Дені сау ұрпақ тәрбиелеу- басты мақсат,міндетіміз!


Нурсеитова Асел

№90 жалпы орта мектебінің бастауыш  сынып мұғалімі

                                                                                                                       

«Дені саудың-жаны сау» демекші,біз ұрпақ тәрбиесінде денсаулыққа көп көңіл бөлуіміз керек.Ең алдымен ана мен баланың өмірін қорғау,зиянды заттардан аулақ болу,салауатты өмір салтын қалыптастыру,айнала қоршаған ортаның тазалығы,күнделікті гигиена  тазалығын сақтауды біз оқушы бойына сіңіріп отыруымыз қажет.Ол мектепте ашық тәрбие сағаттарын өткізу арқылы,сыныптан тыс іс-шаралар,спорттық үйірмелердің жемісті жұмыстары арқылы жүзеге асып отырады.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «100 мектеп,100 аурухана» бағдарламасымен салынған жаңа тәй-тәй басқан мектептердің біріміз.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында, бастауыш сыныптар арасында «Шынықсаң шымыр боласың», «Тазалық -денсаулық кепілі», «Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі» т.б тақырыптарда ашық тәрбие сағаттары,іс-шаралар,отбасылық сайыстар жүргізіліп отырды.Мектепте  өтетін мұндай іс-шаралардың оқушыларға берер тәрбиесі өте көп. Саналы,дені сау ұрпақ тәрбиелеу-біздің басты міндетіміз.

«Салауатты өмір салтын сақтайық» атты эстафеталық отбасылар сайысы өткізілді.Басты мақсат-оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру,зиянды заттардан аулақ болуға тәрбиелеу,өз істері арқылы өзгелерге үлгі болуға,шыншыл,адал,әділ болуға т.б тәрбиелеу.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында  №90 жалпы орта мектебінде бастауыш сыныптар арасында ата-аналармен бірге ұйымдастырылған «Толағай» отбасылар сайысы  1-2сыныптар арасында болып өтті. Төрт топ «Шаңырақ»,»Босаға»,»Бүркіт»,»Қыран»  белсенді түрде қатысты.1-сынып жетекшілері Нурсейтова Асел,Рсмбетов Елдар жүргізіп сайысты қызықты етіп өткізді.Төрелігін айтар әділ қазылар алқасы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ибрагим Ботагөз,бастауыш сынып мүғалімдері,дене тәрбиесі мұғалімі Ешматов Шералы,ата-аналар комитетінің төрайымы Датқабекова Қанткүл әділ бағасын берді.Сайыс шарттары;футбол добын аяқпен теуіп жүгіру,баскетбол добын ұрып жүгіру,ракеткамен шарикті жоғары серпітіп алып жүгіру,шығыршықпен жугіру,қаппен секіру,жеміс-жидек жинау,білімді кенгуру,арқан тарту.«Дені саудың –жаны сау» деп тегін айтылмаған.Мектепте 1-4 сыныптар арасында спорттық жарыстар ата-аналардың қатысуымен өткізіліп тұрады.Осындай игі іс-шаралар жиі-жиі ұйымдастырылса дені сау,дене бітімі сымбатты, өнегелі өскелең ұрпақты тәрбиелеп шығар едік.Әрине,осындай игі бастамалар жалғасын табады деген үміттеміз.Мұндай сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың өмір танымын кеңейтеді,ұйымшылдыққа үйретеді,баланың дене құрылысы сымбатты болып жетіледі.Сонымен қатар,баланың бойында тапқырлық, шапшаңдық, белсенді түрде атсалысу,жауапкершілікті сезіне білу,ұйымдастыра білу т.б қасиеттер қалыптасады.Деннің саулығы күнделікті қарапайым жаттығу жұмыстарынан бастау алады.Мектебімізде таңертең 10-15минут оқушыларды жаттығу жасатып сабаққа жіберу,бала бойын сергітіп сабаққа деген құлшынысын арттыра түсетін дағды қалыптасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *