“Қымыз – шипалы сусын”; «Уақыт таспасы»; “Ақбөкен-киелі жануар”


Даулетов Ескендерхан, Олжабай Шұғыла, Айтбаева Амина

Қарағанды каласы КММ ЖББОМ №59 4 «А» сыныбының оқушылары

Жетекшісі: бастауыш сынып мұғалімі Бейсембаева Гульстан Сансызбаевна

Жобаның мақсаты:Жылқы сүті қымыздың пайдасын,түрлерін, ерекшеліктеріноқып үйрену.

Жобаның  міндеттері: Қымыз туралы кітаптардан, оқулықтармен, зерттеулермен танысу;

Қымыздың түрлері, ерекшеліктері жайлы білімді тереңдету;

Болжам:  Егер біз қымыз жайлы оқып білсек, онда қымыздың көптеген  сырларын ашар едік.

Нәтижесі:  Іздену нәтижесінде қымыздың денсаулыққа пайдалы екенін, әртүрлі ауруларға

емдік қасиеті бар екенін  білеміз.

Қандай сусынды жақсы көресің?- десе, көп бала кола, пепси,спрайтты атайды.

Ал мен қымызды,шұбатты ұнатамын.

Осы жұмысым арқылы оны дәлелдегім келеді.

 

Кіріспе
Қазақ халқы үшін төрт түліктің пайдасы
ІІ. Негізгі бөлім
1.1. Шипалы сусынның дайындалуы
1.2. Қымыз – шипалы сусын

2.1. Сауылатын бие түрлері.

2.2.Қымыздың түрлері.
ІІІ. Қорытынды

 

Кіріспе

Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ.Дегенмен жылқы мен түйенің адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын. Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түліктер адамның жан серігі,айырылмас досы болған. Барлық түліктен де жылқы өсіру жеңіл.Оны бағуда шығын шықпайды. Еті де,сүті де қазақ халқы үшін аса қадірлі тағам.

“Жылқы –малдың патшасы,түйе-малдың қасқасы” деген мақал қазақта тегін айтылмаған. Ғылыми зерттеулер бойынша жылқы еті сиыр етінен 24-25% көп болады, 10-12 қойдың етін береді. Сонымен қатар қорытуға жеңіл, сіңімі тез. Жылқының бір қасиеті -сүтінде.

 

1.1.Шипалы сусынның дайындалуы

Қымыз — жылқы сүтінен алынатын кышқыл сүт өнімі. Қымызсыз қазақ асханасын елестету мүмкiн емес. Қымыз сапалы тамақ өнімі ғана емес,сондай ақ шипалы сусын деп те есептеледі. Халық арасында қымызды көңіл күй сергектігі және ұзақ жасау сусыны деп текке атамаған.Халық медицинасында ата-бабаларымыз емдік сусын ретінде қымызды асқазан, өкпе, ішек ауруларына пайдаланып келген. Қымызды қазақ халқымен қоса көрші қырғыз елі, татарлар, башқұрт халықтарында да емдік мақсатта қолданған.Қымыздың құрамына кіретін түрлі заттардың бәрі де адамның бойына жақсы сіңеді. Майы дәмді, белогы тез сіңімді. Аз шамада кездесетін сүт және көмір қышқылдары адамның тәбетін ашып, асқазанның жақсы жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Бие сүтінде «С» витамині мол болады. Сондықтан да туберкулез ауруынан емдеуде айрықша жетістіктерге жетуге көмегі баршылық. Қымыздың осы қасиеттері белгілі болғаннан түрлі емдеу мекемелері оны дәрумен ретінде пайдалуға көшкен.

 

1.2.  Қымыз – шипалы сусын

Қымыз — дертке шипа, денеге күш беретін шипалы әрі жұғымды сусын.Ешқандай сусын қымызбен тең келе алмайды. Құрамында дәрумендер, майлар, белоктар бай, ол талай ауруды емдеп қана қоймайды, олардың алдын да алады. Қымыз ас қорытуды жақсартады, қауіпті ісікті болдырмайды.Бие сүтінен ашытылады. Оның алғашқы ашытқысын «қымыздың қоры» деп атайды. Кей жерлерде мұны бие сүтіне сүр қазының қабырғасын, жылқының ашыған сүр жамбасының жұлынды сүйегін не малта салып немесе ашыған тары көженің суын қосып, бөлек ашытады. Сосын сабадағы қорды сарықпай, биенің жылы сүтін саумалдап, жаңғыртып отырады. Жаңа сүт құйған сайын 20-30 минуттан піседі, жаңа сүтпен қорды араластырып, ірімтігін жазады, ашуын басып отырады. Қымызды көп сапырғанда оған таза ауа (оттегі, азон, т.б.) көп сіңеді.
Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі. Ол тек қана бие сүтімен ашытылады.

 

2.1. Сауылатын бие түрлері.

Сауылатын биелер: сақа бие, құлын бие, қыран бие деп үшке бөледі.

Сақа бие – бірнеше рет құлындаған, бұрыннан сауылып келген бие.

Құлын бие – құнажын немесе дөнен жасында алғаш құлындаған бие.

Қысырақ бие – деп өткен жылы кейбір себептермен қысыр қалған, құлын орнына тайы еміп жүрген биелерді айтады.
Көктемде және шілде айларында биелер жиі-жиі сауылады.Биені бие көнекке немесе ағаштан істеп ысталған шелекке сауады.
Қор дегеніміз – ескі қымыз, ол жақсы ашыған қымыздың саба түбінде қалатын арнайы сақталған сарқыны. Биені қолмен және машинамен сауады. Машинамен сауудың қол мен саууға қарағанда айқын артықшылығы бар: ол адамның жұмысын жеңілдетеді, еңбек өнімділігін арттырады, ию рефлексі пайда болуына аса қолайлы физиологиялық жағдай жасайды.

Торсық пен саба сондай ыдыстар болып табылады.

Торсық дегеніміз- жылқының терісінен шелін алып, ыстап жасалған,сиымдылығы 10-30 литр тері қап. Терінің шел жағы ішіне қаратып тігіледі.

Саба – пирамида сияқты, төрт бұрышты түбі және ұзын мойыны бар сиымдылығы 100-150 литр тері қап.
Қазақ халқының бір ғасырлық тарихын басынан кешірген Жамбыл Жабаев ақын атамыз:
…Үйірілген сары алтындай сары қымыз,
Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз.
Елімнің баяғыдай сүйген асы,
Шығаршы тағы нең бар кәрі қымыз, –
деп жырлаған екен. Бұның өзі қымыздың қасиеті мен бірге оның түрлерінің көп екенін аңғартады.

 

2.2.Қымыздың   түрлері.
Қазақтар жыл маусымына қарай қымызды уыз қымыз, жазғы қымыз, күзгі, қысқы қымыз деп атаған.
Солардың негізгі түрлері мыналар:
Уыз қымыз – бұл бие сүтінің уыз дәмі таралған кезде ашытылған қою қымыз;
Сары қымыз – жаз ортасындағы, шөп әбден пісіп, буыны қатқан кездегі қымыз;
Түнемел қымыз – мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып, екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз;
Құнан қымыз – үш тәулік бойы ашытылады;
Бал қымыз – бал, қант секілдітәтті қосып жуасытқан қымыз;
Дөнен қымыз – төрт тәулік ашытылады;
Бесті қымыз – бес тәулік ашытқан қымыз;
Асау қымыз – бесті қымыздан да күшті қымыз;
Жуас қымыз – баяу ашыған немесе саумал қосқан қымыз;
Қорабалы қымыз – мол қордың үстіне күн сайын сүт құя отырып, бірнеше
күн жинаған қымыз;
Сірге жияр қымыз – күзді күні бие ағытарда соңғы қымыз бірнеше күн   жиналады.
Кеңестік кезеңнің өзінде Қазақстанмен қоса Ресей және басқа да республикаларда қымызды науқас түрлеріне шипа ретінде пайдаланатын бірқатар емдеу-сауықтыру орындары болған екен. Қазақстанда қымызбен емдейтін алғашқы емхана 1910 жылы Бурабайда ашылды. Бурабай емханасы үшін қымызды дәстүрлі әдіс бойынша сабаға ашытқан. Сол 1910 жылыТорғайда темір жол қызметкерлерін емдейтін Берсүгір емханасы жұмыс істеген.
Қымыз жүйке ауруларына бірден-бір ем. өйткені оның құрамында В витаминімен бірге В2, В12 витаминдері бар. Ал туберкулезбен ауыратын адамдардың организмінде витамин алмасуының бұылатындығы да дәлелденген жайт. Олардың қымызбен емделгенде сауығып кететіндігі де сондықтан.
Қымыз организмге жан-жақты әсер етеді. Ол ас қорту органдарының , жүрек-қан
тамырлары аппаратының, жүйке системасы мен басқа органдардың қызметін
жақсартады.
Қымыз – ауруға ем, сауға қуат. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында «С» дәрумені мол, сиыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Оның адам ағзасын әлсірететін созылмалы ауруларға қарсы күресетін артықшылығын да айта кеткен жөн.Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелге қарсы ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглобин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады. осы күні жастар жағы қымыздың орнына шетелдік «Coco-cola», «Pepsi-cola» тәрізді сусындарды жиі тұтынады. Оның ағзаға зияндылығын ескеріп жүрген бірі жоқ. «Coco-cola»-ның бала денсаулығына ауыр зиян келтіретінін дүниежүзі біліп, жар салып жатыр. Тіпті жарнамалауға тыйым салып, компанияға оның зияндығын мойындаты. Осы «Coco-cola» сусынымен көліктің есігін жуғанда бояуы бірден кетіп қалыпты. Тағы бір мысал – ауылдағы мал сойған үй қарын тазалау үшін осы сусынды пайдаланады екен.
Жаңа сойылған малдың қарнын 15-20 минут «Coco-cola» сусынына салып қойса, қарын аппақ болып шыға келетін көрінеді.«Pepsi-cola» сусынын да ішкеннен сақтану керек. Бұл сусын денсаулыққа өте қауіпті. Айталық, семіздік, диабет, жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдықтырады.

Қорытынды:

1. Қымыздың адам денсаулығына, аурудың алдын алу мақсатында сапалы дайындалған қымызды әрбір жас ұрпаққа ішкізіп, кеңінен қолға алынса.
2. Қымызды ауру түрлеріне байланысты шипа ретінде пайдаланатын бірқатар емдеу сауықтыру орындары ашылса.

Сондықтан, тек қана ата-бабаларымыздың ізімен ұлттық тағамдарымызды бойымызға, ұлттық құндылықтарымызды жанымызға азық еткеніміз жөн  болар еді!

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қазақша энциклопедия
2.Қ.Бозымов “Жылқы және түйе шаруашылығы”
3.Интернет материалдары

 

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім

1.1.Ақбөкендерге жалпы сипаттама

1.2.Ақбөкендердің адамзатқа тигізер пайдасы

2.1.Ақбөкендердің топтанып жүруі

2.2. Бөкендердің жауы — браконьерлер

III. Қорытынды

Жоба тақырыбы: Ақбөкен – киелі жануар

Жобаның  мақсаты: Ақбөкендердің тыныс – тіршілігімен танысу, оның еті мен терісі және мүйізінің пайдасын білу, жан – жақты зерттеу.

Жобаның міндеттері: Ақбөкендер туралы мәліметтер жинақтау,ақбөкендердің адамзатқа пайдалы екенін зерделеу, ақбөкендердің не себепті топтанып жүруін анықтау.

Болжам:Егер ақбөкендерді қызғыш құстай қорғап атуға жол бермесе, онда сахараның ботакөздері табиғатымыздың сәні болатын еді.

 Жобаның өзектілігі:Ақбөкендерді есепсіз қырудың салдарынан олардың өте азайып кетуі.

Күтілетін нәтиже:

Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған.Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады, тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін пайдаланады.Киікті қазақ киелі жануар деп есептейді.

Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Киіктің қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық.

Аңдатпа:

Келешекте жас ұрпақты ақбөкеннің құрып кетуіне жол бермеуге, оның пайдасының көп екенін білуге көмегі тиеді.

Кіріспе

Ақбөкен, киік (лат.Saiga tatarica) – жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықтан табылған. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Республикамызда Ақбөкендердің бір-бірінен жеке дара бөлінген Бетпақдала – Арыс, Үстірт және Еділ – Жайық деген топтары мекендейді. Текелерінің дене тұрқы 126 – 150 см, салмағы 37 – 49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109 – 127 см, салмағы 22 – 37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, Ақбөкен жұп тұяқты жануарлардың ішіндегі ең өсімталы, жылына бір рет төлдейді. Жаппай төлдеуі мамырдың 1-жартысында өтеді. Бұл кезде күн салқындап, жауын-шашын көп болады да, оны қазақ халқы «Құралайдың салқыны» деп атайды. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер өсімдіктердің 80-нен астам түрімен қоректенеді.

1.1. Ақбөкендерге жалпы сипаттама

Ақбөкен – қазақстан табиғатының белгісі болып табылады. Сүтқоректілердің жұптұяқтылар отряды,қуыс мүйізділер тұқымдасының өкілі . Жүздеген жыл бұрын Қазақстан жерінен қара теңізге дейінгі қуаң далаларды мекендеген. 60 – 70 шы жылдары ақбөкеннің саны кенеттен өсіп, бір млн-ға жеткен, дегенмен ХХ ғасырдың басында оның саны мен мекен ететін жері күрт азайып, Каспий маңы мен Қазақстанның қуаң аймақтарында  сақталған. Ақбөкендер қыстау үшін Бетпақдала шөлінен Арысқұм, Қарақұм, үстірт және Еділ – Жайық өзенаралық оңтүстік аймақтарына кетеді. Үйір болып тіршілік етеді, әр аталықта бірнеше аналық болады. 10 – 12 жыл өмір сүреді, аталығы бір жарым, ал аналығы жарты жылда жыныстық жағынан жетіледі. Аналығы бес айлық буаздықтан кейін 1 – 2 (сирек 3 ) төлін дүниеге әкеледі, шөлдің қатаң жағдайынан біреуі ғана тірі қалады. Ақбөкен үшін жұт өте қауіпті – қалың қар мен көк мұздың әсерінен қорексіз қалады. Көптеген аталықтар күздегі күйлеуден кейін әлсірейді, көпшілігі жыртқыштарға жем болады. Ақбөкен үшін қауіпті жау – қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды.

Ақбөкендер, қарақұйрық тәрізді қорек және су іздеп ұзақ сапар шегіп отырады. Бұлар қашқанда атқа қарасын көрсетпейді. Тұмсығы имектеу – дөңес, танау терілері қатпарланып жатады, жүгіргенде танауы далдиып еркін тыныс алуына  мүмкіндік береді.

Текелердің басында іші қуыс жылтыр мүйіз болады. Ұрғашыларында мүйіз болмайды. Ақбөкендер аша тұяқты болады.

Ақбөкен злак, жусан, жейді. Таңсәріден бұлар суаттан сусынын қандырып алып, шөлде ыстық түскенше қайта жайылады.

Көктемде ақбөкендер жаздың ыстық кезінде шөбі сақталатын солтүстікке қарай ауысады. Ал, күзде оңтүстікке қарай бет алып, қары жұқа, шөп тауып жейтін жерлерге қайта келеді.

Ақбөкендер жалқы да, егіз де туады. Үш – төрт күндік құралай жауыннан қашып құтыла алмайды. Қатер туған кезде олар тырпетпей жата қалады. Оны екі адым жерден де көрмейсің, өйткені түсі сол жердің реңіне ұқсас келеді. Аяқтанып буыны бекігеннен кейін құралайы аналарына еріп жүреді. Олар екі айдай емшек емеді. Екінші айда – ақ шөп жеп, оттыға  бастайды.

Ертеде ақбөкендер бүкіл Европаға таралған, қазір бұлар волга өзенінің шығыс жанындағы шөлдерде ғана кездеседі.

1.2. Ақбөкендердің адамзатқа тигізер пайдасы.

Ақбөкеннің дәмді еті және терісі мен қатар медицина өнеркәсібі үшін өте бағалы шикізат болатын мүйізі де пайдалы.

Ақбөкеннің мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлін денедегі теміреткегежағады. Егер адам сусамыр ауруына шалдықса, мүйізін емдеу үшін пайдалынады. Ақбөкеннің етін тамақ ретінде пайдаланса, терісінен киімдер тігуге болады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ халқы ақбөкенді «киелі, қасиетті» аң деп

бағалайды.

 

2.1. Ақбөкендердің топталып жүруі.

Қазақстан жерінде көп тараған жануарлардың бірі-ақбөкен. Ақбөкен үйір-үйір болып топтанып жүреді. Былайша қарағанда, жазық жерде үйірімен ондап, жүздеп жүруден гөрі жалғыз-жалғыз бытырап жүрсе байқалмай қалуы мүмкін тәрізді. Дегенмен ақбөкендер не себепті топтанып, үйір құрайды? Осының себебін қарастыралық.Ақбөкен өсімдіктерді көп мөлшерде жеп қоректенетін жануар болғандықтан, оны жеуге де біраз уақытын кетіреді. Жайылып жүргенде ақбөкендердің әрі оттауы, әрі жан-жағын шолуы қиын. Бұл кезде оларды аңдып жүрген жыртқыштар сап ете түсуі мүмкін. Ал ақбөкен үйірімен жайылып жүргенде, бірі болмаса бірі сақтанып, құлақ тігіп, жан-жақты шолып жүреді, сөйтіп төнген қауіпті дер кезінде сезеді. Сонымен, ақбөкендер жапан далада топтанып, үйірімен жүріп тіршілік етуі-пайдалы бейімділік. Мамандардың есебінше, Қазақстан тәуелсіздік алғалы елдегі миллионға жуық бөкендерден тек 30 мың бас қалған. Табиғатта аязды қыстарда және эпидемия кезінде бөкендердің 100 мыңы қырылып қалған екен.

 

2.2. Бөкендердің жауы — браконьерлер

Қазақстанда 1921 ж. Ақбөкенді аулауға тыйым салынған.

Браконьерлердің киікті мүйізі үшін аулайтыны белгілі. Олар көбінесе мүйізі шаңырақтай киік текесін нысанаға алады. Даланы қызыл қанға бояған қатыгездер көбіне киіктің басын ғана кесіп алып, денесін лақтырып кетеді. Бейресми деректерге жүгінсек, аңшылар киік мүйізін 35-40 мың теңгеге сатады. Алматыда бұл одан да жоғары бағаланады екен. Онда мүйіздің келісі 200 мың теңгеден асып жығылса, Қытайда 4 мың доллардың төңірегінде. Қытайда дәстүрлі медицина үшін киіктің мүйізіне дәрілік шикізат ретінде сұраныс мықты. Қытай медицина индустриясының мүйізге деген сұранысы жыл сайын 8 тоннаға дейін барады екен. Қазір көрші мемлекеттегі жинақталған қор 80 тонна көрінеді. Мұны зертхана қорытындысы көрсетіпті. Орылған шөпті киіктер жемейді. Олар шабылған шөпке қарағанда, өсіп тұрған шүйгін шөпті іздейді. Қауіптің алдын алудың тағы бір тәсілі — шөпті гербицидтермен залалсыздандырып, басқа шөп егу керек.

Қорытынды.

Қорыта айтқанда ақбөкенді аулауға мүлдем тыйым салса деймін. Ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кете берсе есепсіз қырудың салдарынан бұлардың саны өте азайып, мүлдемқұрып кетуі мүмкін.Ел арасында оларды атқан адам бақытсыздыққа ұшырайды деген сенім бар. Ақбөкен қаншалықты киелі екендігін кім білсін, бірақ өте ақылды және қандай табиғи ортада болмасын, тез бейімделіп кететін жануар екендігі анық.

Сондықтанда адамзатқа пайдалы болғандықтан ақбөкенді жоспарлы түрде аулап, арнайы терісін өңдейтін зауыттар ашып, мүйізін медицина саласында тиімді пайдаланса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы.

2.Интернет материалдары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *