Денсаулық. Дене шынықтыру. «Допты себетке лақтыру»

Рахметова Райгул Муратовна

БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайының дене шынықтыру нұсқаушысы 

Мақсаты: Балаларды дәлдікке, ептілікке баули отырып, физиологиялық дамуына қолайлы әсер ету. Жүгіру, секіру, етпеттеп жылжу сияқты негізгі қимылдарды жетілдіру. Ертегі желісі арқылы балаларды бауырмалдыққа, достық көмекке тәрбиелей отырып, қуанышты көңіл күй, сергектік сыйлау.
Қажетті құралдар: Балалар санына сай доптар, отырғыш,маскалар, шариктер, саңырауқұлақтар,ағаштар, үйшік т. б
Әдіс тәсілдер: Сюжетті қимылды ойын,

Мотивациялық қозғаушы:
Жаттықтырушы: Сап түзел тік тұр!Саламатсыздар ма, балалар? Қане, бәріміз бірге «спорт біздің досымыз» атты ұранымызды айтайықшы.

Балалар: Біз спортты сүйеміз! Ураааааа!
Айтқанды ойға түйеміз! Урааааа!
Шынығуда денеміз! Ураааааа!
Сүйікті дос, физкульт Ураааааа!
Қәзір бізде қандай оқу қызметі?
Жаттықтырушы: Жарайсыңдар! Біз бүгін «ертегілер еліне» саяхатқа шығамыз. Алдымен жұмбақ жасырайын, сол жұмбақтың жауабы біздің бүгінгі көлігіміз болады.
Сартылдайды табаны
Көрдім жүйрік арбаны
Балалар: Поезд
Жаттықтырушы: Дұрыс, ендеше саяхатқа поезбен шығамыз. Осы кезде радиодан             « тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! № 2 жүйрік поезд жүргелі тұр, поезға отырғызылу басталды!- деп хабарлайды. Балалар бірінің артына бірі иықтарынан ұстап, тізбектеле тұрыпжүреміз.. Балалар ағаштар арасымен ирелеңдей жүріп, жалғыз үйшіктің алдына келіп тоқтайды. Үйдің алдында ата мен әже мұңайып отырады. Балалар амандасып жөн сұрайды.
Атай: Жалғыз қызымыз Маша саңырауқұлақ пен алма  теруге кетіп, оралмады.
Жаттықтырушы: Ендеше біз сіздерге көмектесейік, солай ма, балалар? Балалар әрмен қарай жолға шығады.

n  Кең қадаммен адымдап жүру

n  Өкшемен жүру

n  Қос аяқпен секіру
Жаттықтырушы: Міне, көлге де кеп жеттің, аяқтарымызды сулап алмай кішкене көлшіктен  секіріп өтейік. (Мусор пакеті арқылы секіріп өту).
Жаттықтырушы: балалар, жел қатты екен, арқамен жүгіріп өтейік. Әрмен қарай тоқтаусыз жүгіру 20 – 25 cек.
Жаттықтырушы: Балалар, күн қандай салқын, жаттығу жасап жылынып алсақ қайтеді.
Жалпы жетілдіру жаттығуы:
1. «Отын шабу». Аяқ бірге, алақанды беттестіріп, қолды жоғары – төмен көтеріп – түсіру. 6 – 8 рет
2. «Отқа жылынамыз» Қолды бір біріне ысқылап, алға созу.
3. « Аяқтарды жылытамыз» Қол белде, аяқты кезекпен алға созу. Екі жаққа бес бестен.
4. « От шапағын жасаймыз» Жерге аяқты созып, бастарын түйістіріп отырып, тізені бүгіп, түсіру. 6 – 7рет.
5. «Міне жылындық» Бір орында секіру.
6. «Оты өшіру» Мұрынмен тыныс алып, ауызбен дем шығару. Тынысты реттеу.
Әрмен қарай жай жүгіру, жай жүру.

 

Іздену – ұйымдастырушы.
Алдарынан саңырауқұлақ кездеседі.
Жаттықтырушы: Саңырауқұлақ, сен Маша есімді қызды көрмедің бе?
Саңырауқұлақ: Алдымен мына өсіп тұрған саңырауқұлақтардың саны нешу, нешеуі улкен, нешеуі кіші екенін айтыңдар. Балалар саңырауқұлақтарды санайды, үлкен кішісін ажыратады, салыстырады.
Саңырауқұлақ; Ой, не деген ақылды балаларсыңдар. Мен Машаның қоңыр аюдың үйіне қарай бара жатқанын көргем. Міне былай қарай. Балалар әрмен қарай жүреді.
Жаттықтырушы; Балалар, аю өте қауіпті жануар. Сондықтан оның көзіне түспеу үшін, армен қарай етпеттеп жылжимыз. (төрт тағандап етпеттеп жылжу) Балалар аюдың үйіне келіп жетеді. Аю үйінің алдында ұйықтап жатады.
Жаттықтырушы: Ал балалар, мына қорбаңбайды таңып тастайық. Бір, екі, үш деп санағанда балалар аюға тап беріп, оны байлап тастайды.
Жаттықтырушы: сөйле қорбаңбай, Машаны қайда тығып қойдың?
Аю: жо – жоқ мен ешқандай Машаны көрген емеспін.
Жаттықтырушы: Балалар, мына қорбаңбайды жөнге салайық. Кәне, ана тастармен аюды жақсылап атқылаңдар.(доппен атқылау )
Негізгі қимыл: Допты себетке лақтыру. Балалар 2 – 3 метр қашықтықтан аюға доп лақтырады.
Аю: жарайды, жарайды, қойыңдар Машаны босатайын. Есіктің құлпын ашып Машаны шығарып алады.
Маша: рахмет сендерге, балалар! Атам мен әжеме арнап терген алмаларымды себетке жинауға көмектесіңдерші.Маша алма мен саңырауқұлақты қалдырып балаларға алғысын білдіріп тастап кетеді.
Негізгі қимыл: допты себетке лақтыру. Балалар кішкене доптарды дәлдеп себетке лақтырады.
Аю: балалар, Маша мені кешіріңдер, енді бұндай бұзықтық жасамаймын.
Жаттықтырушы: балалар, қорбаңбай оз қатесін түсінді. Оны кешіріп бір ойын ойнайық.

Қимылды ойын: Ұйқыдағы аю.

Ойын  шарты: Аю бетпердесін киіп отырғышта аю ұйықтап отырады .Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю кореді.Аю болса балалардың шуылынан оянып кетеді, балаларды қуа жөнеледі,Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғызып қояды,ойын қайта жалғаса береді.

Балалар аюмен қоштасып, ат жүрісімен бүлкілдей жүгіріп ата мен әжеге Машаны табыстырады.
Жаттықтырушы: Міне, балалар, бүгінгі ертегіміз сәтті аяқталды. Сендер бүгін жаттығып қана қоймай, үлкен жақсылық та жасадыңдар, жақсылық жасаудан ешқашан қашпаңдар. Спорт біздің сенімді серігіміз, осыны ұмытпаңдар. Бүгін сендер оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар.Маша көмектестіңдер Маша сендерге терген алмалары мен саңырауқұлақтарын тастап кетті.Сендерге топқа барғасын берем.

-Енді келген қонақтарға сау болыңыз айтамыз.

Ал, енді тобымызға тезірек оралу үшін ұшаққа отырайық. Балалар қолдарын екі жаққа созып, алыңды бір айналып ұшып, топқа оралады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.