Мен баламды білемін бе?


Дуйсенбаева Майра Бакытжановна

БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайының психологі

Мақсаты: ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты арттыру және баласының бойындағы мінез ерекшеліктерін қаншалықты айыра білетінін анықтау.

Нұсқау: экранда төрт түлік сурет беріледі, біреуін өзіңіз таңдап алыңыз. (мысық, маймыл, піл, қонжық)

Соңынан әр сурет бойынша мінездеме оқылып,ұсыныс беріледі.

«Мысық» балалар сезім әрекетіне бой алдырмайды. Жайдары және жарқын, белсенді келеді, бір нәрсеге көңіл аудара шұғылданады. Берілген тапсырманы уаытымен орындайды.Шуға көп көңіл бөлмейді. Айналасындағы балалармен тез қарым-қатынасқа тез түседі. Күн тәртібін сақтайды, уақытымен тамақтанғанды ұнатады. Егерде күн тәртібін сақтайды, уақытымен тамақтанғанды ұнатады. Егер күн тәртібі бұзылса көңіл-күйі де қош болмайды, тез ренжіп тәбеті мен ұйқысы қашады.

«Маймыл» балалар өте қозғалғыш, жігер шапшаңшыл.Шулы ойындарды жақсы көреді, ол кімге болса да үйренсек, үлкендерге өткір. Тез ашуланады, бірақ қайтымы шапшаң, зейіні тұрақсыздау. Сондықтан бір нәрсені бастан аяғына дейін істетемін деп жалықтырып алып жүрмеңіздер.

 

«Кішкентай піл» балалар баяу қозғалады, қыңырлыққа бейім, реніштері өте күйзеліспен қабылдайды. Нәзік жан, ішкі сезімін ешкімге білдірмейді. Өте жай   болғандықтан ата-анасының баласына деген көңілі толмайды.  Бірақ ол ата-ана көп қолайсыздық тудырмайды. Ол көбіне тыныш ойнағанды жақсы көреді. Сурет салғанды ұнатады.Көбіне мұндай балалар жай басып, биіктен көріне алады.

 «Қонжық» балалар өте нәзік айналасында болып жатқан нәрселерге көп көңіл бөледі. Өзге адамның көңіл-күйі бұл балаға тез әсер береді. Аз ғана көрінбейтін себеппен балаңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Егер мұндай баланы ештене алаңдатпаса , көңіл-күйі көтеріңкі болады. Үлкен адамдардың өзіне көңіл бөлгенін ұнатады. Тез шаршайды, топ ортасында өзін қолайсыз сезінеді. Өзімен өзі болғанды ұнатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *