«Анашым-ана жаным»


Ельбисинова Сымбат Кокошевна

 Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебі» бастауыш сынып мұғалімі

Мақсаты: Аяулы аналарды мерекемен құттықтау; өнерлерін көрсету арқылы                                         өмірге шыңдай түсу; үлкендерді сыйлауға баулу

Ата-аналарға оқушылардың интерактивті тақтадан құттықтаулары көрсетіледі. Содан кейін оқушылар қошаметпен сыныпқа кіреді.

Жүргізушілер сынып оқушылары/Адильгазин А мен Кенжеқұлов Ә/

Алижан:Қош келдіңіздер, құрметті аналар, әжелер! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

Алишер: Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын! Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.!

Алижан: Той пердесін ашайық                       Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп,                        Ән маржанын ашайық.

Алишер:Бүгін Наурыздың сегізі, Сұлулықтың егізі.

Әдемі сөз анамның, Анаға айтар лебізі.

Ақерке: Аналарды теңейміз ғой құндызға

Күнге де, айға да, жұлдызға.

Өмір бақи анаменен

Бақытты ғой ұл-қыздар!!

Нұрәли: Әр сөзімді жаттаған, Жүрегінде сақтаған,

Анашым деп мақтанам, айналайын ақ анам!

Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен,   Құрметті асыл аналар!

Жанерке:Ақ анашым, аппағым,            Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,                                Арнадым саған бәрін де.

Шашымды өріп тараған,                        Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді                                 Сыйлайды оны бар адам.

Мансұр:Айналайын анашым,         Әлпештеген баласын,

Еміп өскен бөбекпіз,                         Анамыздың мамасын.

Ақ қабақты анашым,                         Күн сәулелі анашым.

Әлпештеген баласын,                       Айналайын анашым.
Алижан: -Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай … оқушыларымыздың орындауындағы «Анашым , ана жаным» әнін қабыл алыңыздар!

Әлишер: Шалқып, тасып әніміз                     Жадырасын жанымыз,

Ана, сізді құттықтап,                        Өлең айтады балаңыз

Алихан: Анам, анам, ақ анам    Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тілінді аламын                Жұмсағанда барамын

Айдана:Жүре берсем қасымда                Әйбат анам , ай анам

«Ботам» деген даусыңнан                         Мен мәз болып оянам.

Еркелесем күлімдейтін                            Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан сипап мені                         Құлыншағым күнім дейтін

Нұрасыл:Анамды мен жақсы көрем         Айтқан тілін алып жүрем

Қасымда апам жүргенде                                Шаттанып ойнап күлем

Ана- біздің күніміз                                        Ана -біздің гүліміз

Бізді ана қуантып                                           Ұзақ өмір сүріңіз!

Адал:Ұлым ұлым дейсің де       Ұрысумен ұстайсың

Күнім, күнім дейсің де                Үйде отыр деп қыстайсың

Жаным, жаным дейсің де             Шапалақтан аласың

Өкпелер ем өзіңе                           Әттең тәтті мамамсың!

Алижан: Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге» -деп ақын ағамыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

Би : «Қоңыр қаз»/ қыздардың орындауында/

Әлишер: Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтерген туған аналарымызға, тентектігімізді түсіне білген апаларға  алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең!

Асанали:Ана десем шешек ашып жанары,

Өмірімнің бастау алар ажары.

Ана деген тіршілікке пана боп,

Әрбір үйде жұлдыз болып жанады!

Бақдаулет:Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашан ана сізбен берекеміз.

Өтесек ақ сүтіңді  асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз!

Сая:Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Руслан:Еркелеткен біз үшін,                    Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді,                              Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс!

Ертас:Адал бол деп балдырған               Әділдікке баулыған

Жүрегінде мархабат                                   Жүрегінде махаббат

Анамызға мың алғыс!

Алижан: Аналарымыздың бізге әрдайым қызықты  ойын ойнататындары әлі де есімізде. Сол себепті бүгін біз сіздерді ойнатамыз. Ойын: Орындықтың артында нөмірі бар аналар көршісіне  пародия салады. Барынша сыпайы жақсы мінездерін салуға тырысу керек.!!!/1-4/

Әлишер: Аналарды құттықтау әлі де толастар емес…

Алижан: Ия,ия, тамашалайық

Яссин:Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні деуге  лайықсыздар!

Акерке: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.

Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.

Зор десек те сіздерді — лайықсыздар!

Айбын: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар!

Б Кәмила: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Әлишер: Осы менің ғана анам алтын ау деймін, а?

Алижан: Неге,  жоқ, менің де анам алтын!

Әлишер: Ендеше, тыңдап көрелік  кімнің анасы алтын екенін…

Ән «Сенің анаң алтын»/ұлдардың орындауында/
Алижан: Аналарға деген жылы лебізімізді жалғастырайық

Е Кәмила: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Бақытжан: Жарқын жузді жан анам       Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам                          Шаттык кетпес баладан!

Құрмет:Анамыздың мейірлі                     Жүзіне біз қараймыз.

Анамызды пейілді                                  Жомарт жанға балаймыз!

Жансұлу: Мен мұғалім анамның,                          Өнегесін аламын.

Ертең мен де анамдай.                           Оқытушы боламын.

Ертай: Мәпелейсің мені анам                           Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам                         Құшағыңда қысылмай!

Әлишер: Осы біз неге аналарымызға тірі гүл сыйламаймыз ?

Алижан: Тірі гүлдің ғұмыры қысқа. Бүгін сыйлайсың ,ертең қурап қалады, өкініштісі…естелікке ештеңе қалмайды.

Әлишер: Түсіндім, түсіндім..бөлмелері көп үйдің кілтіне тақсын деп

Алижан: Ақшасы көп сейфтің кілтіне тақсын деп,-мына бір әдемі брелокты сыйлаймыз,  аз да болса,  қабыл алыңыздар!!!

Слаид «От шашу»/Оқушылар аналарына сыйлайды/

Алижан: Осы, сен өлең шығарып көрдің бе?

Әлишер: Мен бе, жоқ, көрмедім.

Алижан: Онда біз сияқты жас қаламгердің өлеңін оқып көрелік, «болмасаң да ұқсап бақ» демекші..

Алижан: Ракмет сізге, ана! /баяу әуен ойнап тұрады/

Мені тастап кетпегеніңіз үшін     Жетім бала етпегеніңіз үшін

Тектілігіңізді жоғалтпай               Темекіні де шекпегеніңіз үшін

Нұрасыл:

Рақмет сізге, ана!                                Жаман жолға түспегеніңіз үшін

Адал еңбек істегеніңіз үшін              Балаларыңызды ойлап болашақ

Ұрпағыңыз  үшін үнемдеп                 Қымбат киім кимегеніңіз үшін

Алишер:

Рақмет сізге, ана!

Маған бәрін әпергеніңіз үшін, Мінезімді көтергеніңіз үшін

12 мүшемді сау қылып, Дүниеге әкелгеніңіз үшін

Адал:

Рақмет сізге, ана!

Кінәм болса кешіргеніңіз үшін, Ауыр бейнет көтергеніңіз үшін

Ауырмайтын аман-сау, Адам қылып өсіргеніңіз үшін

Бақдәулет:

Рақмет сізге, ана!

Сіздің әрбір жылағыныңыз үшін, Жоқтан барды құрағаныңыз үшін

Бақыты үшін балаңыздың, Барлығына шыдағаныңыз үшін

Нұрәли:

Рақмет сізге, ана!

Болашақ біздердің балаларымыздың атынан

Бұрынғы ата-бабамның атынан

7 миллиард адамның атынан

18 мың ғаламның атынан

Рақмет сізге, ана! /хормен/

Алижан: Сыныптағы жез таңдай әншімізді ортаға шақырмаймыз ба?

Әлишер: Мансұрдың орындауында «Ана туралы жыр» әні

Алижан: Барлымыз құттықтағанда, екінші анамыздай болып кеткен-сынып жетекшіміз үндемеді ғой…

Әлишер: Біз сөз берген жоқпыз ғой..

Алижан: Ендеше, ортаға Сымбат Кокошевнаны шақырамыз!

Ән: «Ана»/мұғалімнің орындауында/

Алижан: Осымен сіздерге арналған шағын концертіміз аяқталды

Әлишер: Қатеміз болса, кешіріңіздер, аз деп сөкпеңіздер. Бұдан да көбірек жасауға болар еді, әттең қолымыз бос емес, сабақ…дегендей.

Екеуі: Апаларымыз-аталарға

Аналарымыз-әкелерімізге

Апайларымыз-жезделерге,

Жеңгелеріміз-ағаларға

Қарындастарымыз-бауырларымызға,

сыныптас қыздарымыз- біздерге еркелеп жүре беріңіздер!

– Мереке тағы да құтты болсын!

Қош, сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *