«Еңсесі биік ұлы-Жеңіс!»


Ташанова Гулжан

БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі

Көрініс.

Ортада балалар ойнап , гүл теріп жүреді.Осы кезде соғыстың  басталғаны туралы  радиодан дауыс естіледі.

 

Радио дауысы:

Тыңдаңыздар,  тыңдаңыздар! Соғыс, соғыс басталды.  Неміс басқыншылары  тұтқиылдан шабуыл жасады.

Балалар жаман  хабарды естіп, залдан  шуласып шығып кетеді.(таспадан шулаған ,жылаған әйелдер мен балалардың  дауыстары естіліп тұрады).

 

Соғысқа аттануға дайындалған солдаттар музыка әуенімен сап түзеп, залға кіреді. Командир (тәрбиеші).

Командир: Жауға қарсы шығуға дайынсыңдар ма?

Солдаттар: Дайынбыз.

Командир: Ұран:

Отанды біз қорғаймыз

Жаудың алдың ораймыз.

 

Командир: Отан үшін алға!

Солдаттар: Ура! Ура! Ура!

Солдаттар саппен жүріп шығып кетеді.

Слайдтан соғыс көрнісі көрсетіп тұрады.

 

Радиодағы дауыс:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1945жыл 8 май совет армиясы неміс басқыншыларын кері  шегіндірді,  жауынгерлеріміз  елге оралады.

Анасы қуанып шығып кетеді.

 

Артынша балалар қуанып шармен кіреді.

 

Вальс биі биленеді.

 

Жүргізуші:

Талай жанды қиды ажал балтасы.

Жауды жеңіп қатты ауылға қаншасы

Біздің  мына бейбіт  өмір алансыз

Ел қорғаған батырлардың арқасы –деп  құрметті  қонақтар Ұлы Жеңіс  күні  құтты болсын. «Аққайын» отраңғы тобының  бүлдіршіндерінің дайындаған  «Еңсесі биік  ұлы- Жеңіс!» атты  ертеңгілігімізге қош келдіңіздер

 

Жігіт  жастан қан майданға  кеткенде

Сағындырдың көз ілдірмей көп түнде

Зарықтырған Жеңіс туым- Жауынгер

Байтақ елге аман есен  жеттін бе?

 

 Ән:  «Қазақстаным».

 

Жүргізуші:

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді ән болып

Жеңіс келді қалама

Келді ауылға сән көрік- деп кезекті бүлдіршіндеріміздің тақпақтарына  кезек берейік.

Анель:

Тоғызыншы  мамырда

Гүл қоям алау қабырға

Еске алып атамды

Үн тосамын дабырға

Аңсар:

Мир и дружба всем е\нужны

Мир важней всего на свете

На земле ,где нет войны,

Ночью спят спокойно дети.

М.Бекарыс:

Жеңіс деген жақсылықтың сыңары

Жігер менен құштарлықтың құралы

Күрескердің арманы мен ұраны

Қуаныш пен мерекенің бұлағы

Жігіт:

Тастар көкке атылды

Орман шулап тау құлап

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ.

С Бекарыс:

Жамылды жер тұманды

Өрт ішінде қалды бақ

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады жау бірақ

Қазбек:

Барша халық жеңіс күнін тойлайды

Жас сәбилер думандатып ойнайды

Ардагерлер көздеріне жас алып

Ұрпақтарының  амандығын ойлайды.

Ерболат:

Қазақтың қамы үшін

Жүрегі ауырған

Елімнің намысын

Қорғаған Бауыржан.

Райиан:

Ойлап –ойлап тұрдым көп

Сауал бердім білгім кеп:

Қуанышты мереке

Жеңіс күні қай күн?- деп

Нүрбол:

Халық легі куәсіндай елдіктің

Көптен бері осы күнді сағынған

Ардагерлер осында отыр ерліктің

Меделдарын ордендерін тағынған.

Айша:

Достық бізге тым ыстық

Бірлік байлық , ырыс –құт

Жарқырасын күніміз

Жаса жаса тыныштық.

Асылжан:

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын кеңге ашқан

Тілегіміз бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан.

Суайба:

Қосамыз біз өлеңге

Айтамыз біз ән қылып

Мәншүк әпке ерлігі

Ұмытылмас мәңгілік.

 

 

Жүүргізуші:

Атты бейбіт таң күліп

Әлия мен Мәншүкті

Ұмытпайды ел мәңгілік-деп кезекті  биге береміз.

Би: «Смугянка».

Жүргізуші:

Жеңіс келді  артта қалды зор қайғы

Адам асыл арманды алға жолдайды

Бейбіт күнін аталардың әкелген

Бүгін міне ұрпақтары жолдайды.

 

Кезекті әсем әнге береміз.

 

                                    Ән: Байтақ елім.

Жүргізуші:Кезекті бүлдіршіндеріміздің өлең  шумақтырына кезек берейік.

 

Нұртілеу:

Алия Мәншүк апамыз

Бауыржандай атамыз

Фашистерден Отанды

Қорғап батыр атанды

Гауһар:

Тыныштық тулары

Биікке самғасын

Тыныштық ұраны

Қиырды шарласын.

Назерке:

Алияны бүл күнде

Барлық бала біледі

Алия аты көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Аяулым:

Біз еліктеп өсетін

Батырларын кім десе

Алия Мәншүк апкеміз

Бауыржан біздің атамыз.

Сезім:

Жау жеңілді ақыры

Атты бейбіт таң күліп

Жиырма сегіз батырды

Ұмытпайды ел мәңгілік

Нұрдәулет:

От аспанды қулаған

Туған жерім бір болып

Жау алдында тұрды олар

Жиырма сегіз мың болып

Мирас:

Барлық елдің бөбегі

Бір- біріне туысқан

Бәрімізге төгеді

Өз шуағын күліп таң.

Малика:

Біз -Отанның бақытты баласымыз

Арманы мен ақыл ой санасымыз

Біз –Отанныңбақытты баласымы

Аялаған орман тау даласымыз.

Ернұр:

Біз Отанның бақытты баласымыз

Ертең-елдің қорғаныпанасымыз

Біз –Отанның бақытты баласымыз

Ағы менен көзінңі қарасымыз.

Еркеназ:

Егінді тың жеріміз

Еркін қазақ еліміз

Құрметтейміз достықты

Досқа дайын төріміз.

Алмас:

Майский праздник-

День Победы

Отмечает вся страна

Надевают наши деды

Боеые ордена.

Алихан:

Жеңіс ,жеңіс естіледі жалынды

Жеңіс жеңіс  қоңыраулар қағылды

Күн парақтар қып- қызыл боп ашылды

Жеңіс келген  тоғызыншы мамырды

 

Жүргізуші:

Ақ көгершін көгершін

Қол қанат құс сен едім

Бар кезіп қайт ол үшін

Кең  дүниенің көлемін

Әділеттің құсы деп

Көз алмастан   жолынан

Бақыт болып қоншы деп

Ұшырамын  қолымнан- деп кезекті биге береміз.

 

Би : « Көгершін».

Жүргізуші:

Сұм соғыс  қайтып болмасын.

Бәйшешектер солмасын

Еліміз бейбіт күн кешіп

Бір алла өзі қолдасын

Бірлікпен күн кешіп

Бейбітшілік орнасын-  осымен  9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.Заманымыз тыныш

аспанымыз ашық болсын.

Сау саламат болыңыздар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *