік  қорын, тіл  тазалығын арттыру – бұл  ойының негізгі  мақсаты.

Қай  ғалымды  алсақ та, өздерінің  ойын  туралы еңбектерінде «Ойын – баланың жетекше  әрекеті» деген  сипаттама  береді.

Қорыта  айтқанда, ойын – баланың  жан  серігі, баланын  рухани жетілуі, денесінің  дамуы, ой  дүниесінің өркен  жайып, тілінің  дамуы.

Ойын  баланың алдынан  өмірдің есігін  ашып,  оның  шығармашылық  қабілетін  оятып,  бүкіл  өміріне ұштаса  береді.

Ыбырай  Алтынсарина: «Ойын – бала үшін  ойын емес, білім  мен тәрбие  құрайтын  басты  құрал», – деген болатын. Ендеше, ойының  бала  тәрбиесінде үлкен  рөл  атқаратына дау  жоқ.

Балабақшадағы бүлдіршіндер ойнай  да, күле де, ойлай да  білсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *