12 жылдық оқытуға көшу барысындағы 6 жастағы балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері


 Алиева Гаухар  Сагинбаевна
  Қарағанды қаласы №32 ЖББОМ мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі

Жаңа оқу бағдарламасының мазмұнын терең ұғындырып оқытуда, тиімді шешім қабылдауларына талап етумен қатар, 6 жастағы баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін білу және оқыту әдісі мен құралдарын тиімдірек меңгеру, жаңа 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қарсаңында ұстаздар алдына жауапты да салмақты міндет қойып отыр.

Ғалымдар, дәрігерлер мен ұстаздар 6 жастағы бала мектепте оқуы керек деген бір тұтас шешімге келді.

«Бұл балаларды қалай оқыту керек?» деген сұраққа ғалымдар мен ұстаздарды әлі күнге дейін ойлантып отыр.

Өйткені, 6 жастағы бала мен 7 жастағы баланың өзіндік психофизиологиялық ерекшеліктерінде үлкен айырмашылығы бар.

Олардың білімге деген құмарлықтары, ұстаздан өздеріне ерекше көңіл бөлуін, жас ерекшеліктерін тереңірек меңгеруін және де жаңаша оқыту үрдісін қолдануын талап етеді.

Мұндай балалармен жұмыс істеуді бастамас бұрын, ұстаз 6 жастағы баланың ерекшеліктерін, танымдық дүниесін толық қамтып, біліп алуы керек.

Бұл жастағы балалардың ойлау, қабылдау қабілеттері көрнекі құралдар арқылы тез қабылданады.

Оқыту әдісінің ең жоғарғы үлгісі және бастапқы әдісі – практикалық әдіс.

Сондықтан ұстаз қолданатын көрнекі құралдарын сабақ тақырыбына сай қолдануы керек, сондықтан ғана қойылған мақсатына жете алады.

Сабақ берудің тағы бір жағы, сабақтың түрлерін өзгертіп отыруыңда, өйткені 6 жастағы балалар бір көргенін, естерінен қайталап көрсе, қызығушылықтары азайып, жалығып кетеді.

Интерактивті тақтамен оқыту, топқа бөліп оқыту (топтағы балаларды айырбастап отыру) қос – қостап оқыту, бірін – бірі тексеру, өзін – өзі тексеру сабақтары.

Бұл ұстазға оқушылардың барлығын қамтып, олардың қызығушылықтарын арттыруға мақсатына жеткізетін әдіс.

6- жастағы баланы оқыту үшін, сабақтар қызықтырады да тартымды болуы керек, баланың білімділікке деген ынтасы нығайып, берілген тақырыпты терең ұғынып, оқуға ынталандырады.

Дидактикалық ойын  екі бөлімнен тұрады – танымдық және ойындық. Осы екі бөлімді  бір – бірінен айырмай, қосып оқыту балаға өте тиімді болады.  Сабақта ойынға көп көңіл бөлмей, оның тақырыппен тығыз байланысына, баланың қызығушылығына, әсеріне көңіл бөлу, ең басты мақсат. Ұстаз мақсатына қалай жететінін ойланып, шешіп келуге міндетті.

Қолданылатын ойындар сабақтың кіріспе бөлімінде, оқушылардың назарын аударуға қолданылса, негізгі бөлімінде қолданатын ойын өтілетін жаңа тақырыппен тығыз байланысты болып, жаңа тақырыпты оқушының тереңірек қабылдауына үлкен көмек болу жағын ұстаздың өзі терең ойланғаны дұрыс. Ал, сабақтың қортынды бөлігіндегі қолданатын ойын балалардың, алған білімін бекітуге тікелей қатысты болуы керек, қызықты да сюжетті ойындар.

Мұндай сабақтарда балалар шаршамай, қызығушылықпен берілген тапсырманы екі есе артық орындайды, өйткені     6 – жастағы балалардың мектепке дейінгі қабылдау қабілеті ойын арқылы тез қабылданады.  Көптеген ұстаздар арасында, 6 – жастағы  балаларды оқытуда әдістемені қарастыруы керек деп есептемейді. Өйткені бұл әдіс өзгермеген жағдайда сабақ 35 минут беріліп, арасында динамикалық сағат,  демалу ойындары өткізіледі, ал жұмыс күні бір жұмада 5 күндік болып қала береді.  Ал, баланың қабілеттілігі тек сейсенбі, сәрсенбі күндері ғана жоғары болса, бейсенбі мен жұма күндері төмендейді. Сол үшін де күнтізбені дұрыс тиімді құру керек.

Көптеген ұстаздар сабақ өтілу кезінде, сергіту сәтін ұмытып кетеді,  ал бұл сәтті бір рет ғана қолданып қоймай бірнеше рет қайталау қажет. Сергіту сәтінің 6 – жастағы балалар үшін маңыз өте зор. Тағы бір көңіл аударатын жағдай, сыныпта жабдықталған ойын бұрышы болуы керек, ондай ойыншық конструкторлар, ой – өрісін дамытатын ойындар, балалар тек демалып ғана қоймай, өздерін сабақ үстіндегі нормативтік тәртіп сақтаудан бойларын босатып, еркін ойнаулары қажет.

Бірінші апта балалар мектеппен, сонан соң оның ережелерімен танысуларына арналады. Балалар жаңа күн тәртібіне үйренеді, сұрақтарға жауап береді, өзгелерді тыңдай алады.  Мектепке үйрену кезеңі әр түрлі болады. Балабақшада болған балаға жеңілірек тиеді, ал үйде тәрбиеленген бала болса үйрену кезеңі ауырырақ болады.

Былайша айтқанда: 30 баланың 29,9% мектепке тез үйренеді, 1 оқушы дайын емес екендігін көрсетті. Бұл оқушымен осы мерзім ішінде психолог түзету сабақтарын өткізді.

6 – жастағы балалардың бір ерекшеліктері білімге деген қызығушылығында, бәрін біліп алғылары келіп тұрады, өте жоғары белсенділік көрсетеді. Психологтың айтуынша, 5 – 6 жастағы баланы үйрету, 7 – жастағыны үйретуден көп жеңіл.  Менің  бұған көзім анық жетті.

30 баланың 60 % мектепке келгенше оқу білмей келген, бірнеше бала  әріптерді түгелдей білмей келеді, 8 – бала  30 % буынға оқып келсе,  2 – бала 10 % өте жақсы оқып келеді.

І – ші жарты жылдықтың соңында барлық 30 – бала тез оқитын халге келді.

Нормадан жоғары – 15 бала 50 %

Норма бойынша – 10 бала 35 %

Нормадан төмен – 5 бала 15 %

Жазуға келгенде қиыншылығы туындады, өйткені 6 – жастағы баланың тілі де қол және саусақ көк еттері жетіле қоймайды.

Бірақ, әр баламен жеке жұмыс жүргізу барысында, жылдың  аяғында барлығы қаламды батыл ұстап, саусақтары калиграфиялық дұрыс жазуға жеткілікті қалыптасты.

Сонымен, 6 – жастағы баланы оқытудың нәтижесі бойынша, 6 – жастағы баланың танымдық мотивациясы мектепке дейін қалыптасады деген шешімге әкелді. Олар өздеріне сенімді барлығын біледі, өздерін өте жоғары бағалайды.

12 – жылдық оқытуға көшер қарсанында бастауыш сынып ұстаздарының алдында үлкен жауапты міндеттер – ұстаздардың ұйымдастыру жұмыстарында танымдылық мотивациясы барлық сабақтарда болуды талап етеді.

Сондықтан ұстаз 6 – жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмысына жаңалықтар әкелетін, балалардың қызығушылықтарын оятатын, педагогикалық шеберлігін жетілдіретін әдістеменің жаңа әдістерін қолдануы керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *